Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«… Омаров Уәлихан, Сүлеев Біләл, Ысқақов Даниял түрмеден босатылсын. (Қолы



бет134/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   242
«… Омаров Уәлихан, Сүлеев Біләл, Ысқақов Даниял түрмеден босатылсын. (Қолы)», – деген Қаулы қабылдауға мәжбүр болады.

Құрығына түскенді құтқармайтын кәнігі тергеушілер Қаулының соңына: «Бақылауға алынсын», – деген бұрыштама қойып, оған жеңіл ғана «қарғыбау тағып» қоя берген.

Құпия бақылау мекемесіне берілген бұл нұсқау, яғни «Бальзактың шегірен былғарысы» 1938 жылы тұзаққа айналды. Даниал Ысқақов Алматыда ұсталып, жазаға тартылды. Қосымша әфсаналық деректерге қарағанда Даниал Ысқақов атылмаған, 1945 жылы айдауда жүріп дүниеден қайтқан-мыс. Ұрпақтарының шежіресінде де солай көрсетілген. Оған өжет мінезді, өткір тілді, Кәкітайдың кіші әйелі Бибі азапты жылдары бауырына басып, «кекшіл, өкпешіл, қайдағы-жайдағы әңгімені құлағына құйып алатын, өкпе-назды кеудесіне ұялатқан», зайырлы ұстаз Мінәш Әрхамқызы Ысқақованың естелігіндегі Даниалды бауырына басқан Бибі апаға Мұхтар Әуезов айтқан бір сөздің астары негіз болған. Түрмеден босаған соң да Мұхтар мен Даниалдың арасы ажырамаған.

Мінәш Әрхамқызы: «1935 жылы анам Сақыпжамал қайтыс болып, әкем екеуміз Алматыдағы Дәку (Даниал) ағаның үйіне келдік. Сонда Мұхтар аға Дәку ағамен қазіргі Құрманғазы көшесінде қарсы есіктес көрші тұрды. Астанаға келген соң мен ондағы 12-ші мектепте оқыдым. Дәку ағалардың үйіне барғанда Мұхтар аға екеуінің қатар жүріп, қатар отырғанын жиі көргендіктен болар, мен ол кісілердің алдында еркін жүріп, еркін сөйлейтінмін. Дәку аға өте бауырмал, балажан адам еді. Мені "жетім" деп аялай ма, әйтеуір ерекше жақсы көруші еді.



Сол кезде Дәку ағаның үйі толған жетім балалар еді. Шағатай, Шыңғыстай, Саида, Зәкен, өзінің Динар, Роза, Марат атты балалары ұзын ас столында қаздай тізіліп отыратын едік. Әйелі Мүкарамма шешеміз біріміздің шекемізден шертпей тамақтандыратын. Қазан қаласының университетін бітірген, ұлты башқұр болуға тиіс, өзінің ұлт тілін сындырмай, ас ішкенде асықпай, сөйлемей, қасық, шанышқыны дұрыс ұстап отыруға көңіл бөліп: «Аш ішкәнә шашмағыз, бойығызға сіңім, қолығыңызды жуығыз», т.б. деп түсіндіріп, тәрбиелеген, көркіне санасы, мәдениеті жарасқан, өте сабырлы, иман жүзді, дауысын көтеріп сөйлемейтін, қоңыр үнді, ақылды ана еді. Ашық күнде жай түсіп, Дәку аға тұтқындалды, өзін тергеу орыны шақырып, жер аударды. Далада иесіз қалған үш баласын Ташкентте тұратын апасы Мәрзия азар жинап әкетіпті. Талай қорлық, зорлық көрсе де қажырлықпен үш баласына жоғары білім әперді. Динар, Роза Алматыда оқыды. Марат Москвадағы Ломоносов атындағы университетті бітірген. Математика ғылымының кандидаты. Қазір бәрі де зейнеткер, Алматыда тұрады. Мүкәрәмма, Мәрзия апайлар Ташкентте тұрып, ұзақ жасап қайтыс болды...

Содан... 1945 жылы Абай атамыздың 100 жылдық тойы халықтың бір қуанышты, бір қайғылы кезеңінде өтті. Себебі үйінен соғысқа аттанған 2-3 азаматының бірде-бірі тірі оралмай, жерге қарап қалған шаңырақтағылар да, майданнан жарымжан болса да тірі оралғанына тәубә еткен отбасылар да көп болатын. Соған қарамастан бүкіл ел Абайдай дана бабасының тойынан рухтанғандай, бойларына күш алып, қаяу көңілдері көтеріліп серпілгендей еді. Осы тойға әжем Бибі Павлодардан арнайы шақырылды. Ол кезде әкем Қасқабұлақта тұрғандықтан, үлкен апам аудан орталығындағы менің үйіме түсті. Атам Оразмағанбет пен енем Үмітай әжемді құшақ жая, жылап, көрісіп қарсы алды. Анық білетінім, біздің үй – мен келін боп түскен осы Байзақ би баба шаңырағымен бұрын да құдандалы, сыйлас адамдар екен. Әжем ескілік салтты өте қатаң сақтайтын, иманжүзді адам еді. Ол кісі өте жақын болмаса да кісі аттарын тергеп, Құнанды (Күземе), Торғайды (шырылдауық), Топайды (асық атты) деп күлкіге батыратын. Бұл жолы да сол салтын сақтап, төрге салынған көрпеге жетелеген енеме: "Би атамның төріне шығып, алжыды деп ойлайсыңдар ма?", деп ортадағы төсекке арқасын сүйеп отырды.

Өткен күндердегі қуаныш, өкініштерін айтысып, бірде жылап, бірде күлісіп жатқан мезетте үйге дауыстап сәлем беріп, Балташ аға (Балтақай Толғанбаев) мен әкем және Мұхтар аға кіріп келді. Мұхтар аға кірген бетте жіті басып, төсек жанында отырған әжемді: "Кіші апа!" деп құшақтай алды. Әжем сәл таңырқап: "Жаным-ау, Мұхтарсың ба?" деп маңдайынан сүйді де: "Мұхтар-ау, Дәкуім қайда, Дәкуім?", деп зарлап жылап қоя берді. Оқыс оқиғадан ұялып калған мен: "Әже, әже қойыңыз",– деп айырайын десем, Мұхтар ағаның да көзінен ыстық жас моншақтап тұр екен. Мен кері қарай серпілдім. Осы кезде әкем таяп келіп: "Жеңеше, сабыр етіңіз. Мұхтардың ортамызда тірі жүргеніне тәубе дейік. Абай атасының 100 жылдық тойын тойлатып, тоз-тоз боп кеткен ұрпақтарын жан-жақтан жинатып, бастарыңызды қосып жатқан, міне, осы Мұхтар. Басқаның қолынан бұл іс келмес еді", деді. "Мұхтардың тіршілігі", дегенде әжем дауысын көтеріп: "Мен Мұхтарға неге тірі жүрсің деп отырмын ба? Тел қозыдай қатар жүретін сыңарың Дәкуім қайда деп сұрап отырмын ғой", - деп алып: "Момыным-ау, ақкөңіл, ақботам, аңқауым Дәкуім-ау", деп тағы боздай жөнелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет