Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


СССР Халық Комиссарлары Советiнiң жанындағы ОГПУ-дың коллегиясының 1930 жылы 4 апрельдегi қаулысы бойынша



бет198/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   242

СССР Халық Комиссарлары Советiнiң жанындағы ОГПУ-дың коллегиясының 1930 жылы 4 апрельдегi қаулысы бойынша:

Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла «Алқа» атты жасырын, ұлтшыл үйiрме құрғаны үшiн;

РСФСР қылмысты iстер кодексiнiң 58 статьясының 4, 11, тармағына сәйкес – Жазаның ең ауыр түрiне кесiлiп, ол жаза 10 жыл концентрациялық лагерьде өтеу туралы үкiммен алмастырылды».


4.

Әлихан Бөкейхановтың араласуымен Мағжан бір рет тұзақтан құтылды. Жары Зылиха Жұмабаеваның естелігіне жүгінсек: Әлихан Бөкейханов Мағжанның зайыбы Зылихаға арыз жазып беріп, оны М.Горькийге және оның әйелі, Қызыл крест қоғамының төрайымы, актриса Екатерина Павловна Пешковаға жолықтырған. Түрлі мекемелерге кіргізген. Қаржылай көмек көрсетіп, кешірім жасалуына дәнекерлік еткен. Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова ол туралы:



«(түрмедегілер)... 1922 жылдан бері Мәскеуде «жіпсіз байланып», еш жаққа шығуға рұқсаты болмаған, сондықтан адресі белгілі Әлихан арқылы кімнің қайда жүргенін біліп, өзара байланыс жасап, хат алыса бастайды. Ешкімнен сескенбейтін ер жүрек Әлихан оқта-текте Бутыркаға барып, тұтқындарға ауқат жеткізіп тұрған. Ахмет, Мағжандардың қызыл крес меңгерушісі Екатерина Павловна Пешковаға жиі жазған арыздарын қадағалап, нәтижесі тезірек болуы үшін Пешковаға жиі барып, көмек көрсетуін өтінеді. Көп ұзамай арыздары бойынша екі арысымызға жеңілдік жасап, берген үкім мерзімін қысқартып, елге қайтарған. Елге жету үшін жол қаржысын Пешковадан алып берген де сол Әлихан атам»,– деп жазды.

Бұған Ахмет Байтұрсыновтың:



«Қыр баласының ел жайынан жазған хаты қолды болып, қолыма тиген жоқ. Қужақ екі жолдасымен орнынан түскен. Жолдастары кім екенін жазбайды. Қазақ жайы – соқырға көрінген, саңырауға естілген болса керек. Жақын арада жазушының бұрынғы қатыны бастық болып тұрған мекеме арқылы арыз бердім. Мұнда қазіргі жай-күйімнің бәрін айтып: өлсін демесеңдер мені не жылы жаққа жіберіңдер, не қатын-балам тұрған жерге жіберіңдер. Мен бұл күйде тұрғанда өлемін, – деп жазып отырмын. Мұнан анау қатын арқылы бірдеме болар деген үміт бар. Мұнан еш нәрсе шықпаса, шынында да өлу ғана қалады»,– деген хаты да дәлел.

Мұндағы «жазушының қатыны» деп отырғаны М.Горькийдің әйелі Е.П.Пешкова болатын. Ол өзінің өтелін Карелиядағы Соловки мен Сивир (Сібір емес) лагерьлерінде өткізді. Ақынға тән сарыуайым жүрегінің басына сарысу боп ұйып, тіршіліктен түңілдірді. Ол отыз сегізінші жылғы соңғы тергеуде берген жауабында:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет