Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет11/43
Дата18.06.2017
өлшемі8,23 Mb.
#19431
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43

«Ескендірдің өлімі туралы сіздерден үлкен өкінішпен естідім, онымен хат-хабар алысуды маған жазбапты (ол менің кінәмнан емес), сондықтан біз оның туыстарынан да қайғылы хабарды уақытында ести алмадық. Ол мені Қазақстанмен ойша ғана байланыстыратын. Өзінің қарындастары жайында да маған ештеңе айтпай кетті. Мені Қазақстанмен байланыстыратын бір-ақ нәрсе, ол – Ресейдің паспорты. Онда: «ұлты – қазақ, туған жері – Алматы, әкесі – Мұхамеджан», – деп жазылған».

Мұхамеджан да, кейін Ескендір де жас азаматтың болашағына «халық жауы» деген атақ зиянын тигізбеуін ескеріп, Дәулеттің Шейхали атын алып жүруін ойласа керек. Ескендір аға өз естеліктерінде, бізбен сөйлескенде де, шешесі Гүлбаһрам (Алматыдағы белгілі фельдшер Бақи Шәлімбековтің қызы) 1923 жылы Шымкентте тырысқақ (холера) ауруын емдеу кезінде инфекция жұқтырып өлгенін, сондықтан денесін кислота құйып өртеп жібергенін айтқан-ды. Одан көп кейін өзінің құмық досы профессор Шейхалидың қарындасы Әминаға үйленгенін есіне алып: «Әмина әкеме жақсы жар болды. 1932 жылы Воронежге айдалғанда да әкеммен бірге кетті»,деген болатын. Әминадан ұл қалғанын айтпап еді. Оның мәнін енді ғана түсіндік. «Халық жауы» атанған адамға жақын жүру қауіпсіз еместігін Ескендір аға өз басынан өткерген еді. Ол 1934 жылы әкесіне – Воронежьге барып, қайтар жолында Мәскеуде КГБ-нің тырнағына іліккен болатын. Сөйтіп өмірінің он жылын Соловецкіде, Ақтеңіз-Балтық каналын да, Төменгі Тагилда ГУЛАГ лагерлерінде өткізді.

Осы арада 80-жылдардың соңында Ескендір ағаймен алғашқы танысқаным есіме түседі. Мен М.Тынышбаевтің еңбектерін жинап шығарғым келеді деген ойымды білдіріп, әкесі жайлы кейбір естеліктерін тыңдадым. Содан бері Ескендір ағаймен етене жақындастық. М.Тынышбаевтің Сарқандағы асында да бірге болдық (Тіпті 1995 жылы жаңа жылмен құттықтап телефон соққаны бар). Мұхамеджан Тынышбаевтің туған жеріндегі осы жиынға еліміздің белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ағамыз да қатынасып, сөз сөйледі. Ол кісі кезінде Мұхамеджан Тынышбаевқа тиесілі құрмет, дәріптеу жасай алмағанына өкініш білдіріп еді. Өмірінде инженер Тынышбаевпен кездесе де алмапты. Өкінішке орай, бұл Димаш ақсақалдың халық алдындағы соңғы сөзі болып шықты.

Ескендір ағай өте сақ кісі болатын, көрінгенге сыр ашпайтын және саясатқа сенбейтін. Сондағы маған қойған шарты: бір-біріміздің үйімізге қатынаспайық, кездесу үшін телефон арқылы келісіп, үйден тыс жерде сөйлесуіміз керек. Осы шарт әр уақытта сақталып келді. Бұның бәріне: туыс-бауырларды бір-бірінен, ата-ананы балаларынан айырған, тіпті аты-жөнін де жасыруға мәжбүр етіп, араларын алшақтатқан сталинизм, тоталитаризмнің сұм заманы кінәлі еді...

Ендігі хабарды Дәулет Мұхамеджанұлының өзіне берелік. Дәулеттің хаты (түпнұсқасы орыс тілінде жазылған):

«Құрметті профессор Тәкенов, сәлеметсіз бе!

Сізге хат жазып отырған Мұхамеджан Тынышбаевтің ұлы – Дәулет. Біздің қарым-қатынасымыз әуел бастан сенімді сипат алу үшін мен сізге өзімнің туғандығым туралы куәліктің, әкемнің ақталғаны туралы анықтаманың және оның фото-суретінің (сыртындағы жазу: «Мемлекеттік Дума. 1907 ж.) ксерокөшірмесін жіберіп отырмын.

Біздің Мұнай ғылыми-зерттеу институтына Гурьевтен (Атырау – Ә.Т.) келген бір қазақ мұнайшысынан мен кездейсоқ әкемнің «История казахского народа» деген кітабы Алматыда басылап шыққанын естіп, әрине, шексіз қуандым. Өкінішке орай, ол маған тек сіздің Байғалиевпен (Бейсенбай Ұлттық Ғылыми академиксының ғылыми қызметкері Ә.Т.) бірігіп жазған кіріспенің бір бөлігін және ксерокөшірмесін ғана жіберіпті. Өзіңіз байқаған боларсыз. Мен үшін бұл мүлде жеткіліксіз, енді мен сіздің қатысуыңызбен шыққан әкемнің кітабын алғым келеді. Сөз жоқ, кітапты сатып алуға және жолға кеткен қаржыны өтер едім. Екінші жағынан, егер әкемнің еңбектерін жариялау жалғасса, менің де пайдам тиетін сияқты, өйткені менде бірсыпыра, әрине, көп емес материал бар.

Қысқаша өзім туралы: мен өз фамилиямды (Шейхали – Ә.Т.) әкемнің талабына сай алыппын. Әкем ұсталып кеткенде шешеме осылай деп хабарлапты. Өзіңіз де білетін боларсыз, мен әкемнің екінші некелі әйелінен (нағында үшінші – Т.Ж.) туғанмын. Менің анам – Шейхали Әмина Ибрагимқызы, ұлты – құмық, тегі – Дағыстаннан. Оның туыстары Мұхамеджанды тіпті Санкт-Петербургта оқыған кезінен біледі екен. Олар, мұсылман жастары, генерал Шейхалидың үйінде кездессе керек.

Әкем соңғы рет 1937 жылы тұтқындалғаннан кейін біз шешеммен бірге, онымен туыс нағашы апамның қолында Уфада тұрдық. Мектепті, одан соң Мұнай институтын бітірдім. Ғылыми-зерттеу институтына қызметке тұрдым, кандидаттық диссертация қорғадым. Докторлық диссертациямды, ойда-жоқта Башқұртстаннан тыс жерде ұзақ уақыт қызмет атқаруыма байланысты, тәмамдап үлгермедім, тақырып бойынша жарыққа шыққан 70-тен аса еңбектерім бар. ҒЗИ-нда мен ғылыми-зерттеу бөлімін басқаратынымды, «Башқұртстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер» деген құрметті атағым бар екенін айтсам, мақтанды демессіз.

Менің Асқар атты ұлым металтанушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қызым Аделя дәрігер. Жұбайым музыка мектебінің оқытушысы, қазіргі кезде зейнеткер. Хатымның адрес бойынша сізге тиетініне толық сенбегендіктен, осымен аяқтаймын. Сіздің хабарыңызды асыға күтемін.

Құрметпен және игі тілектермен Дәулет Шейхали (Тынышбаев). 30.05.95 жыл».

...Тұңғыш қазақ инженері Ескендірдің баяндауынша, өте тындырымды, ұқыпты болса керек. Мысалы, өзінің бай кітапханасындағы кітаптарын түн ішінде-ақ тұрған жерінен тауып ала береді екен. Үйіне жиі келетін Тұрар Рысқұловқа алған кітаптарды орынынан ауыстырмауды ескертеді екен. Дәулеттің хатынан оның нағашысы және Мұхамеджанның досы, профессор Дәуіт Махмұдұлы Шейхали туралы хабардар болдық. Ол кісі Мұхамеджанмен құрдас (1879 жылы туған), инженер-мелиоратор. 1927-1944 жылдары Алматы тәжірибе станциясында каучукты өсімдіктер агротехникасын зерттеген, көптеген аудандарда күріш өсірумен тұңғыш рет айналысқан екен. Осыған байланысты Дәуіт Шейхалиді Талдықорған облысында күріш өсіру тәжірибесін жүргізгені жайында Ескендір ағайдың айтқандары ойымызға оралды. 1944 жылдан бастап Дағыстан ауылшаруашылығы институтында кафедра басқарған. Дағыстан АССР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер. 1951 жылы қайтыс болған... Сонымен қатар құмықтар қақында «Құмықтар хикаясы» атты шежіренің де авторы.

Міне, екі түркі халықтарының текті тұқымынан тараған Дәулет бауырымыздың хатына байланысты әзірге білгендеріміз осы».

Біздің де Мұхамеджан Тынышбаев туралы әзірге білгендеріміздің ұзын-ырғасы осындай.

Ал түрме әфсанасына қатысты қамтылмаған мағлұматтар өзге куәлардың айғақтарында қосымша дерек ретінде келтіріледі.

Әзірше тәмәт-тәмәм.

ҮШІНШІ ТАРАУ: «БОСТАНДЫҚТЫҢ АЯТТЫ ЖАСЫЛ ТУЫН ТІККЕН...»

(Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және...)

1.

«Сталин қазақтың жауапты қызметкерлерін бір-біріне қарсы қойып, қидаластыру арқылы бұл халықты зиялылардан айырды»,– дегенге саятын Троцкийдің пікірі ақиқат.

Бұрын бұл жазалау саясатының көп қитұрқысының бір тәсілі ретінде қаралатын. Құпия құжаттармен дендеп танысқан сайын мұның нақты және ең аяр саясат екені деректі дәлелмен ашыла бастады. Және Каширин, Якубовский, Альшанский сияқты кәнігі арандатушыларды олардың соңына тұрақты түрде салып қойды. Олар, бірінші кітапта айтылғанындай, үш айда, жарты жылда, жыл аяғында Мәскеуге есеп беріп, арандатудың жаңа тәсілдерін алдын-ала қарастырып, жансыздарды дер кезінде «сіңіріп» отырды.

Сонымен қатар «ескі көздер» мен «жаңа көздердің» жазбаларын, мұрағаттарын, құпия күнделіктерін, өзара жазысқан хаттарын тіміскілікпен де, сұғанақтықпен де пайдаланды. Тіпті ерлі-зайыптылардың екеуара «жүрекжардысы» да тергеудің кәдесіне жаратылды. Сондай қатерден сақтанған алаш қайраткерлері өзінің жеке мұрағаттарын құпия сақтады немесе үнемі көзін жойып отырды. «Алашорда» туралы жинақ құрастырғанда өздерінің тек құпия тыңшылар мен жандармерияның жасырын мәліметтеріне сүйенген Брайнин мен Шафиро:

«Осымен қатар басқа бір мәселені қозғай кеткім келеді. Айтушылар бізді: тек қана жандарм мекемесінің құжаттарын пайдаланды – деп айыптайды, мұның да жөні бар. Мәселе: бұл құжаттарды пайдалануға бола ма, жоқ па, - деп қойылып отырған жоқ, мәселе – бұл құжаттарды қалай пайдалануда»,– деп (Алаш қозғалысы, 4 том, 73-бет) қысылып-қымтырылмастан ашық мойындады.

Ал қандай құжатты, қай кезде, кімге қарсы және қалай пайдалануды кеңестік күркілдер білетін. Сондықтан да негізінен жандармерия мен ОГПУ тергеушілері жинақтаған тыңшылық құжаттардан құрастырылған «Алашорда» туралы мұрахаттардың тек қана айыптау бағытындағы әшкерелеуші дерек ретінде қызмет еткені түсінікті.

Өкiнiшке орай, уәжге құлақ аспайтын, оған пәрменi де жетпейтiн, пәйнегi де шыдамайтын, тергеушiлердiң ықпалында кеткен, ақыры өзi де арандап тынған жалақорлар мен жалтақтар да әдiлетсiздiктiң үстемдiк құруына септiгiн тигiздi. Түрме iшiне жiберiлген тыңшылар жауапқа тартылғандардың әрбiр сөзiн қағыс қалдырмай қожайындарына жеткiзiп отырды. Солардың сыпсыма өсектерiнiң негiзiнде айып қорытындысы әзiрленiп, сұрақ қойылды. Тiкелей «Алашорда» үкiметiне қатысы жоқ, жай ғана желеумен жауапқа тартылғандардың арасында «салпаңқұлақтардың» кiрiп кетуi әбден мүмкiн. Тергеуге жетпiстен астам адамның алынуы да күдiк келтiредi. Олар бiр-бiрiн жақсы да тани бермейтiн.

Сондай-ақ, «үштiктiң» қарамағына көшкендерге қинаудың қандай да болсын түрлерiн қолдануға еркiндiк берiлген арнайы жарлық та бар болатын. Сол үшiн әрбiр түрменiң iшiнен ыстық, суық камералар жасақталды. Мұны «ұлы құрбандықтарға» да қолданғаны күдiк тудырмайды. Оған ОГПУ-дiң Мәскеудегi Шығыс бөлiмiнiң бастығы Дьяковқа Орта Азия бөлiмiнiң бастығы Каруцкий мен Шығыс бөлiмшесiнiң бастығы Круковскийдiң:



«… Қазақ интеллигенттерiн қинауды күшейту туралы сiздiң жарлығыңыз басшылыққа алынды және интеллигенттердiң сөздерiн жеткiзiп отыру үшiн әзiрше үш тыңшы «Қалам» («Перо»), «Нияз», «Дальше» олардың арасына кiргiзiлдi. Өзге тыңшыларды тартуға дайындықтар жүргiзiлiп жатыр. Ескерте кетерiмiз, «Шағыр» Шымкенттегi тұрақты қызмет орынына жүрiп кеттi, тазарту кезiнде партия қатарынан шығарылды», деген мәлiметi толық дәлел.

Бұдан «ұлы құрбандарға» қарсы ұрып-соғу, қинау, арандату әрекеттерiнiң барынша кеңiнен әрi қаталдықпен қолданылғаны анық байқалады. Мұның егжей-тегжейiн баяндау дербес тақырыптың арқауы. Қармаққа кiм iлiндi, қандай қиянатқа жол берiлдi, «Қалам» мен «Нияз», «Дальше» дегендер кiмдер едi, «үндеместердiң» мағлұматы тергеу барысына қалай әсер еттi? Бұл – жауапсыз қалатын сұрақтар емес. Жауап берiледi де. Тек адамгершiлiктен аттамас үшiн, кiнәсiз ұрпақтардың бетiне шiркеу түсiрмеу мақсатында әзiрше бұл мәселенi қалтарыста қалдыра тұруды жөн санадық. Сенiммен, кепiлдiк бере айтылатын бiр сөз – алаштың ардагерлерi:

Қинамайды түрмесiне жапқаны,

Қинамайды атқаны,

Қинайды тек өз итiмнiң,

Балағымнан қапқаны,

деп Ақаң – Ахмет Байтұрсынов айтқандай, түрменi де, қинауды да, ату жазасын да салқындылықпен қабылдап, қасқайып қарсы тұрып, рухын тiк ұстады.

Тергеушiлердiң қитұрқы арандатуларын олардың емеурiнiнен-ақ түсiнiп, мысқылмен жауап берiп, мысын құртқан. «Бұл мәселенi анау жақсы бiлдi» деп көсемдерге сiлтеме жасап, келесi сұрақты қойдырмай, алдын орап отырған. Тергеушiлердiң өздерi де тiксiнiп арандап қалудан сезiктенiп, арнайы дайындықпен келген. Бiрақ та қанша жаныққанымен де «Алашорда» үкiметiнiң Төрағасы Әлихан Бөкейхановты тұтқындауға дәрменi жетпедi. Сондықтан да тергеушi Балдаев (қолы анық танылмады, сондықтан өзгеше болуы да мүмкiн – Т. Ж.) Бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың бастығының орынбасары Альшанскийге берген есебiнде:



«Қолдағы деректердiң жеткiлiксiздiгiнен Бөкейхановты табан астында шұғыл түрде тұтқындауға мүмкiндiк болмады, сондықтанда бiз тергеу жұмысын мынандай тәсілiмен, егерде тағылған айыптауларды мойындамай, терiске шығарса, оны тұтқындамай босатып жiберуге мүмкiндiк алатындай есеппен жүргiздiк», деп жазды.

«Алашорда» Үкiметiнiң Төрағасы әр сөзiн шегелеп, дәлелдеп, бұрынғы және бүгiнгi Ресей өкiметiнiң әрбiр әрекетiн қысқа ғана талдап, «қызылдарға қарсы болған себебiм мынау, оған кеңес өкiметiне былай қарады», деп түйiп-түйiп айтып, тұқырта түйiндеп отырды. Әлекеңнiң мысы басқаны сондай: «Кеңес өкiметi жер мен аз ұлттар туралы қаулы шығарардың қарсаңында менi тұтқындап, ақыр соңында Бутыркадан – Кремльдiң төрiне бiрақ-ақ шығарушы едi. Бұл жолы қайтесiңдер», деп кекетуден де жасқанбады. Өзiн-өзi ұстай бiлген ұлт көсемiн ОГПУ – тергеушiлерi ақыры тұтқындауға бата алмады. Әлиханның еркiндiкте жүруi түрмедегi Ахмет, Мiржақып, Жүсiпбек, Мағжан, Мұхамеджан, Мұхтар, Әлiмхан iспеттi достары мен бауырларының да рухын көтердi. Сталиннiң өзi жеке қалып сөйлеуден именетiн Әлекең – Әлихан Бөкейханов бостандықта жүрсе – өздерiне араша түсетiндерiне сендi. Ол сенiмдерi ақталды да.

Осының ішінде алаштық және кеңестік қазақ зиялыларын шетінен «жапон имперализмінің шпионы» етіп көрсетіп, оларды баудай қырып түсіруге ту басында себепкер болған деректің бірі де, бірегейі де тұрлауы толық анықталмаған тұлғалар – М.Тұңғашин мен мен Б.Қаратаевтің жеке архив құжаттары еді.

Қарт күрескерлер, патша мен кеңес өкіметі тұсында қазақ мүддесін қузаған, екі өкіметтің де тізгінін кезек қағып, «қамшыгер» атанған М.Тұңғашин мен Б.Қаратаев өздерінің «тиянақты түрде жиыстырып», құпия түрде сақтаған деректерінің барлығын (С.Меңдешевтің кеңесімен – ?) большевиктердің архивіне өткізді. Егерде «Алашорданың» ұйымдастыру құрылтайында М.Тұңғашин мен Б. Қаратаевті «жандармерияның жансызы» деп жариялап, жиыннан шығарып жібергенін еске алсақ, бұл оқиғаны мына «тиянақтылықпен» салыстырып, оның астары мен залалын таразыласақ, санада «қарт күрескерлердің» бейнесі емес, көмескі тартқан ақ шашты сүлдерлері ғана қалады. Тікелей «Алашорда» үкіметінің құрамына кірмесе де, олардың хаттамалары мен шешімдері, бұйрықтары мен нұсқаулары тіркелген құжаттарға, сол құжаттардағы оқиғаларға қарсы пікір білдіргендердің жазбалары мен куәліктерінің түпнұсқасына немесе көшірмелеріне тиісті түсінік беріп, түптеп отырғандары ұқыптылық па, жоқ, ұрымталдық па? Жоқ, «аурулары қалса да, әдеттері қалмай», қашан да билеуші үкіметтің көңілін тауып, екі бетті қалыптарын сақтап қалғаны ма? Әйтеуір, тергеушілерді – сүйіндіріп, тергелушілерді – күйіндірген бұл құжаттар алашордашыларға да, большевиктерге де «жапон шпионы» деген қарғыбау ілді.

Қазақ зиялыларына қарғыбау болып тағылған осынау қарғыс атқан формулировканың шығуына негіз қалаған тарихи оқиға туралы Заки Валиди өзінің «Естелігінде»:

«1918 жылы 15 мамыр күні Астыртын жағдайда «Алашорда» өкілдерімен ақылдаса отырып Қостанайда жасырын кеңес өткізілді, онда: Қазақстанның, Башқұртстанның, Түркістанның саяси жағдайы туралы мәлімдеме жазылып, оны бүкіл әлемге тарату үшін Жапония үкіметіне жеткізу мәселесі қаралып, мақұлданды. Жапонияның таңдап алынуы, бұл ел Ресейдің одақтасы болатын. Сол арқылы халықаралық үрдісті сақтау көзделді. Алайда 27 мамыр күні Чехословак корпусы Челябі – Омбы арасындағы темір жол желісін басып алды... Кеңес өкіметіне қарсы күресу үшін башқұрттарға дем беріп, 7 маусым күні ұлттық үкімет құрылды. Онда З.Валидов әскери министр міндетін атқарды. Қалыптасқан әскери қоршау жағдайында Урал мен Қазақстан аймағындағы біріккен мұсылман Мемлекетін құру идеясы да ұсынылды. Башқұрт әскері жеңістен жеңіске жетіп, Қазақстан мен Түркістанға бет алды. «Кеңес өкіметіне қарсы башқұрттармен қазақтардың бірігіп күресуі (большевиктердің) өшпенділігін өршіте түсті. «Колчактік Сібір үкіметінің жоғары командованиесі өткізетін 18-21 шілде аралығындағы құрылтайға ұсыну үшін Башқұртстан мен «Алашорда» үкіметінің 12 баптан тұратын ұсынысы Семейде талқыланды. Оған Башқұртстаннан – Сеитгерей Мағазов, «Алашордадан» – Әлихан Бөкейханов, Түркістан – Қоқан автономиясының төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев қатысты»,– деген мағлұмат береді.

Міне, Жапония үкіметіне қатысты осы құжаттар 1922-1953 жылдардың арасында қазақ зиялыларына «Жапон милитаристік мемлекетінің шпионы» – деген айып тағуға мүмкіндік берді. Ал ол құжаттар Сібір үкіметінің құрылтайынан:



«...кейін екі жылдан соң (1920) астрахандық зиялы қазақ Мұхамеджан Тұңғашиннің қағаздарымен қоса жоғарыдағы 12 пунктен тұратын біз қабылдаған хаттама және «Алашорда» үкіметінің құжаттары кеңес өкіметінің қолына түсіпті... Кеңес өкіметінің саяси қайраткерлері де сол патша тұсындағылардай орыс ұлтшылдары болғанын кейін мен Чичериннің аузынан естідім», дейді З.Валидов (249-бет)

Ашығын айтсақ, мұндай «сұрқия пиғылдағы сүйкетпелерді» назарға ілмес едік. Бірақ оны пайдалануға мынадай бір кілтипан еріксіз мәжбүр етті. Б.Қаратаевтің қорында сақталған ол хатты 1928 жылы С.Меңдешев өлкелік комитеттің бөлімдері мен мұрағатының құзырына ұсынған. Ал онда түскен құжаттардың барлығымен ең бірінші құпия тыңшылар танысып, мәліметтерді іріктеп, тиісті орындарға хабарлап барып, мұрағаттың қорына қосатын бұлжымайтын кеңселік тәртіп бар. Оның үстіне тура сол кезде «Алашордаға» қарсы құпия мәліметтер жинақталып, Өлкелік комитетте тексеріліп, кімге қандай айып тағу керектігі туралы тергеушілерге нұсқау беріліп жатқан. Бұл ретте қарт күрескер Б.Қаратаевтің құжаттары олар үшін аса құнды еді. Сол «құнды құжаттардың» бірі «халық мұғалімі С.Тұрынтаевтің хатының» негізінде, Х.Досмұхамедов бастатқан «Ойыл уәлаяты» үкіметінің қайраткерлері түгелдей тұтқындалып, барса-келмеске жіберілді. Хат «халықтық мұғалімнің» жат пиғылына орай:



«Бұдан кейін тиісті өкім шығаруыңыз үшін Сіздің құзырыңызға Орал облысының арғы бетіндегі тұрғындардың (қазақтар мен қоныстанушылардың) тағдырын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған (вершителей судеб) Халел Досмұхамедовтің (бұрынғы Ойыл аудандық аткомының, Орал облаткомының, Орал жер басқармасының төрағасы және «Алашорданың» батыс бөлімінің, тағы басқалардың да мүшесі) қимыл-әрекеттері туралы баяндауды өзімнің парызым деп есептеймін. Халел Досмұхамедов төңкеріске дейін 8 жыл дәрігерлік етті, ол кезде қоғамдық қозғалысқа ешқандай да ынтасы байқалған жоқ»,– деген әшкерелеуші екпінмен басталады.

Зады Салық мұғалім Х.Досмұхамедовтің 1904 жылы Қазан қаласындағы Ветеринар институтының студенті, досы Ғұбайдолла Бердиевке ел қамын ойлап жазған хатынан кейін жандармерияның бақылауына алынғанынан, әрине, бимағлұм болса керек. Оған халықтық мұрағаттанушы Болат Нәсеновтің Мәскеудің Әскери-тарихи архивінен тапқан төмендегі дерегі дәлел. Хаттың шекесіне:



«Әскери-медицина Академиясының студенті Досмұхамедов Халел Досмұхамедұлы туралы. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімі, 4 сөре. 23 қазан, 1904 ж. №15081. Полиция департаментінің осы жылғы 16 қазандағы №12065 ұсынысына орай мынаны хабарлаймын:

Қазан қаласының Ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бердиевке 1904 жылы 7 қазанда Санкт-Петербургтен жазылған «Сенің Халелің» деп басталатын хаттың авторы Әскери-медицина академиясының студенті Досмұхамедов Халел Досмұхамедұлы, Даманский көшесіндегі № 46 үйде тұрады. Осыған дейін бұл адам туралы саяси сенімсіздік көрсететіндей мәліметтер түскен жоқ», деген ескерту жазылған.

Демек, Халел сол күннен бастап тіміскінің аңдуына ілінген. Хаттың иесіне жетпей, неге жандармерияның құпия тартпасында қалғаны енді түсінікті.



Ондағы: «1904 жыл, 7 қазан. С-Петербургтен Қазан қаласындағы Ветеринар институтының студенті Ғұбайдолла Бердиевке.

Қаладағы ұзақ мерзімге созылған қапырық өмірден кейін шалқар даланың кеңдігі менің бойымды билеп алды. Өзіме таныс кигіз үйдің көрінісі, аса қымбатты ауылыма келуім, туыстармен кездесуім, сырт адамдардың құрметі – осының бәрі таңқаларлықтай әсер етті. Бұл қыр елінің өркениеттілерден жоғары тұрғандығының белгісі. Сенен басқа жүздеген, мыңдаған қазақтың жоғарғы дәрежелі білім алып жатқанын ойыңа алсаң, сол кезде: бұл халық та еңбекке, алға басуға қабылетті екен, деп есептейсің. Бұл: «Бір кезде дүние жүзінде алдыңғы қатарлы құрметті орындардың бірін алады, ол екінші Жапонияға айналады», деген сөз.

Мұндай елдің ақ сайтандардың қол астында үнемі бола беруі мүмкін емес. Өзін-өзі тұншықтырған, әрі өзінің озбыр билігіне шек қоя алмайтын, тіпті жерасты дүмпуіне қарсы тұра алмайтын бұл жұрт өзінің өшін ешқандай кінәсі жоқ шет аймақтағы халықтардан алмақшы. Осылайша, әзірше қарсыласуға шамасы жоқ біздің халқымызды тықсыруда, жаншуда. Олардың жерін тартып алуда. Бұл жерді халқымыз қанын төгіп татар, башқұрт, қалмақтардан қорғап қалған еді. Мыңдаған адамды құрбан етіп, олардың жерін ұрыларына, тонаушыларына, біздің халықты «үйретушілерге» бөліп берді. Олар біздің халыққа темекі тарту, арақ ішу, өтірік айту, ұрлық, зорлық зомбылық арқылы қайыршы болуды үйретіп, соның жемісі ретінде бүкіл халықты құрып кету кезеңіне жеткізбекші. Біздің халық өмір сүру үшін жанталасуы қажет. Біздің дала әкімшілігіндегілер де дәл осындай жолмен жүрмекші. Бірін-бірі жамандауды, пәлеқорлықты, дау-жанжал туғызуды және партияға, жікке бөлініп жауласуды өршітуде.

Міне, бірнеше жылдан бері бақытсыз заманның кеселінен қатыгез, адамгершілігі жоқ, халқына деген жүрегі таза емес, аяушылықты білмейтін, тонаушылар, қасиетті діни сезімді аяққа басушылар ел басқарып келеді. Мысалы, «Қызыл крестке» жанашырлық жәрдем көрсету» дегенді сылтаулап, бастықтар «бұйрықпен» байлардан бір-бір қойдан, ал кедейлерден бір сомнан жинауға пәрмен берді. Бұл адам айтқысыз көп соманың 100 сомы басқармаға қалдырылады. Біздің бақытсыз халқымызға Жұлдызовтың (Юлдузовтың) компаниясының жасаған жамандығын есептеп шығару үшін бірнеше адамды отырғызу керек.

Сайлау кезінде де солай. Оған ешнәрсені қарсы қоя алмайсыз. Бүкіл халықты қорқытып қойған. Олар үндемейді. Ең өкініштісі сол, осыны көре тұрып сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді. Біз халыққа көмектесеміз деп қиялдаймыз. Қашан? Осының барлығы жүректі ауыртады. Тек сен ғана мені түсінесің, маған жаның ашиды. Ойланшы. Болыстыққа Адай Өжекті (19 шар алған) немесе Жылсүйімбетті (11 шар алған) сайлауға болмас па екен? Әйтпесе, болыстыққа Гадучевтердің компаниясынан сұмырай Жұмағұлды сайлауы мүмкін. Онда тағы да халық оның қанауынан қан қақсайды», деп өршіл де намысты қаламмен жазылған осынау хаттың астарынан оянып келе жатқан күрескер рухтың тегеуіріні анық танылады.

Бұл туралы Халелдің өзі:



«1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де, саяси жұмыс жүргізуіме тыйым салынды», деп жазды.

Мүмкін, «халық мұғалімі»Халелдің мұндай елдік мінезін біліп тұрып, білместікке салды ма, кім білсін.

Егерде «қоғамдық қозғалысқа еш қатысы болмаса», онда Х. Досмұхамедов «Батыс Алашорда» үкіметінің мақсаты мен міндеті туралы 1918 жылы сәуірде Ленин мен Сталинге ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыс туралы:

«Таптық және тектік (сословиелік) алауыздық пен бөлінудің жоқтығы, тұрмыс пен шаруашылықтың бір формасы қазақ халқын біріктіре түсті, сана-сезімі ояна бастаған халық жалпыұлттық мұрат-мүдделерді талдауға ұмтылды. Жалпыұлттық мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы ұлттық мемлекеттік дербестік мәселесі еді. Бұл мәселенің күн тәртібіне өткір қойылуына ықпал еткен мына жағдайлар болатын:

1. Қазақ халқы өзінің ұлттық тәуелсіздігі мен дербестігін әлі ұмыта қойған жоқ еді, қазақтардың орыс бодандығына толық өтуі өткен ғасырдың 80-жылдарында, яғни, бұдан 50 жылдай бұрын ғана аяқталды.

2. Бастан кешіріп отырған патша өкіметі отарлау саясатының қорлығы мен езгісі.

Міне, сондықтан да 1905-1906 жылдардағы революция кезінде, қазіргі кезде де қазақ халқы ең алдымен ұлттық дербестік пен тәуелсіздікті талап етті, дербестік Қазақ өлкесін автономиялық жолмен басқару арқылы көрінуі керек.

Революцияның басында қазақ халқы ұлттық автономияны Құрылтай жиналысы арқылы да алмақ болды, бірақ, кейінгі Октябрь ревоюциясы мен елдегі азамат соғысы қазақтардың көзін ашты. Бостандықтың құны қымбат, сондықтан да билік басындағылар бостандықты оңай бере қоймайды. Тәуелсіздік пен бостандыққа тек ұйымдасқан күрес арқылы ғана жетуге болады. Күрес нәтижелі болу үшін қоршаған қоғамдық ортадағы әртүрлі саяси ағымдарға бейімделе білудің және күрес жолында сенімді одақтастарды таңдай білудің де үлкен маңызы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет