Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Сол сәтте Мұхтар аға орындықтан қайта көтеріліп: "Кіші апа-ау, Дәку тірі ғой, тірі. Бір сәуле, бір үміт бар, аз күнгі бейнеті болар"



бет135/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   242
Сол сәтте Мұхтар аға орындықтан қайта көтеріліп: "Кіші апа-ау, Дәку тірі ғой, тірі. Бір сәуле, бір үміт бар, аз күнгі бейнеті болар", деп әжемді қайта құшақтады. Әжем жылауын тез тиып: "Аузыңа май құлыным, қапаста қамыққан қарақтарым-ай, бейнеті ештеме етпес, құдай-ау тірі көрсете гөр...", деп Мұхтар ағаны құшағына алғанша, ол кісінің сағынышы мен жастық шақтағы ана көкірегін аңсағанынан ба, аузын толтыра: "Кіші апа-ау, Кіші апа",деп маңдайын әжемнің кеудесіне төсеп еркелегендей болғанда Балташ аға әзілдеп: "Мұхтар, бізге де бірдеңе қалдыр, Бибі әже біздің де анамыз ғой", - дегенде үйдегілер ду күліп, көңілсіздік серпіліп, көңіл орнығып қалып еді.

Әжем Кәкітай атамның екінші әйелі болған. Осыған орай ағайындарымыз ол кісіні "Кіші апа" атандырған. Дәку аға осы әжемнің бауырындағы меншігі екен. Семейге жиі қатынап, барлық қажеттерін өтеп, еркелетіп өзі тәрбиелепті. Әрине, әжемнің сол қамқорлығынан Мұхтар аға да құр қалмағаны анық»,– деп еске алады (сонда, 200-203беттер).

Ұрпақ арасындағы тылсым құпияларды тарқату әдепсіздік болар. Дегенмен де Мінәш апайдың: «Мұхтар ағаны, туған ағамыз екен деген әсер менің санамда 1942 жылға дейін өзгермеді» және «Мұхтар аға орындықтан қайта көтеріліп: "Кіші апа-ау, Дәку тірі ғой, тірі. Бір сәуле, бір үміт бар, аз күнгі бейнеті болар",– деген сөздердің астарында тағдырлы тұспал жатқанын ескерте кетеміз.

Кеңгірбай бидің батасымен Ырғызбайдың тұсында «шынжыр балақ, шұбар төстік» қонған, тағы да сол батаның жорымы бойынша: «Тоғыз ата болғанда, тоз-тозала болмақпыз», – деген Әубәкір Құнанбаевтың «Елімен қоштасуындағы» аян шындыққа айналды. Ырғызбайдың, Құнанбайдың, оның ішінде Абайдың тұқымдары тоғызыншы буында «тоз-тозала болды». Соның бірі – Даниал Кәкітайұлы Ысқақовтың алаш идеясы жолындағы кешкен тауқыметі осындай.

4.Қошке Кемеңгеров

Тергеуге тартылып, бірақ сұрақ астына аз алынған, көрсетінділері де шағын алаш азаматының бірі – Қошке Кемеңгеров. Мұның басты себебі: жалпы тергеу ісі аяқталып қалған, алдыңғы топтағылардың істері Мәскеуге жіберіліп қойған. Кейбір адамдардың қылмысты істері дәлелденбегендіктен де ол жақтан тергеу істері кері қайтарылып жатқан. Тергеу барысына осы жайт та әсер етсе керек.

Анкеталық анықтама: Қошке (Қошмұхамед) Кемеңгеров – 1896 жылы 15 шілде күні туған. Омбы ветеринарлық-фельдшерлік мектебінің екі класын бітірген, Омбы ауыл шаруашылығы училищесін тәмәмдаған, Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетінде оқыған, аспирантураға түскен. Қазақ тұрмысы туралы көркем шығармалардың, көсемсөздердің, тарихи зерттеулердің авторы. Тұңғыш қазақ драма театрының сахнасы 1926 жылы 11 қаңтарда Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина» атты пьесасымен ашылған.

Әдебиеттің ұлттық сипаты мен таптық ұстанымы туралы баспасөзде Қ.Кемеңгеровтің «Көркем әдебиет туралы» ( «Еңбекші қазақ», 1926 жылғы 1 желтоқсан), «Сәбитпен айтысты доғардым» («Еңбекші қазақ», 1927 жыл, 30 қаңтар) атты мақалалары жарияланды. Ол Сәбит Мұқановтың «Көркем әдебиет туралы» («Еңбекші қазақ», 1926,14-15 қазан), «Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірлерім» атты мақалаларына пікір қосу ретінде жазылып, «Қызыл Қазақстан» журналының 1927 жылғы №2 санында жарияланды. Содан кейін тұңғыш рет араб қарпінен крилл қарпіне қотарылып, Т.Жұртбай құрастырған «Алаш ақиықтары» атты жинақта басылым көрді.

Оған осы мақаласы үшін:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет