Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


бөлімнің өкілі Лаптев. «Келісемін»: ОПП ОГПУ-дің бастығы – Хворостян



бет46/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   242
3 бөлімнің өкілі Лаптев. «Келісемін»: ОПП ОГПУ-дің бастығы – Хворостян.

«Бекітемін»: Кастев, Мариновский (Үштіктің мүшелерінің қолдары анық танылмады – Т.Ж.)», деп Қаулы қабылдайды.

Дегенмен де «ұяттары оянды» ма, жоқ, Голощекинге, сол арқылы өздеріне де тықырдың таялып келе жатқанын түшіркенді ме, әлде, мұнда аталған адамдардың «шырынын сорып, шындығын айтқызып алған соң», енді қажетсіздігіне көз жеткізді ме, әйтеуір, кеңес тіміскілерінде кездеспейтін оқыс шешім қабылдапты. «1931 жыл 29 қазан күні ПП ОГПУ-дің ерекше бөлімінің ерекше өкілі Попов:

23-70 іс бойынша жауапқа тартылған: Меңгелин (алдыңғы хаттамада – Мамырбердин) Алдабергеннің, Кенесарин Әзімханның, Исаев Абылдың, Қашқынбаев Исаның, Бүркітов Кенжеғұлдың, Сәрсенов Дәлелдің, Ақаев Серікбайдың, Қожықов Қоңырқожаның, Қияқов Жүністің, Токин Хамиттің, Түркібаев Иістібектің, Әлімханов Фазылқазының, Ақбаев Кәмілмұраттың, Нұрымов Ғаббастың, Қадырбаев Құшлұмұқамедтің, Ордабаев Рамазанның, Сұлтанқұлов Досмұхамедтің, Итугенов (Өтегенов – ?) Садықтың сотқа тарту үшін айғақтар жеткіліксіз болғандықтан да ОПК-ның 202 бабына сәйкес Қаулы қабылдап:

Қылмыстарын дәлелдейтін нақты айғақтардың жеткіліксіздігіне байланысты аталған айыпкерлердің тергеу ісі тоқтатылсын. Бұл жөнінде Тергеу жұмысын бақылайтын ОГПУ-дің аймақтық прокурорына хабарланды. ООП-тің ерекше өкілі – Попов. «Келісемін». Бастық үшін – Молохов. «Келісемін» ОО ПП бөлім бастығы – Волохов», деген (ІІІ том, 119-бет) шешім шығарыпты.

Бұл тізімнің ішінде тергеуде аттары аталмайтындар да, керісінше, кеңінен қамтылған көрсетінді бергендер де бар. Куәсіз күдік – күмәнға жетелейді. Сондықтан да емеуірін танытумен ғана шектелеміз. Әрине, бұл тізімге М.Тынышбаевтің ілінбейтіні анық. Өйткені ол бастатқан «қылмыстыларға» осы ІІІ томның 163-бетіндегі аса маңызды қатынас қағазында белгіленген тағдыр жазасы тиесілі еді. Онда үш жылдан астам уақытқа созылған тергеу ісінің аяқталғанын білдіретін:



«ОГПУ-дің 1924-жылғы №172 бұйрығына сәйкес бұл тергеу ісі соттан тыс қаралуы үшін ОГПУ коллегиясының жанындағы ерекше бөлімнің қарамағына жіберілуі тиіс. Анықтама: Осы іс бойынша тұтқындалғандардың барлығы Алматы қаласындағы түрмеде қамақта отыр және көрсетілген іс ОГПУ коллегиясының қарамағына жолданды. ПП ОГПУ-дің ҚССР-дегі ерекше бөлімінің бастығы – Хворостян. Төтенше өкіл – Попов. «Келісемін»: ПП ОГПУ-дің жанындағы прокурор ... (қолы танылмады). 21/ХІІ -31», деген мазмұндағы мағлұмат берілген.

Үштіктің қарамағына берілген істен еш қайыр күтуге болмайды. Бұл айыпталушыны соғыссыз әскери майдан жағдайындағы «ату жазасы» тосып тұр деген сөз. Тергеу ісі Мәскеуге жөнелтілді. Бұл айыпталушылардың көңіліне үміт сәулесін түсірді. Қанша айтқанмен, Мәскеудің аты – Мәскеу, қара қазақтың сөзімен айтсақ, «оқыған орыстың аты – оқыған». Соған сеніп алдыңғы көрсетінділерінен бас тартқандар да, қосымша түсінік бергендер де болды. Бірақ түрме тігіндісінде М.Тынышбаевқа қатысты Мәскеу тергеушілерінің жанама деректері жоқтың қасы. Оның есесіне 1932 жылы 27 ақпанда олар қазақстандық әріптестерінің тергеуін кері қайтарып:

Мен, ОО ОГПУ-дің 4 бөлімінің бастығының көмекшісі Балминский (Балшинский –?) 58-7, 58-11, 59-3 баптар бойынша Ә.Ермеков бастатқан, барлығы 20 адамның №121027 тергеу ісімен танысып шығып:

1. Контрреволюциялық әрекеттер жасады деп айыпқа тартылғандардың тергеу ісіндегі айғақтардың барлығы да 18-20 жылдардың арасын қамтиды. 2. Соңғы жылдарға қатысты жүргізілген тергеу ісіндегі айғақтар айыпталушылардың ұлтшыл көзқарасын ғана білдіреді. 3. Түрікшілдердің бандысына қатысты ұйымдастыру-жетекшілік әрекеттері мүлдем көрсетілмеген.

Баяндалған жайды негізге ала отырып: істі ОГПУ-дің Қазақстандағы бөліміне қайтаруды және істі қайтадан тергеуге жіберіп, тиісті шаралар жүргізу туралы шешім қабылдадым»,– деп ОГПУ-дің 4 бөлімінің бастығы – (қолы танылмады), «Бекітемін»,– деп ОГПУ-дің бастығының орынбасары (Кряхов)»,– деген Қаулы шығарды.

Бұл «қызмет тәртібін» сақтаудың емес, өзін-өзі сақтандырудың бір мезіреті ғана сияқты.

Өйткені бұл қатынасқа қазақстандық тіміскілер ешқандай жауап бермеген. Беруге мүмкіндіктері де келмеуі мүмкін. Өйткені олардың қосымша тергеуге мұршасын келтірмей араға тура 1 ай 20 күн салып, 1932 жылы 20-сәуір күні үштіктің үкімі шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет