Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«14/Х – жүргізілген тергеудегі айыпталушы Иса Қашқынбаевтің қосымша көрсетіндісі. Жауап алған ОО ПП ОГПУ-дің бастығының көмекшісі Волохов (І том, 420



бет82/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   242
«14/Х – жүргізілген тергеудегі айыпталушы Иса Қашқынбаевтің қосымша көрсетіндісі. Жауап алған ОО ПП ОГПУ-дің бастығының көмекшісі Волохов (І том, 420-422 беттер).

«1). Ұйымның құрылуы. Ұйымды құруға сыртқы интервенциялық күштердің басып кіру қаупінің төніп келе жатуы, сөйтіп, Ресейдің аудан-ауданға бөлшектеніп кетуінің мүмкіндігі ықпал жасады. Ресеймен қоса қазақ ұлты да бөлшектеніп кетпеуі үшін және орыстың қанауынан құтылу үшін, Батыс Еуропаның алдында қазақ халқының өкілдігі бар екендігін көрсету үшін ұйым құру қажеттігі туды. Орыстың құлдығынан құтылып, тәуелсіз өмір сүргіміз келді. Біздің бұл тілегіміз интервенттердің де мүддесінен шығады, сөйтіп, бізді азат етеді – деп үміттендік. Мәжілісті кімнің шақырғаны есімде жоқ. Жаңылыспасам, бірінші мәжіліс Дулатовтың бөлмесінде өтті. Сонда жиналғандар ұйым құру туралы ұйғарымға келді.

2).Саяси орталығы туралы. Түркістандағы ұйымда саяси және ұйымдастыру құрылымдары болған жоқ. Орталығы – Орынбор бола ма, жоқ, Ташкент бола ма, ол мәселе ашық қалды. Ташкенттегі ұйымға: Әділев, Жәленов, Битілеуов, Бірімжанов, Ж.Досмұхамдов, Х.Досмұхамедов, Болғамбаев, Есполов, Қашқынбаев, Тынышбаев, Ахмед-сафа (фамилиясы есімде жоқ), Уәлихан Омаров, Әшім Омаров мүше боп кірді. Орынбордағы ұйымның толық құрамын білмеймін, бірақ өзгелерден естуімше Байтұрсынов, Дулатов (қоныс аударған), Сәдуақасов, Елдес Омаров бар көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет