Түсіндірме хат



бет4/6
Дата04.02.2020
өлшемі110,85 Kb.
#57149
1   2   3   4   5   6


Күтілетін нәтиже: Балықты мүсіндеу;

Нені білу керек: балықты мүсіндеудің орындалу тәсілін;

Нені игерді: ұқсатып жасауға дағдыландыру;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Анамызға сыйлық

Мақсаты: Балаларға «Ана» өлеңін оқып беріп, мазмұндау. Балалардың ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Түсті қағаздардан гүл құрастыру.Аналарына сыйлық дайындау.

Әдіс-тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, қорыту.

Билингвалды компонент: сыйлық-подарок

Сөздік жұмыс: 8-наурыз, халықаралық, күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті.

Қолданылатын көрнекіліктер: аналар мерекесі туралы суреттер, қайшы, желім, түрлі-түсті қағаздар, желім.
Іс- әрекет

Кезеңдері

Тәр

иешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Аналар мерекесі бейнеленген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі – халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.
Балалардың қызығушылығы оянады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік
1.Шаттық шеңбері:

Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өзінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының өздерін қала еркелетінін айтады.


Енді сендер аналарыңа жақсы тілектеріңді білдіріңдер.

. 2.Кіріспе бөлімі:


а) Сурет бойынша жұмыс.
Дәптердегі аналар мерекесін бейнеленген сурет арқылы түсінік беру.
Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі. Бұл сендер сияқты бүлдіршін қыздарымыздың, әпкелеріңнің, ақ жаулықты аналарыңның, әжелердің мерекесі.
- Өмірде үш қадірлі зат бар, ол – күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті.
- Мерекеде аналарыңа не сыйлағылырың келеді?
Ендеше балалар анамызға арнап сыйлық дайындайық.
-Алдымен гүлдің сабағын қоңыр түсті қағаздан қиып аламыз.
-Жасыл түсті қағаздан жапырақтарын дайындап аламыз.

-Түрлі түсті қағаздан алуан түрлі гүл күлтелерін қиып аламыз.

-Соңында дайын болған қиындыларды картонға ретімен жапсырамыз.
в) Д/о: «Кімнің дауысы, табайық!»
Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, даусын танып айтады.
Сергіту сәті:
Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен аналарға сыйлаймыз.

Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.

-Ана – не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!
-Ана деген болашағы өмірдің!
-Ана деген қуанышы көңілдің!

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар зейін қойып тыңдайды.

Аналарына сыйлайтын гүлдерді қиып жапсырады. .

Балалар әжелері мен аналарының дауыстарын ажыратады.

Қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытынды:
- Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
- Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады. .
Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі екенін білу керек;

Нені игерді: өмірде үш қадірлі зат бар екенін түсінді;

Нені біледі: аналарға қандай сыйлық сыйлау керектігін

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Гүлдер әлемі

Мақсаты: Балаларға гүлдердің түрлері туралы ертегі оқып беріп, мазмұндау. Балаларды бояумен сурет салуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Билингвалды компонент: гүлдер-цветы

Сөздік жұмыс:.бәйшешек, қызғалдақ, қыр.

Көрнекіліктер: көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель бояулар, қарындаштар, су,қылқалам, қолорамал.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Көктемнің алғашқы гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау


Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың,


Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
Мен сендерге оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.
Өзі сондай нәзік
Су құйсаң кетеді,
Алақанын жазып.
(Гүл)
Гүлдер әсем де, әдем және алуан түрлі болады.
- Гүлдер қайда өседі?
Дұрыс айтасыңдар. Далада өсетін гүлді дала гүлі дейміз.
- Ал қырда, далада және тауда өсетін гүлді қалай атайсыңдар?
- Гүл жер бетіне көрік беріп тұрады. Ал адамдарға болса қуаныш, көңіл сыйлайды.
Суретке назар аудару.
- Суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Мына гүлдердің аттары қандай?

-Қызғалдақ пен бәйшешек көктемнің алғашқы гүлі. Гүлдердің әдемілігіне қарай иістері де хош иісті болады.


Мен сендерге суреттің салу реттілігін түсіндіріп өтейін.

-Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу.




Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,


Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.



Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.


Шешуін табу, есте сақтау

-Далада, тауда, қырда.


-Қыр гүлі, дала және тау гүлі деп атаймыз.

-Гүлдер


-Қызғалдақ, бәйшешек.

.


Қимылмен көрсетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік


Қорытынды:
Балалардан салған суреттерін бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау.

Барлық балаларды мақтау сөздерін айтып қуанту.



.Балалар салған суреттеріне талдау жасайды, жақсы салынған суреттерді тақтаға үлгі ретінде іледі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көктемнің алғашқы гүлдерінің атауын біледі;

Нені игерді: гүлдердің әдемілігіне қарай олардың иістері де хош иісті болып келетінін түсінді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Көлде жүзген аққу

Мақсаты: Балаларға көлде жүзетін құстар туралы әңгіме оқып беру. Тұзды қамырды ұқыпты бояу. Қол икемділіктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.

Билингвалды компонент: көл-озеро, аққу-лебедь

Сөздік жұмыс: аққу.

Көрнекіліктер: Аққудың суреті.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:


Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.

Жыл мезгілдеріне тоқталу.


Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.

Жұмбақ:

Садақша мойнын иілтіп,


Көрген жанды сүйінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі;
Көктегі құстың еркесі. (Аққу)

Аққу атына заты сай. Өте аппақ құс болғандықтан, бұл құсты аққу дейміз. Балалар аққу өте қасиетті құс. Құстардың ішіндегі ең сұлу құс аққу. Бұл құс көлде жүзеді. Аққуды атуға болмайды.




Мақал:
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.

Қазір біз осы көлде жүзген аққу құсын ермексаздан мүсіндейміз. Алдымен бізге ақ түсті ермексаз керек. Ал, көлге көк түсті ермексазды қолданамыз.


Жұмыстың орындалу реті түсіндіріледі.

Сергіту сәті:
Бір екі, үш,
Жинап алып күш.
Біз ұшамыз кептерше
Қолымыз жерге жеткенше.

Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.



Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.

Шешуін табу, есте сақтау.

Мақалды жатқа айтқызу.


Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.

Қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру.

Салған суреттеріне қызыға қарайды..


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;

Нені игерді:

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Алқаптағы гүлдер

Мақсаты: «Көктем» мезгілінде өсетін гүлдер туралы тақпақ жаттау. Көктем гүлдерін жинақтап, кептіріп жапсыру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Билингвалды компонент: алқап-поляна

Сөздік жұмыс:.бәйшешек, қызғалдақ, қыр.

Көрнекіліктер: көктемнің алғашқы гүлдері жапсырылған суреттер.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Көктемнің алғашқы гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау


Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың,


Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
Мен сендерге оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.
Өзі сондай нәзік
Су құйсаң кетеді,
Алақанын жазып.
(Гүл)
Гүлдер әсем де, әдем және алуан түрлі болады.
- Гүлдер қайда өседі?
Дұрыс айтасыңдар. Далада өсетін гүлді дала гүлі дейміз.
- Ал қырда, далада және тауда өсетін гүлді қалай атайсыңдар?
- Гүл жер бетіне көрік беріп тұрады. Ал адамдарға болса қуаныш, көңіл сыйлайды.
Суретке назар аудару.
- Суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Мына гүлдердің аттары қандай?

-Қызғалдақ пен бәйшешек көктемнің алғашқы гүлі. Гүлдердің әдемілігіне қарай иістері де хош иісті болады.



Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,


Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Демек біз алдымыздағы кеуіп тұрған гүлдерді ақ қағазға жапсырамыз. Міне, алқаптағы гүлдер де жапсырылып дайын болды.

Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.


Шешуін табу, есте сақтау

-Далада, тауда, қырда.


-Қыр гүлі, дала және тау гүлі деп атаймыз.

-Гүлдер


-Қызғалдақ, бәйшешек.

.

Қимылмен көрсетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік


Қорытынды:
Балалардан жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы жапсырылған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау.

Барлық балаларды мақтау сөздерін айтып қуанту.



.Балалар салған суреттеріне талдау жасайды, жақсы салынған суреттерді тақтаға үлгі ретінде іледі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көктемнің алғашқы гүлдерінің атауын біледі;

Нені игерді: кептірілген гүлдерден жұмыс жасауды;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете алады.
Технологиялық картаны толтырған:
Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Қонжық

Мақсаты: Аюдық баласы туралы ертегі оқып беру, мазмұндау. Әртүрлі материалдарды біріктіріп, аюлар бейнесін жасауға үйрету. Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой-қиялын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Билингвалды компонент: қонжық-медвежонок

Сөздік жұмыс:.қонжық

Көрнекіліктер: әңгіме желісіне сай суреттер.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Аюдық баласы туралы ертегі оқып беру.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:

Кел балалар, күлейік,


Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады»
Күліп өмір сүрейік!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізіледі:
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Мен сендерге оқу іс-әрекетін жұмбақпен бастағым келіп тұр.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан. (Аю)
Балалар үйде өмір сүретін жануарлар үй дануарлары, орманда, далада өз бетімен өмір сүретін жануарлар жабайы аңдар. Аю да жабайы аңдарға жататынын бәріміз білеміз.
Аюдың баласын қалай атаймыз?

Демек біз қазір аюдың баласы қонжықты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қоңыр түсті матамен қонжықтың бейнесін жасаймыз.

-қайшы алып қонжықтың бейнесін пішіп, кесіп аламыз.
-ақ қағаз бетіне желіммен

жапсырамыз.


Сергіту сәті:

Аю-маң-маң басады,


Түлкі бұлаң қағады,
Қасқыр ылаң салады,
Қоян үркіп қашады,
Күн сәулесі төгілді,
Орман іші көңілді



Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.


Шешуін табу, есте сақтау

Тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

.


Қимылмен көрсетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік


Қорытынды:
Балалардан жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы дайындалған жұмыстарды үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау.

Барлық балаларды мақтау сөздерін айтып қуанту.



.Балалар жақсы жасалған жұмыстарын тақтаға үлгі ретінде іледі.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жұмыстың орындалу барысын;

Нені игерді: қонжықты пішіп, өлшеп, кесуді;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете алады.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Құстар

Мақсаты: Балаларға «Құстар» туралы ертегі әңгімелер оқып беру. Тақпақ жаттау. Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап, күте білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Құстардың суретін салу. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, бекіту.

Билингвалды компонент: құстар-птицы

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген суреттер, қағаз, гуашь, қылқалам, қарындаштар, су, қолорамалдар.


Іс- әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Алдын ала құстар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылықтары артады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.
- Өз жерімізде қандай құстар кездеседі?
- Қандай құстардың түрлерін білесіңдер? Олар табиғатты неден қорғайды?
Өте дұрыс айттыңдар. Құстар да табиғаттың бір бөлігі.
Құстардың дене құрылысына сипаттама берейік.
- Қане, құстар туралы қайсың өлең білесіңдер.
Бүгін біз құстардың суретін саламыз. Жұмыс дәптеріндегі құстардың суретін салу ретін таныстырып өтейін. Дөңгелек және сопақша пішіндердің көмегімен сурет салу тәсілін еске түсіру. Жай қарындашпен сопақша денесін саламыз.
Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағына үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз.

Қанатын сопақша пішінде келтіреміз.


Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз.
Құстың суретін бояймыз.
Өз қалауларың бойынша суретті ары қарай салуларыңа болады.
Жеке жұмыс кезінде балалардың сурет салу кезінде пропорцияны дұрыс сақтауына, қылқаламмен жұмыс жасау тәсілдеріне көңіл бөліп, қадағалау керек.

Жай қарындашпен сопақша денесін саламыз.


Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағына үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз.

Қанатын сопақша пішінде келтіреміз.


Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз.
Құстың суретін бояймыз.
Өз қалауларың бойынша суретті ары қарай салуларыңа болады.
Жеке жұмыс кезінде балалардың сурет салу кезінде пропорцияны дұрыс сақтауына, қылқаламмен жұмыс жасау тәсілдеріне көңіл бөліп, қадағалау керек.
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.


Өлең жолдарымен қимыл көрсетеді.


Балалардың

Жауаптары

тыңдалады.

Білетін өлеңдерін айтады.

Құстардың суретін салу ретімен танысады.

Қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ең жақсы, таза, ұқыпты орындалған суреттеріне назар аударып, сипаттама беру.

Балалар салған суреттеріне сипаттама береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет