Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«ҚСР-ындағы ОГПУ басқармасына тергеуде жатқан Қошмұхамед Кемеңгерұлынан Мәлімдеме



бет137/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   242
«ҚСР-ындағы ОГПУ басқармасына тергеуде жатқан Қошмұхамед Кемеңгерұлынан Мәлімдеме

Жазықсыз абақтыда отырғаныма, міне, 10 ай өтті. Маған Қылмыс Кодексінің 58 (11-7) бабы бойынша айып тағылыпты. Бірақ мен өзімді кінәлі санамаймын. Кеңес өкіметіне қарсы күресу үшін жекебасылық немесе қоғамдық сипаттағы салмақты негіз болу керек. Менде ондай жағдай болған емес, нақтырақ айтсам, мұғалім кезімде материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген едім, бұған қоса Шығыстану факультетінің аспиранты ретінде маған ғылыми перспективалар ашылған-ды. Қоғамдық сипаттағы негізде Кеңес өкіметіне қарсы болу деген – қаражүзділердің реакциялық әрекеттерін, ұлы державалық шовинизмді қайта жандандыру. Мұндай қаскүнемдікті кім жақтайды? «Алаш Орданың» басшылығындағы буржуазиялық-ұлттық қозғалыспен байланысымды 1919 жылдың басында үзгенмін. Содан бастап мен өзімді ілгері ұмтылғандардың қатарындамын деп есептеймін, мұны жарияланған еңбектерім (дұрыстап аударылып, түсінік жасалса) растайды. Ұлтшылдық дүниетаным қалдықтарынан 1922 жылы, Қазақстандағы коллективтендіру мен таптық айырылым қатаң басталған уақытта біржолата құтылдым.

7 жыл ішінде мен Ташкентте түрлі оқу орындарында сабақ бердім. Осы уақытта менен дәріс тындаған шәкірттердің қайсысы болсын сабақ үстінде кеңес өкіметіне қарсы ой білдіргенімді айтса, өзімді айыпты санар едім. Маған Шығыстану факультетінің екі студенті жала жауып, куәлік беруі мүмкін деп ойлаймын, өйткені олар өздерінің жеке карьерасының жолында мені бәсекелес деп пайымдаушы еді. Жыл сайын жазда қымызбен емделу үшін мен Сібір өлкесіндегі ауылыма барамын. Егер туған ауылымдағы біреу мені кеңестік шараларды бұзды, кеңеске қарсы үгіт жүргізді десе, өзімді айыпты санар едім. Қайта мен туған елімде егінді кеңейтуге, жайылымды жақсартуға, колхоз құруға ықпал жасадым. 10 ай ішінде маған шімірікпестен жала жапқандармен жүздестірмеуді заңсыздық деп есептеймін. Мен Сіздерден өз қолыммен жазған куәліктеріме ғана назар аударуларыңызды сұраймын. Ташкентте тергеуші Ағабековке берген жауабымды біржақты деп санаймын. Өйткені ол: қараңғы карцерге саламын, тіпті атқызамын деп қорқытты. Мен III дәрежелі туберкулезбен ауырамын, мұны анықтаған комиссияның 2 шілдеде берген актісі бар. Олар мені І-топтағы инвалид деп тапты. Абақтының ауыр жағдайында туберкулездің салдарынан ерте жан тапсыруым мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет