Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Екiншiден: түрлi әкiмшiлiк шараларды жүзеге асыра отырып, әр қилы бұйрықтар мен ережелер шығарып, қазақтарды бас еркi жоқ, заңнан тыс тобыр деп жариялауға



бет66/105
Дата05.02.2022
өлшемі7,42 Mb.
#14563
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   105
Екiншiден: түрлi әкiмшiлiк шараларды жүзеге асыра отырып, әр қилы бұйрықтар мен ережелер шығарып, қазақтарды бас еркi жоқ, заңнан тыс тобыр деп жариялауға;
Үшiншiден: оларды кiндiк қаны тамып, сүйектерi қураған ата-бабасының ата мекенiнен қуып щығып, ажал боп ауызын ашып тұрған қу медиенге қуып тастауға ұмтылды.
Мiне; ежелгi еркiндiгi мен бостандығын тәрiк ете отырыт, бейбiт жолмен, ешқандай қан төгiссiз орыстардың қол астына кiрген қазақтардың маңдайына жазылған сыбаға осы едi!» (М. Тынышбаев.).
Қашан мемлекеттiк тәуелсiздiк алғанша қазақ ұлты шовинистiк пиғылдағы жазалау мен қорлау саясатынан құтыла алмады. Ұлттық менменсудiң, «қаражүздiлердiң» мардымсуының, «ұлылық дертiнiң» асқынғандығы сондай, тәуелсiз мемлекеттiң мемлекеттiк тiлi – орыс тiлi, мемлекеттiк дiнiнiң бiрi – христиан дiнi болсын деп шалқақтады. Дiнiмiздiң тәуелсiздiгiн шартты түрде сақтап қалдық, ал тiлiмiздiң тiзгiнiн отарлаушы жұрттың еркiне бердiк.
Ұлттың өз бетiнше өмiр сүру қабiлетiн жоюдың бiр жолы осы.
Мұны дер кезiнде аңғарып, «коммунистiк-колонизаторлық» деп бағалаған Смағұл Сәдуақасұлы iспеттi тұлғалардың үнi өшiрiлдi, тобырдың қарасы көбейдi. «Iргелi жақсыға жарымаған және оны танымаған» (Абай) қоғам мүшелерi өз көсемiнiң айтқанына көндi, дегенiн iстедi, оның нұсқаған жолымен жүрдi. Ешкiмде қарсы уәж бiлдiрмедi. Неге бұлай деп сұрақ қоймады. Қатаң идеологиялық құрсау мен қысымның нәтижесiнде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет