Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет131/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   242
«Қазақстандағы бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың төтенше өкiлеттiгiнiң жанындағы үштiктiң мәжiлiсiнiң № III/к мәжiлiс – хатының 1932 жылғы 20 көкек күнгі хаттамасы бойынша:

«Тыңдалды: № 2370 – iс бойынша: Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелдi, Досмұхамедов Жаhаншаны қылмыс кодексiнiң 58/10, 57/7, 58/11 және 58/3 – статьялары бойынша; … Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3 – статьялары бойынша; … жауапқа тартты.

Шешiм: 1.Тынышбаев Мұхамеджанды. … 12. Ақбаев Жақыпты … – бес жыл мерзiмге концлагерьге жiберуге, оны сонша мерзiмге жер аударумен ауыстыруға... шешiм қабылдады», – деген үкім шығарылды.

Ол өзге де алашордашылармен бірге Воронеж қаласына жер аударылды. 1934 жылы 4 шілде күні сонда дүниеден қайтты. Соңында Кәмілмұрат, Кәмілшат, Арғуния, Наймания, Аспазия, Андромеда атты ұл-қыздары қалып, үрімді-бұтақты із қалдырды.

3.Даниал Ысқақов

«Алашордашылардың» тергеу ісіне тартылған екінші топтың соңына ала «Біләл Сүлеевтің, Даниал Ысқақовтың, Әбдірахман Мұңайтпасовтың және басқалардың» үстінен №2370 тергеу ісі (кейінгі қайта тіркеу бойынша №06610 іс) жүргізіліп, олардың жауаптары ІІІ томға тіркелген. Бұл азаматтарға нақты айып тағылмаған, тек көрсетінділерде аты аталғаны үшін ғана тергеуге тартылған. Олардан алынған сұрақ-жауаптар да бір-екі протоколдан аспайды. Оларды айыптылардан гөрі куәлардың қатарына жатқызуға болады. Солардың бірі – Даниал Кәкітайұлы Ысқақов.



«1931 жылдың 14 сәуірі. Алматы. ПП ОГПУ-дің 3 ерекше бөлімінің өкілі подполковник Лаптев осы күні тергеуге түскен №23-70 іс бойынша «Тынышбаев Мұхамеджанға және басқаларға ҚІК 58-7, 58-11, 59-3 баптар бойынша айып тағылғандармен» байланысы жөнінде жеткілікті айғақтар болғандықтан да Даниал Ысқақовты тұтқындау туралы қаулы қабылдады. Семей губерниясынан шыққан, 33 жаста, Ташкент қаласының тұрғыны, партияда жоқ, жоғары білімді, Орта Азия ауыл шаруашылығы институтының жанындағы рабфактің оқытушысы, үйленген, бұрын сотталмаған, жауапқа тартылмаған. Қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысқан, солармен бірге ұлтшылдық идеясын насихаттаған және тұрғындарды кеңес өкіметінің шараларына қарсы үгіттеген. ҚК-нің 12-8 баптарына сәйкес Даниал Ысқақовты №3470 істе көрсетілген ҚК-нің 58-10, 58-11 баптары бойынша жауапқа тартуға қаулы етілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет