Бiрiншi үшiн – бастыәрекет еркiндiк болып табылады, екiншiсi үшiн ол – тек қана мойынсындыру арқылы жүзеге асады. Олардың бастапқы мақсаты да әр қилы, жүрген жолы да әр қилы: алайда олардың әрқайсысының түпкi мүддесi – әлемнiң тең жартысын өз қолымда ұстасам деген жасырын пиғылдың айналасына келiп тоғысады», – деп көрегендiкпен болжай бiлдi.
Францияның сыртқы iстер министрi А.Токвильдiң бұл айтқаны дәл келдi. Тұп-тура жүз жыл өткенде Америка мен Ресей дүниенi екiге қақ бөлiп, исi адамзаттың тағдырын уысында ұстады. Олардың жеңiстерiнiң құны да бiр-бiрiне қарама-қайшы болды.
Америка экономикалық отарлауды мiсе тұтып, отар елдерiне өндiрiс салып, оның өнiмдерiн өз пайдасына жаратты. Ал Ресей империясы адамдардың рухын өлтiрiп, еңсесiн ездi. Әсiресе, отар ұлттардың тағдыры тәлкекке ұшырап, тiлiнен де, дiнiнен де безуге мәжбүр еттi. Ұлт деген сөз – ең жеккөрiнiштi ұғымға, қарғыс атқан сөзге айналды. Ұлттық сана, ұлттық дербестiк, ұлттық мемлекет, ұлттық идея, рухани тәуелсiздiк қақында ой салатын жадымыздағы құбылыстардың барлығын жадылап, қилы-қилы қитұрқы амалдар арқылы арандатып, жазаға тартып отырды. Патшаның Орта Азияны отарлау жорығынан бас тартқан Шоқанды, қазақтарды шоқындырудан арашалауға ұмтылған Ыбырайды тiмiскi тыңшылары арқылы тұншықтырып тынды. Бiрiншi Думаның алдына Анна Иоановна мен Әбiлқайырдың қол қойған шарты бойынша ресейдiң қазақ жерiне баса көктеп кiруге қақысы жоқ екенiн дәлелдей келiп:
«Негiзгi заңда: қазақ жерi қазақ халқының мәңгiлiк меншiгi, оны ешкiмнiң де қосарлана иеленуiне жол жоқ, – деп жазылуы тиiс. Қазақ жерiн мемлекеттiк меншiк және оған орыстарды қоныстандыру қажет – деген заң күшiн жойып, мүлдем сызылып тасталуы тиiс. Қазақтардың өзi рұхсат етпейiнше, жердi уақытша не басыбайлы пайдалануға орыстардың құқы жоқ»,– деген мазмұндағы бағдарлама ұсынған Әлихан Бөкейхановты империяның жауы ретiнде қудалады.
Қазақ жерiне империяның қанды шеңгелiн салуына барынша құныға ұмтылған Кауфман сияқтылар: