а). Торғайға жiберiлетiн азық-түлiк жәрдемi Қостанайдан бөлек жiберiлуiн орталық арқылы шешуге қол жеткiзсiн. б). Гурьев ауданына азық-түлiктi тiкелей тасымалдау мүмкiндiгi болмағандықтан да, Гурьев пен Астраханның ауланған балықтарын сонда бөлудi, сонымен қатар Гурьев пен Оралдағы балық кәсiпшiлiктерi оларды тиiстi жабдықтармен қамтамасыз етiп, балық аулауға рұқсат беруiн Орталықтан сұрасын. в). Қазақ республикасының шикiзаттарының ауқымды мөлшерiн азық-түлiк пен керектi заттар, аштарға қажеттi ақша алуға пайдалану үшiн бұл мәселенi дербес шешуге орталықтың келiсiмiн алсын. 7.Обкомның, ҚазЦИК-тiң және барлық жауапты қазақ қызметкерлерiнiң атынан партия ұйымдарында iстейтiн, одан тыс жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiне үндеу жариялансын, оларды ашаршалыққа қарсы күресуге шақырсын.