Түсіндірме хат



бет3/6
Дата04.02.2020
өлшемі110,85 Kb.
#57149
1   2   3   4   5   6


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып тасбақаның бейнесін жасай алады;
Нені игерді: тасбақаның бейнесін ұқсатып жасауға дағдыланды;

Нені біледі: тасбақа туралы өлең – тақпақтарды жатқа біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Досыма сыйлық

Мақсаты: Балаларға «Достық» туралы әңгіме оқып, сұрақ-жауап арқылы білгендерін жетілдіру. Достық туралы мақал-мәтел жаттау. Мүсіндеу барысында шағын көлемді, кесек есу әдіс-тәсілдерін көрсету.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.

Билингвалды компонент: сыйлық-подарок

Сөздік жұмыс: сыйлық
Көрнекіліктер: сыйлықтың суреттері, ермексаз, тақтайша, орамал.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


«Достық» жайында мақал-мәтелдер жарысын өткізу.

Балалардың қызығушылықтары оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:
- Кәне, балалар дөңгелене тұрып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Кел балалар ортаға!


Қайырлы таң достарым!
Достарымды көргенде!
Қуана қарсы аламын!
Қолымыздан ұстасып,
Жылулықты алайық.
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:


Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.


Кіріспе әңгіме
Мақал-мәтелдер:
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
-Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Балалар жан дос дегенді қалай түсінесіңдер?

-Балалар сендердің достарың бар ма?
-Достарыңа қандай сыйлық жасағанды ұнатасыңдар?
Онда өздеріңе ұнаған сыйлықты ермексаздан мүсіндеп жасап, достарыңа сыйлаңдар.
Сергіту сәті:


Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.


-Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.

Мақалды жатқа айтқызу.

Балалардың жауаптары.

Балалар өздеріне ұнаған сыйлықтарды ермексаздан мүсіндеп жасайды.

Қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс – әрекетін қорытындылау:

Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау.




Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: «Достық» туралы мақал-мәтелдерді;

Нені игерді: ермексазбен әр түрлі сыйлықтарды жасауды игерді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Қояндар

Мақсаты:Балаларға қоян туралы тақпақ . жаттатып, қоянның суретін көрсету арқылы қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасау. Түрлі бүктеу әдіс-тәсілдерін үйрету.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.

Билингвалды компонент: қоян-заяц

Сөздік жұмыс: көжек

Көрнекіліктер: Қоянның суреті, түрлі қағаздар.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


«Қоян» туралы ертегі оқып беру.

Балалардың қызығушылықтары оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:
Отырған аппақ бір қоян,
Неткен сапсақ бұл қоян.
Құлақтары делеңде,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Қоян жаурап суықта,
Отырсың не күзетіп,
Аяқтарың сіресіп,
Табаныңнан сыз өтіп
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:


Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.


Кіріспе әңгіме
Оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.

Қалқиып ұзын құлағы,


Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
-Балалар қандай жабайы жануарлар түрлерін білесіңдер?
-Аңдар қайда мекен етеді?
- Қоян туралы кім тақпақ біледі?
- Қоянның төлінің атауы қандай?

Демек балалар ақ және сұр түсті қағаздардан бүктеу әдісі арқылы қоянды жасаймыз.

Үлгіге қарап жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтейін, мұқият тыңдаңдар.

Сергіту сәті:


Тұра, тұра суықта,

Қоян жаурап торықты.


Алайын деп жылынып,
Әрлі-берлі жорытты.
Секең-секең, секең-секең,
Секіріп жылынатын қоян екен,
Үркітті де бір ноян,
Зытып берді бір қоян.
Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.

Өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.


Шешуін табу, есте сақтау

Балалар қоян туралы тақпақтар айтады.
Жұмыстың орындалу барысымен танысады.

Қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс – әрекетін қорытындылау:

Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау.




Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: қоян туралы тақпақ, жұмбақтар;

Нені игерді: ермексаздан қоянды мүсіндеуді;

Нені біледі: жұмыстың орындалу барысын.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Бақа

Мақсаты: Бақа туралы тақпақтар жаттау және ертегі оқып беру. Бақаның түрлерімен таныстыру. Қағаздарды бүктеу тәсілдерін жасап жаттығу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, бекіту.

Билингвалды компонент: бақа-лягушка

Сөздік жұмыс: бақа

Көрнекіліктер: Бақаның суреті, түрлі қағаздар.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


«Әтеш пен Бақа» туралы ертегі оқып беру.

Балалардың қызығушылықтары оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:
Отырған аппақ бір қоян,
Неткен сапсақ бұл қоян.
Құлақтары делеңде,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Қоян жаурап суықта,
Отырсың не күзетіп,
Аяқтарың сіресіп,
Табаныңнан сыз өтіп
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу:


Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.

Ауа райын бақылау.


Оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.

Жұмбақ:

Таңдайлары тақылдап,


Шулайтын кім шалшықта.
Бірін-бірі мақұлдап. (Бақа)
-Бақа туралы кім тақпақ біледі?
- Бақаның қандай түрлерін білесіңдер?

- Бақа қайда мекен етеді?


-Бақаның түсі қандай?
-Пішіні қандай?
Бүктеу әдіс-тәсілі арқылы жасыл қағаздан бақаны жасаймыз. Үшбұрыш пішінге келтіріп бүктеп алыңдар. Басы, көзін домалақ пішінге келтіріңдер. і

Үлгіге қарап жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтейін, мұқият тыңдаңдар.


Сергіту сәті:
Бақа, бақа, балпақ
Басың неге жалпақ.
Темір телпеккөп киіп,
Басым содан жалпақ.
Бақа, бақа, балпақ
Көзің неге тостақ,
Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ,
Су ішінде көп жүзіп
Бұтым содан талтақ.

Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.



Өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.

Шешуін табу, есте сақтау.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жұмыстың орындалу барысымен танысады.

Қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс – әрекетін қорытындылау:

Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру, балалар жұмысын бағалау.



Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: бақа туралы тақпақ, жұмбақтар;

Нені игерді: бүктеу әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бақаны жасауды;

Нені біледі: жұмыстың орындалу барысын.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Қаздың балапаны

Мақсаты: 1. Үй құстары туралы өлеңдер жаттау.

2. Қаздың балапаны туралы әңгіме айту.

3. Балаларды ине-жіппен жұмыс жасауға жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, бекіту.

Билингвалды компонент: қаз-гусь, балапан-цыпленок
Сөздік жұмыс: қаздың балапаны

Көрнекіліктер: әңгіме желісі туралы сурет.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Алдын ала сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың зейіні оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


1.Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұд қыздар,
Тату тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар балаға,
Тек жақсылық тілейміз.

1.Кіріспе әңгіме


Үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық жатады. Олардың адам баласына тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз. Құстардың балапандары әр түрлі болады.


2. Сұрақтар мен тапсырмалар:

3. Үй құстарын ата.

4. Мына құстардың суретінен үй құстарын табыңдар.


Қолдарыңдағы ақ түсті матадан қаздың балапанын өлшейміз, сосын қайшымен ұқыптап қиып аламыз да оны ине-жіппен тігеміз.

Инемен жұмыс жасағанда өте мұқият болыңдар. Ине бір жерлеріңе кіріп кетуі мүмкін.

Алдымен үлгіге қарап жұмыстың орындалу ретімен таныстырып өтейін, мұқият тыңдаңдар.
Сергіту сәті:
Сырға, сырға сырғалар,
Құлағыңда ырғалар
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік
Қолға қалам аламын.
Әдемі сурет саламын.
Балалардың жұмыстарының орындалу барысын қадағалап, қиналған балаларға көмек көрсетеді.

Өлең жолдарымен қимыл әрекет жасайды.


Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды.


Үй құстары туралы әңгімелейді.

Тапсырмаларды орныдайды.


Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік


Жасалған жұмыстарға тәрбиеші балаларды қатыстырып, талдау жұмысын жүргізеді.

Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.


Күтілетін нәтиже: үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру;

Нені білу керек: қаздың балапан

Нені игерді: бүктеу әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қаздың балапанын жасауды;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы:« Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Балықтар

Мақсаты: кесек ермексаздан созу арқылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; Әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Билингвалды компонент: балық-рыба
Сөздік жұмыс: сазан, бекіре, кит, дельфин, акула.

Керекті құралдар мен материалдар:Аквариумдағы балықтар, әртүрлі балықтардың суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал т.б.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Сюжеттік суреттер, үлестірмелі материалдармен жұмыс жасату.

Балалардың қызығушылықтары оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:

Күндей жылы


Доптай көңілді
Жүзіктей әдемі
Алмадай тәтті бол!
Жыл мезгілдеріне тоқталып өту.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райына бақылау.

Балалар мен оқу іс – әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.


- Балықтар қайда өмір сүреді?
- Олар су түбінде немен қоректенеді?
- Балықтың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар барлығың келіңдерші аквариумдағы балықтардың қасына. Енді дене құрылысындағы ерекшеліктерге назар аударайық.
Сендер балықтың қандай түрін мүсіндегілерің келеді?
Мен сендерге жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп өтемін, мұқият тыңдаңдар.
. Созу тәсілімен балықтың жүзбеқанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын
айту.
Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартып аламыз.
Ермексазды домалақтап алып, аздап жаншып, жалпайтамыз.
Созу тәсілін пайдаланып, жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз.
Балықтың дене бөлігін шиыртпалар және домалақтармен әшекейлейміз.
Көздерін мүсіндеп алып, бас бөлігіне бекітеміз.
Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.

Сергіту сәті:
Көлдің беті кілегей,
Жер сап-сары бірегей.
Тырау-тырау тырналар
Түстікке бетті бұрды олар.
Қара суық жел есті,
Күннің көзі көмескі.
Ал, енді әдемі балықтарды мүсіндейміз.
Істеріңе сәттілік тілеймін.

Сәлемдеседі.

.

Қойылған сұрақтарға толық жауап береді?



Білетін балық түрлерін айтады.
Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды.

Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.

Өлең жолдарын пайдаланып, сергіту жаттығуын орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік


Қорытындылау:
Балалардың жасаған жұмыстарын бірге талқылау және шағын көрме ұйымдастыру.


Бірге талқылайды, шағын көрме ұйымдастырады..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет