Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Паравоз.
Мақсаты: Паравоз туралы өлең оқып беру. Балалардың тіл байлықтарын молайту. Паравоздың суретін ермексаздан мүсіндеу. .
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.
Билингвалды компонент: паравоз-паравоз
Сөздік жұмыс: паравоз.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.
|
Балалардың қызығушылығы оянады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңбері:
Күндей жылы,
Алмадай тәтті,
Доптай көңілді,
Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Кіріспе әңгіме
Жұмбақ:
Күндіз-түні күрсінеді,
Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)
Адамдар алыс сапарларға жол көліктерімен, яғни автобустармен, әуе көлігі – ұшақпен, темір жол көлігі – пойызбен, су көлігі – кемемен жол жүреді. Балалар сендер алыс жолдарға шыққан кезде қандай көлік түрлерімен барғанды ұнатасыңдар.
Бүгін біз ермексаздан паравоздың бейнесін мүсіндейміз.
Жұмыстың орындалу барысын түсінідіріп өтейін.
-Түрлі түсті ермексаздан тіктөртбұрыш жасап алып, паравоздың бейнесін мүсіндейміз.
-Ақ ермексаздан паравоздың терезесін мүсіндейміз. .
Сергіту сәті:
Бір екі, үш,
Жинап алып күш.
Біз ұшамыз кептерше
Қолымыз жерге жеткенше.
Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.
|
Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектері.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.
Шешуін табу, есте сақтау.
Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.
Қимылмен көрсетеді.
Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру.
|
Салған суреттеріне қызыға қарайды..
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;
Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;
Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Алтын балық
Мақсаты: Балаларды ертегі оқып беріп, түсінгендерін әңгімелету. Тіл байлықтарын жетілдіру. Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Әшекейлік арқылы көркемдік тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.
Билингвалды компонент: Алтын балық-золотая рыба
Сөздік жұмыс: жарлы.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.
|
Балалардың қызығушылығы оянады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңбері:
Күндей жылы,
Алмадай тәтті,
Доптай көңілді,
Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Кіріспе әңгіме
Балалар мен сендерге алдымен «Алтын балық» ертегісін оқып берейін. Мұқият тыңдаңдар.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
-Шал қайда барды?
-Өзенге не үшін барды?
-Шалдың қармағына не ілінді?
-Балық шалдың қандай арманын орындады?
Жұмыстың орындалу барысын түсінідіріп өтейін.
Бүгін біз алтын балықтың бейнесін картонға салып алып, оны қиып аламыз. Дайын болған балықтың желбезегін түрлі түсті моншақтармен безендіреміз.
Жұмысты бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Бір екі, үш,
Жинап алып күш.
Біз ұшамыз кептерше
Қолымыз жерге жеткенше.
Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.
|
Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектері.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.
Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.
Қимылмен көрсетеді.
Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарын талдау. Жақсы жасалған жұмыстардан кішігірім көрме ұйымдастырады.
|
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: «Алтын балық» ертегісін;
Нені игерді: әртүрлі моншақтан балықтың желбезегін безендіруді;
Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Арыстан
Мақсаты: Балаларға арыстан туралы ертегі әңгімелеп беру, арыстанның жабайы аң екенін ұғындыру. Ертегінің мазмұнын білуге үйрету. Түрлі қағаздардан арыстан бейнесін жапсыру арқылы бейнелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.
Билингвалды компонент: арыстан-лев
Сөздік жұмыс: патшасы
Көрнекіліктер: Арыстанның суреті, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
«Арыстан мен түлкі» ертегісін оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар.
|
Балалардың қызығушылығы оянады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңбері:
Күндей жылы,
Алмадай тәтті,
Доптай көңілді,
Жүзіктей әдемі бол!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Кіріспе әңгіме
-Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
-Аңдар қайда мекен етеді?
-Аң патшасын айтыңдаршы.
-Түлкі қандай аң?
-Қоян ше?
Дұрыс айтасыңдар, аңның патшасы арыстан.
Үлгіге қарап, арыстанның бейнесін қалай жапсыру керектігіне назар аударыңдар.
Жұмыстың орындалу барысын түсіндіріп өтемін, сендер мұқият тыңдаңдар.
- Алдымен қоңыр түсті қағаз аламыз.
-Арыстанның басын қиып аламыз. Басының пішіні домалақ.
-Денесі сопақша.
- Құйрығы ұзын келеді.
-Аяқтарын қиып аламыз.
Осы қиындыларды енді ақ қағазға жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.
|
Балалардың бір-біріне деген жақсы тілектері.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.
Қимылмен көрсетеді.
Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, қортындылауына мүмкіндік беру.
|
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: «Арыстан мен түлкі» ертегісінің мағынасын;
Нені игерді:жұмыстың орындалу барысын;
Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: екі еселеп бүктелген шаршылардан дөңгелектер қию тәсілін жетілдіру; әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден құұала бейнесін құрастыруды үйрету; қолдарының икемділіктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, бекіту.
Билингвалды компонент: аққала-снеговик
Сөздік жұмыс: аққала, таяқ, сыпырғыш.
Көрнекіліктер: аққала бейнеленген суреттер, түрлі түсті қағаздар, қайшы желім, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Алдын ала балаларға жұмбақ жасырып, жұмбақтың дұрыс шешуінен кейін аққаланың суретімен жұмыс жасату.
|
Қызығушылықтары артады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңбері:
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Сурет бойынша жұмыс:
Өте дұрыс. Балалар ауладан қардан домалатып, Аққаланы барлығы бірігіп, бір-біріне көмектесіп жатыр.
Аққала жасағанда қардан домалатып әртүрлі көлемде үш домалақ жасап алып, оларды бір-бірінің үстіне үлкенінен бастап орналастырып қойып алады. Сосын басына шелек кигізіп, бет-әлпетін жасайды. Қолдарын жасап, қолына таяқ немесе сыпырғыш іледі.
Бүгін біз осы Аққаланы қағаздан қиып, жапсырып жасаймыз.
Мен сендерге үлгі ретінде жұмысты орындап көрсетемін, мұқият тыңдаңдар.
Тіктөртбұрыш пішінді дайындаманы көгілдір түсті қағаздан қиып аламыз.
Оны екі еселеп бүктеп, жай қарындашпен шеңбердің ширек бөлігін сызамыз.
Контур сызық бойымен дөңгелектерді қиып аламыз.
Түрлі түсті қағазға Аққаланың қалған бөлшектерін (қолы, шелегі, сыпырғышы, сәбіз-мұрны) сызып, сызық бойымен қиып аламыз.
Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін реттеп орналастырып аламыз.
Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.
Аққаланың көзі мен аузын қара фломастермен сызып аламыз.
Серіту сәті:
Қыздырайық денені,
Кел, балалар, кел бері.
Қыздырайық денені
Орнымыздан тұрып-ақ.
Балалар істеріңе сәттілік тілеймін.
|
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Зейін салып тыңдайды.
Өлең мазмұнына қарай қимыл – қозғалыстар жасайды, көрсетеді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Оқу іс – әрекетін қорыту:
Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару. Жақсы жасалған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Балалар жұмыстарын бағалау, мадақтау.
|
Жасаған жұмыстарына қызыға қарайды.
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек: Аққала туралы тақпақтар, жұмбақтар жатқа біледі;
Нені игерді: әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққала бейнесін
құрастыруды игерді;
Нені біледі: .жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Түймедағы
Мақсаты: Балаларға «түймедақ» гүлі туралы оның адам денсаулығын пайдасы туралы әңгімелеп беру. Бүктеу әдіс-тәсілдерін түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету, жапсыру, бекіту.
Билингвалды компонент: түймедағы-ромашка
Сөздік жұмыс: түймедақ
Қолданылатын көрнекілік: түймедақ гүлі, дайын жұмыстың үлгісі, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, қолорамал.
Іс- әрекет
Кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Қазақстанда өсетін гүлдер туралы әңгімелесу.
|
Балалардың
зейіні артады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңберін құру.
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығынбіз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.
Табиғат күн тізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Кіріспе әңгіме
Гүлді әдемілік үшін өсіреді. Гүлдер бақшада, тауда, далада, бөлмеде өсіріледі.
- Бөлме гүлдерін қалай күту керек, және оны кімдерге сыйлайды?
-Түймедақ гүлі бақшада, тауда, далада өседі. Тауда және далада өсетін түймедақ гүлі жабайы түріне жатады. Ал бақшада өсетін түймедақ гүлі жабайы түймедақ гүлінен айырмашылығы өте көп.
Енді осы гүлді бүктеу әдісі арқылы жасаймыз. Үлгіге қарап жұмыстың орындалу ретімен танысайық.
Жапырақтар мен гүл күлтелеріне арналғандайындамаларды қабаттап бүктеу.
Қарындашпен жапырақтар мен гүл күлтелерінің суретін салу.
Бөлшектерді белгі бойымен қию.
Гүлдің ортасын қиып алып тіліктер жасау. Тіліктерді ұқыппен шашақтау.
Гүл күлтелері мен жапырақтарының ұшын қарындаштың көмегімен сәл иіп көтеру.
Негізгі қағаз бетіне бөлшектерді үйлестіріп орналастыру.
Барлық бөлшектерді ретімен жапсыру.
Жұмыстың орындалуын, әр баланың өз міндетін дұрыс атқаруын қадағалау.
Сергіту сәті:
Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен аналарға сыйлаймыз.
|
Балалар дөңгелене тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.
Гүлдер туралы әңгімелейді.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Қимылмен көрсетеді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Оқу іс-әрекетін қортындылау.
Дайын жұмысты бөлме қабырғасына іліп қоюға немесе сыйлауға болады.
|
Балалар жасаған жұмыстарын керегеге іліп қояды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: көлемді түймедақ гүлін жасау тәсілімен танысты.
Нені игерді: бүктеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Нені біледі:.гүлдер туралы өлең, тақпақтарды жатқа айтады.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Тасбақаның суретін салып үйренеміз
Мақсаты: «Тасбақа» туралы ертегі оқып беру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыпты бояуға жетелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.
Билингвалды компонент: тасбақа-черепаха
Сөздік жұмыс:тасбақа.
Көрнекіліктер: тасбақа бейнеленген суреттер.
Іс- әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
«Тасбақа» туралы ертегі оқып беру.
|
Балалардың қызығушылықтары оянады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Шаттық шеңбері:
- Кәне, балалар дөңгелене тұрып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Кіріспе әңгіме
Балалар мен оқу іс – әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.
Жұмбақ жасыру:
Аяғы бар басы бар,
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)
-Тасбақа қайда өмір сүреді?
-Не үшін тасбақа дейміз?
Жарайсыңдар балалар. Тасбақа өте баяу жүреді және ол құрғақ, шөлді, сонымен қатар суда да мекендейді. Өзін қорғайтын кезде аяқ – қолын, басын жинап, бұғына қалады.
- Демек,балалар тасбақаның суретін саламыз.
Үлгіге қарап жұмыстың орындалу барысымен таныстыру.
- Қоңыр немесе сұр түстерді қолданамыз.
Сергіту сәті:
Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ.
Бұтың неге талтақ,
Көзің неге тостақ,
Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ.
Су ішінде көп жүзіп ,
Бұтым содан талтақ.
Көрінгенге көп қарап
Көзім содан тостақ.
|
-Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Шешуін табу, есте сақтау.
Тасбақаның суретін салуға кіріседі.
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Оқу іс – әрекетін қорытындылау:
Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау.
|
Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |