«Ол әлі тірі. Соны іздеп барып, қатты-қатты ұялтшы»,– деп сондай бір өкпелеген балаға тән аңқаулықпен кәдімгідей өтінетін.
Содан отыз тоғызыншы жылы ғана СССР ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесі ашылғанда ұстаздарының тапсырмасымен «жарыққа шығып», академияның ғылыми жолдамасымен уақытша көмектесу үшін Алматыға келген.
Жақсылардың алақанының табын сезген ақынның қалайда еркіндік пен жарық дүниеге ұмтылысы өзінің нәтижесін берген. Сөйтіп, Мағжанға ресми түрде мұрсат беріліп, уақытша бостандыққа шыққан:
«ССР Одақтық орталық атқару комитеті президумының 14/ІV – 1934 жылғы мәжілісінің № 72 хаттамасы. «34». ОГПУ коллегиясының 4/ ІV – 30 ж. күнгі үкімі бойынша 20/ VІ – 29 ж. күнгі қаулысымен 10 жыл концлагерге кесілген Мағжан Жұмабаевқа кешірім жасау туралы ұсыныс (№ П-443-41 іс) мақұлдансын. Концлагердегі тұтқындалу мерзімі жеті (7) жылға қысқартылсын. ССР Одағының ОАҚ-нің хатшысы үшін: А.Медведов. Көшірме Сивирлагка жіберілсін» (ҮІІ том, 441-бет).
Бұл Қаулы Мағжан тұтқында болған Свердловскідегі лагерге жіберіледі:
«ОГПУ-дің Свирлаг басқармасының ПВШ-сына Лодейноеполе қаласы. 28 апрель. ССР ОАК-нің Призидумы мәжілісінің азамат Мағжан Жұмабаевтің № П-443-41 ісі туралы 1934 жылғы 14 сәуір күнгі № 72-91 қаулысының көшірмесі жолданып отыр. Анықтама: ОГПУ коллегиясының 26/ІV-34 жылғы қаулысы» (ҮІІ том, 440-бет)».
Осы томның 439-бетінде ОГПУ коллегиясының:
Достарыңызбен бөлісу: |