Түсіндірме хат



бет1/5
Дата12.10.2020
өлшемі37,14 Kb.
#65411
  1   2   3   4   5

Түсіндірме хат

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы пікір сайыс клубының негізгі мақсаты  - жастардың бойында азаматтық  пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет  жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама – қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу;  жоғарыда аталған мақсаттарды негізгі, басты деп алып, пікір сайыс клубының мақсаты айқындалды:алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана алатын, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдай алатын, тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті білімді, тәрбиелі, ақпараттық мәдениетті (компьютерді және техникалық құрал-жабдықтарды еркін пайдалану) көптілді(үш тілде жазбаша және ауызша еркін қарым – қатынас жасай алатын полимәдениетті тұлға ), креативті (терең қазатын, айқын көретін, алысқа сүңгитін, күнді жарқыратып, келешекке құшақ жаятын, яғни өзін креативтілік тұрғысынан ұйымдастыра білетін), қоғамымыздың сұраныстарын қанағаттандыратын, көшбасшылық қасиеттері дамыған, еңбекқор, патриот түлек тұлғасын (элита) қалыптастыру.

Негізгі оқыту тәсілі болып пікірталас технологиясы саналады, оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлап оқыту тәсілі, мәселелік әдіс, жоба әдісі дайындық кезінде қосымша тәсіл ретінде қолданылады. Тренингтер, рөлдік ойындар, саяси- сауаттылық сайыстар мен дайындықсыз (спонтанно) сөйлесім байқаулары, жарыстар – оқытудың жиі қолданылатын түрлері.



Тоталитарлық тәртіп кезіндегі моноидеологияның күйреуі және дүниетанымдық көзқарастағы өзгерістер тарихи түсініктерге жаңа бағыттар алып келуде. Төл тарихымыз қайта жазылып, қасиетті Қазақ елінің тарихы өз халқының талабына сай қызмет ете бастады. Елімідің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, жаңа үрдістер адамзат баласы ғасырлар бойы жинақтаған құндыылықтары мен игіліктерін қайта зерделеп, жаңаша көзқарастар мен тұжырымдарды қалыптастыруда. Жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету мақсатында мектептерде бағдарлы оқыту енгізілуде. 
Бағдарлы оқыту жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін толық ескеруді көздейді. Бағдарлы оқытуда оқушылардың бағдарлы пәндер бойынша білімдерін кеңейту мен тереңдету жүзеге асыру мақсатында қолданбалы курстар ерекше болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет