Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Орынборда отырып Жетісу мен Сырдарияны басқарамын деу – мазақ қана емес, арандату. Мұндай саясат ұлттық утопия»



бет101/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   242
«Орынборда отырып Жетісу мен Сырдарияны басқарамын деу – мазақ қана емес, арандату. Мұндай саясат ұлттық утопия»,– деді.

Ал Ахмет Байтұрсынов үшін бұл қиял емес, нақты тарихи мүмкіндік еді. Ол осы автономия үшін «Алашорданың» мүддесін кеңес өкіметімен байланыстырған және оған кепіл ретінде өз басын тәуекелге тіккен тағдырлы тұлға болатын. Сондықтан да өзеуреген «Түрккомиссиясының» алдын-ала Сталинмен келісіп тұжырымдаған пікірінің бетін бірден қайырып:



«Әңгіменің басын бірден ашып алу керек. Егерде Қазақ өлкесі өзін-өзі билей алмаса, онда республика құру мәселесінің пісіп-жетілмегені, оны құруға тиісті жағдайдың жасалмағаны ғой, онда бос сөзді доғару қажет. Демек, бәрінен бұрын басты мәселені – бұл республиканы құрудың қажеттігі бар ма, жоқ па, соны шешіп алу қажет. Егерде бұл мәселе оңды шешілсе ғана, содан кейін барып сол республиканы басқара алатын күштерді құруды қолға алу қажет, ал ондай күш бар», – деп сеніммен айтты.

Ал Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың беделінің алдында Г.Сафаровтың сүреңі оңып сала беретін. Сол кезге дейін әсіресолшыл, бір жылдан кейін әсіреұлтшыл бағытты ұстаған Сталиннің орынбасары М.Сұлтанғалиев үш жақты пікірдің «алтын өзегін» ұстап:



«Егерде Түркістан мен Сібірдегі билік әлсіз болса, ал мұның шындық екенін ешкім жоққа шығара алмайды, онда олардың іс-әрекеттері Қазақ ревкомының, орталықтың өкімімен үйлесетіндігіне ешкімде кепілдік бере алмайды. Сондықтан да бұл облыстардың ревкомының жұмысы орталықтың өкілетті қарарларымен реттеліп отыруға тиісті. Басқару билігі Қазақ ревкомында болуға тиісті, ал қалған орталықтар соның ұлттық, әлеуметтік-экономикалық шешімдері бойынша жұмыс істеп, Қазақ ревкомының шешімдерін жетекшілікке алуы тиіс», – деген пікір білдірді.

Міне, осы арада бас баяндамашы Әлімхан Ермеков өзінің ұстанымы мен дәлелін түбегейлі орнықтыру мақсатында қайыра жарыссөзге шығып:



«Автономия беру мәселесін принципті түрде бір ауыздан қолдай отырып, автономияны құруға келгенде сөз бен істің арасынан алауыздықтың туып отырғаны түсініксіз. Анығында, мәселе: республиканы құрудың қажеті бар ма, жоқ па?, – - дегенге тіреліп тұр. Егер мен дұрыс түсінсем: тек насихат үшін ғана емес, нақты іс жүзіндегі жұмыс істейтін автономия туралы сөз болып отыр, ендеше, соған сай басқару аппараты құрылуы тиіс, онсыз: қазақтар өзін-өзі басқара ала ма?, – дегенді былай қойғанда, республика жөнінде сөз қозғаудың өзі мағынасыз бос мылжың ғана. Ал Қазақ ревкомын қызметкерлермен қамтамасыз етуді орталық мойнына алсын»,– деп басты назарды автономияның жариялануына аударды.

Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А.З.Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет