Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


) Зерттеудiң қорытындысына пікір



бет85/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   242
2) Зерттеудқорытындысына пікір

Егерде, Қазақстанды ешкiммен еншiлеспеген дербес мемлекет деп қараса, онда жерге қоныстандыру шарасы тұрғындардың еркiмен өз-өзiнен шешiмiн тапқан болар едi. Ал қазiр қоныстандыру табиғи түрде емес, басы артық жерді анықтап, оған қоныстандыру саясаты – отарлау мақсатында жүргiзiлiп жатқандықтан да, шаруашылық салалары отаршылдықтың қасiреттi қамытын кимес үшiн шұғыл шара қолдануға мәжбүр етедi. Бұл шаралардың негiзгi бағыты – жергiлiктi тұрғындардың шаруашылық тәсiлiнiң өзгеруiне орай үйлестiру және оны жер бөлiсi тұсында тиiмдi пайдалануға шерiк құрылуы тиiс.

Бүкiл республика көлемiнде жаппай жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк қоныстандыру науқаны жан-жақты зерттелiп, анықталған ғылыми тұжырымға негiзделуi қажет. Әр аймақтың экономикалық ерекшелiгiн, жалпы құрылымын, экономикалық бағытын зерттеп барып, 1921-1922 жылдары Жетiсу губерниясында жүргiзiлген Жер-су реформасының үлгiсiмен шешiм қабылдаған дұрыс болмақ».

Ташкент қаласында, Түркiстан Атқару комитетiнде, ауыл шаруашылығы факультетiнiң үйiнде өткен Жер мәселесi жөнiндегi ұйымның мәжiлiсiне Досмұхамедов, Тынышбаев, тағы да басқа адамдар қатысып, жоғарыдағыдай көзқарас бiлдiрген және Жер реформасын жүргiзетiн өкiлдiктiң құрамына өз адамдарын кiргiзудi ұйғарған (№ 5417 – iс, Тынышбаевтің жауабы, № 2370-iс, 275-бет)».

Бұл мәселе М.Тынышбаевқа қатысты бөлімде кеңінен талданғандықтан да талдау жасап жатпаймыз.

И.Қашқынбаев (жалғасы): «Мен болған жайдың бәрін мойындадым. Ол менің бауырым болғандықтан да не істерімді білмеймін.

М.Мұрзин: Мынадай тәртіпті ұстану керек. Ешқашанда, ешнәрсені мойындамау керек. Егер де жан-жағыңнан қысымға алса, онда үндеме, әйтеуір мойындай көрме. Сіздің тәжірибеңіз аз адам екенсіз. Ешқашанда тергеушілердің сөзіне сенбеңіз. Егер де олар нақты айғақ бар десе, онда құжатты көрсетуін талап етіңіз. Алайда тергеушілер көрсеткен айғаққа сенбеңіз. Бұл олардың тақыстанған тәсілі. Бетпе-бет мойындасуға шақырса да бәрібір мойындамаңыз. Мен өзім бетпе-бет мойындасу кезіндегі барлық айғақтарды жоққа шығардым.

И.Қашқынбаев: (бұл арада тыңшы Қашқынбаевтың сөзін мазмұндап беріп отыр) Нақты айғақты мойындамау керектігіне (Қашқынбаев) қарсы шықты. Бұл – ГПУ-дің сенің сөзіңе сенімсіздік тудыруы мүмкін,– деді.

М.Мұрзин: Сенімен жігітше сөйлескенде ғана ер жігітке сай мінезді көрсету керек. Адамның жеке басын қорлап, қысым көрсетіп отырған қазіргі жағдайда парасатты көріну нағыз Дон – Кихоттық, ақымақтық. Жалпы кез-келген қысымға шыдай білу керек және өзгеге кінә артпауға тырысу қажет. Ең бастысы, ешкімді шырғалаңға тартпаған жөн. Менің негізгі ұстанған тәртібім – үшінші бір адамның атын атамаймын, тіпті достарыммен отырғандағы әңгімеге де ешкімді араластырмаймын.

Тағы да Мұрзиннің айтқаны (Тыңшының жазғаны – Т.Ж.): Сіздердің ұйымдарыңыз бар екенін баяғыда-ақ білген, бірақ та ол кезде қозғамаған. Әуелі бірінші топты, содан кейін екінші топты іріктеп тұтқындаған. Енді үшінші топтың да тізімін жасауы мүмкін. Мұның барлығы сыртқы дүниеге (немқұрайлы адамдарға) қыр көрсетіп: ГПУ тергеушілері тергеу барысында жаңа астыртын ұйымды әшкереледі, – дегенге сендіру үшін жасалып отыр. Ал тұтқындалғандардың барлығын айыпты етіп, мәселесін шешіп қойған. Олар тергеуді тұтқындағаннан кейін емес, тұтқындағанға дейін жүргізеді. Сіздер астыртын ұйым құрды – дегені жай сылтау ғана, мәселе басқада. Орталық комитеттің былтырғы қаулысында ұлттық интеллигенциямен күресу туралы шешім қабылданған болатын. Бұған не себеп болды, мен білмеймін. Бірақ та біздің тұтқындалуымыз сол қаулыны жүзеге асырудың нәтижесі екені анық».

Шірікін, жігітім-ақ! Әр сөзі шындық. Көзімен көріп, жүрегімен сезіп, ақылымен біліп отыр. Әттең, осындай жігіттердің кәдімгі өмірде аяғына оратылған шырмауықтардың кездесетіні өкінішті. Мұны айтып отырған себебіміз: «Әй, ант атқан, ант атқан, осал жерін жігіттің, қалай дәл тапқан!», - деп Қадыр ақын айтқандай, сұғанақ тергеушілер Мұхтар Мұрзиннің де осал жерін дәл тауыпты. Осы істің І томының 638-бетінде «Власова Алисаның 1931 жылғы 5 қыркүйек күні берген жауабының хаттамасы» тіркелген. Бұл тосын хаттаманы тағдырдың мазағы десе де болады. Мұхтар Мұрзиннің інісі, айыпталушы Әзиз Мұрзиннің орыс әйелі Алиса өзінің күйеуінің және қайынағасының үстінен арыз жазған. «Қатын өсекті» сөз арасына іліктіріп отырғанымыздың себебі, қалайда қаралау үшін некелі әйелін күйеуіне қарсы арандатқан тергеу жүйесінің аярлығына мысал келтіре кету.



Алиса Власова: «Әзиз Мұрзинді мен 1920 жылдан білемін. Сонымен қатар оның туған ағасы Мұхтар Мұрзинді және оның жақын таныстары Сәдуақасов Смағұлды, Бөкейханов Әлиханды, Байтасов Абдолланы, Сұлтанбеков Жағыпарды, Досмұхамедов Жаһаншаны, Шылалов (–?) Мыңайдарды, Басалов Айдарбекті, Телхожин Зейнолланы, Ермеков Әлімханды жақсы білемін. Бұл адамдардың барлығы менің күйеуім Мұрзинмен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол бұлардың үй іштерін де жақсы көретін. Сондай-ақ Әзиз Мұрзиннің болашақ әйелі Жантөрина Зайрамен де таныспын. Жоғарыда айтылған таныстары мен достары оның отбасымен үнемі араласып тұратын.

1922 жылы Смағұл Сәдуақасов Қостанайға келіп Әзиз Мұрзинді өз жағына тартты. Ол кезде Мұрзин Қостанай губерниялық атқару комитетінің төрағасы болатын. Олар байлармен ауыз жаласып, оларға көмектесті. Қазақ қызметкерлері Мұрзинің маған, яғни, орыс әйеліне үйленгеніне қарсы болды. Сондай-ақ Сәдуақасов Смағұл мен Мұрзин Мұхтар да жақтырмайтын. Қазақтың таза қаны орыспен араласқаннан кейін дүбара тұқым туады – дейтін. Олардың дегеніне көнген Мұрзин мені тастап кетті де, Балғымбаевтің қызына үйленді. 1927 жылы маған Мұрзин былай деп айтты: 1922 жылы Смағұл Сәдуақасовтың Орынбордағы пәтеріне оның сыбайлас достары жиналды, ағайынды Мұрзиндер де соның ішінде болды. «Кеңес өкіметіне қарсы күресеміз, бір-бірімізге адал боламыз», - деп ант сөзін жазыпты. Бұл антты бәрі түрегеп тұрып тыңдап, төс қағыстырыпты. Ол мәжілістің мазмұнын білмеймін. Алай да Әзиз Мұрзин маған: «Мұны өкімет мекемелері біліп қойса, біздің көрешегімізді көрсетеді»,– деді.

Мұрзин Әзиз 1923 жылы Сәдуақасовпен және «ұлтшылдармен» байланысы үшін Компартия қатарынан шығарылды... Шәкеннің (–?) .... көмегімен Москвадағы құрылыс жөніндегі қазақ өкілі болып қызметке орналасты. Москвада ол Бөкейханов пен Мұңайтпасовты төңіректеп жүрді. Сол кезде маған Әзиз Мұрзин: «1920-жылдардың басында Ташкентте кеңес өкіметін құлату үшін қазақтардың жасырын ұйымы құрылды»,– деп айтты. Сол ұйымның мүшесі ретінде Мұңайтпасовқа қару беріп, Қожановты өзінің пәтерінде атып өлтіруді тапсырды. Мұңайтпасов Қожановтың әйелінің бауыры болатын. Қарындасы мен жиендерінен айырылып қалмас үшін ол бұл тапсырманы орындамады. Тіпті бұл туралы Қожановтың өзіне де айтып қойыпты. Бұл оның алдындағы өзінің кінәсін жуғысы келгені болса керек. Мұңайтпасов бас тартқан бұл жұмыс ұйымның басқа мүшесіне тапсырылыпты. Оның аты-жөні есімде қалмапты.

Москвада тұрғанда Мұрзин Бөкейхановты үйге жиі шақырды. Сәдуақасов үшеуі мені бөлмеден шығарып жіберіп, оңаша әңгімелесетін. Олардың қандай да бір өзара құпия әңгімесі болатын. Кей кезде Мұрзин Әзиз іссапармен келген ағасы Мұхтар Мұрзинге жолығу үшін қонақ үйге кетіп қалатын да, оңаша әңгімелесетін. Менің сұрақтарыма әдеттегідей жалтара жауап беретін. Әзиз Мұрзин Әлихан Бөкейхановпен кездескен кезде есі шығып кететін, мұндай жақындық еркектердің арасында өте сирек кездеседі. Ал Бөкейханов маған: «Мұрзинді туған ұлымдай жақсы көремін», – дейтін. 1929 жылы Мұрзин Моквадан кетерде Бөкейханов онымен қимай қоштасты, көзіне жас алды. Онымен қоймай олар әлде не туралы қазақша сыбырласып сөйлесті. Ол кезде Москвада Байтұрсыновтың және басқа да адамдардың тұтқындалғаны туралы хабар белгілі болатын. Бөкейханов пен Мұрзин, Мұрзин мен Мұңайтпасовтар ол жөнінде жиі әңгімелесетін. Мен Москвадан кеткен кезімде Бөкейханов түрмеде жатқан Дулатовқа көмек ретінде оның әйелі Дулатоваға тапсыру үшін 4 мың теңге берді. Бұл ақшаны маған өте құпия түрде тапсырды, әрі өте сақ болуымды өтінді, почта арқылы хат жазбауымды ескертті. Дулатовқа тапсырылған ақша мен хатты Қызылорда қаласында Дулатоваға бердім. Тұтқындағылардың отбасына ақшалай көмек үнемі көрсетіліп тұрды. Ақшалай қаржыны ең соңғы рет Бірімжанов өзінің қазақ өкілеттілігінде істейтін қарындасы арқылы Алматыдан Москваға беріп жіберді.

1928 жылы Бірімжанов шетелден Москваға келді. Шетелде Мұңайтпасовпен кездескен. Бірімжанов Жантөринаға үйленеген болатын. Москваға келген соң Бірімжанов тұтқынға алынды. Бөкейханов пен Мұрзиннің кеңесі бойынша Жантөрина онымен ресми ажырасты. Ал шындығында, ол өзінің күйеуіне үнемі қаржылай көмектесіп отырды. Бірімжановтан ажырасуының себебі – өзіне тергеушілердің назарын аудармаудан туған. Өйткені Жантөрина помещиктің от басынан шыққан. Әкесі мемлекеттік Думаның мүшесі болды. Патша сарайында жиі болып тұрған. Ол әйел Москва мемлекеттік университетінде шет тілі факультетінде оқыған. Германияға өзінің неміс тілін жетілдіру үшін іссапармен жіберілген. Қаражаты жоқ болғандықтан да басында барғысы келмеп еді, бірақ кейін ақша оның қолына жаңбырдай жауды да, шетелге кетті. Оған Мұрзин – 400, Бөкейханов – 600, Сейдалин – 200 сом берді. Сейітқали Меңдешев те көмектесті. Оның өз сөзіне қарағанда 4 мың сом жиналған. Әрине, бұл оның кемітіп айтқаны. Ол бүкіл Еуропаны аралады, Берлинде, Парижде тұрды, Түркия арқылы қайтып оралды. Онда оның үй, қора-жайы бар ағасы тұратын. Ол Парижде Шоқаевпен кездесті. Әзиз Мұрзинмен екеуара әңгімелескенде Шоқаевтің есімі жиі аталатын. Жантөринаның Москвадағы жоғары оқу орнына түсуі туралы мынаны айта аламын: Жантөриндердің үй-іші Колчактің штабымен бірге көшіп жүрді. Оның әкесі сол сапарда қайтыс болды. Әкесі өлген соң, сіңілісі екеуі Москвағв оқуға келді. Мұндағы қазақтармен танысып, жөн сұрасады. Құрлыс жөніндегі қазақ өкілеттігінде істейтін Әзиз Мұрзинге жолығады. Ол: «Бұлар менің жерлесім, Сырдария аулынан шыққан», - деген сенім қағаз береді. Сол құжат бойынша Жантөрина оқуға түсті.

Москвада Әзиз Мұрзиннің жақын араласқан адамы Кәрменов Қайролла. Ол бұлардың барлық қылмысын білетін. Мұрзиннің, Мұңайтпасовтың, Бекентаевтің тобына Кәрменов қамқорлық жасайтын. Кәрменов шетелден келгенде, олардың бәрінің үй-ішіне өз есебінен сыйлықтар әкелді. 1929 жылы Алматыға келген соң ғана Кәрменовтің, Бекентаевтің, Досмұхамедов Жаһаншаның тобымен қоштасты. Жаһанша Досмұхамедовпен көбінесе саясатқа қатысты әңгімелесетін. Қызып алған кезде ол компартия мен кеңес өкіметін балағаттайтын, мазақтайтын. Әзиз Мұрзин қарқылдап күліп, оны қоштап қоятын. Қазақтар Мұхтар Мұрзиннің үйінде де бас қосатын. Әдетте ағайынды Мұрзиндер, Қадырбаев Сейдазым, Нұрымов, Ғаббасов, Сұлтанбеков жиналатын. Олар тек қана саяси тақырыпта сөйлесетін. Әңгімелерінің мазмұнын мен білмеймін. Алайда бір рет олардың үрейін ұшырып: «Сендердің сөздеріңді өкіметке жеткізіп, әшкерелеу ғана қалды»,– дедім. Бұдан кейін Мұрзин менен сақтанып жүретін болды.

Тынышбаев, Ермеков және басқалары тұтқындалғаннан кейін Әзиз Мұрзин өте сақтық жасап Мұхтар Мұрзинмен, Кәрменовпен, Бекентаевпен, Мұңайтпасовпен, Мұратбековпен жазысқан хаттарын өртеді. Хаттарды мен жақтым. Ал ол іші қағазға толған үлкен папканы өртеді. Сөйтіп ол тінту кезінде айғақ қалдырмауға тырысты. Сақтық шарасын қолданған себебі: «Менің артымнан тыңшы еріп жүр, үйді күдікті адамдар аңдып жүр», - деп жиі айтатын. Әзиз Мұрзин Мұхтар Мұрзин мен Қадырбаевтің әйелдерімен сөйлескеннен кейін: Ғаббасовқа, Нұрымовқа, Тынышбаевқа сенуге болмайды, олар ГПУ-дің шпиондары, - дейтін. Халком кеңесінің төрағасы Исаевпен жақсы болатын. Онымен төрт рет кездесіп Мұхтар Мұрзиннің неге сотталғанын білгісі келді. Алайда ол әрекетінен ештеңе шыққан жоқ. Сондай мәліметті білмек боп Масановқа да барды. Исаев пен Масанов: Мұхтар Мұрзинмен байланысы бар – деген сөзге қалмас үшін мұның тілегін орындаудан бас тартты.

Мұрзинмен ажырасқаннан кейін мен Төрехожиннің пәтеріне ауыстым. Сонда байқағаным Төрехожиннің үйіне Сұлтанбеков жиі келеді екен. 1931 жылы 19 немесе 20 тамызда Сұлтанбеков пен Төрехожин арасында таңғы сағат 4-ке дейін созылған әңгіме болды. Олардың сөзіне құлақ салған тыңшы болмаса да, ешкім естімейтіндей оңаша жерде сөйлесті. Олардың қазақша сөздерінің арасынан Голощекин мен Криштоның фамилиясын естіп қалдым. Ермеков біздің үйде болған емес. Алайда Әзиз Мұрзин: «Ермековті қонақ ету керек еді», - деп жүретін. Менің оған мұршам жетпеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет