ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту



бет1/20
Дата01.02.2018
өлшемі3,82 Mb.
#37301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

КF 12-06-01




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Халықаралық гуманитарлық –техникалық университеті



«БЕКІТЕМІН»

Оқу жұмысы бойынша

вице – президент

______ ___ Сабырова М.Е.

«_ »_________2016ж.

«5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығы бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне үшін



«Функциональдық және логикалық бағдарламалау» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент - 2016ж

КF 12-06


Құрастырушы: магистр, аға оқытушы Абишова Г.Б.
Бағдарлама кафедраның мәжілісімен ұсынылған «Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» № __ хаттама « »_ _201 ж.
Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к.,__________________А.Б. Ажиметова
Бағдарлама факультеттің Әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралды «Жаратылыстану-техникалық» №__ хаттама «__»_____201 ж.
Кеңес төрағасы _____________ Шалбаева Ш.А.
Бағдарлама ХГТУ әдістемелік Кеңесімен мақұлданды және ұсынылды

№__ хаттама «__»________ 201 ж.


ОӘК хатшысы ____________Абишова Г.Б.

КF 12-06-01


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Пәнді оқыту:

«Функциональдық және логикалық бағдарламалау» пәнінің мазмұны студенттерге бағдарламалауда процедуралық әдістен басқа, оның өкілдері Бейсик, Паскаль, Си сияқты жоғары дәрежелі әмбебап тілдермен қатар, тағы екі бағыт - функционалдық (қызметтік) және логикалық бағдарламалау жатады. Функционалдық бағдарламалау қарапайым идеяға негізделген, бүкіл информацияны өңдеу және соңында алынған нәтиже кейбір қызметтерді орындайтын салымды немесе рекурсивті функцияларды шақыру түрінде көрсетілуі мүмкін, сондықтан бір функцияның мәні екіншісінің аргументі ретінде қарастырылған.



Пәннің мақсаты: Функциональдық бағдарламалау қарапайым идеяға негізделген, бүкіл информацияны өндеу және соңында алынған нәтиже кейбір қызметтерді орындайтын салынды немесе рекурсивті функцияларды шақыру түрінде көрнсетілуі мүмкін, сондықтан бір функцияның мәні екіншісінің аргументі қолданылады. Функциональдық бағдарламалар тілінің өкіліне Лисп (Lisp process – sing – тізімдерді өңдеутілі жатады.

Пәннің оқытудың негізгі міндеттері:

Функциональдық бағдарламалау пәнінен студенттердің логика тілінде бағдарламалауды игеру, құрылымдар құру әдістері бойынша білімдерін жетілдіру, логикалық бағдарламалаудың принциптері мен концепцияларын игреу маңызды мәселе, студенттердің өз бетімен есептің қойылымын қалыптастыра білуі, программаны жобалап, логикалық тілді қолдана отырып программалық өнімді құра білуін меңгеру болып табылады.



Пәннің пререквизиттері

Пролог базасы үлгілерді салыстыру, мәліметтерді иерархиялық құрылыста көрсету және автоматты түрде қайтарудан құрылған механизімдердің шектелген тізбегінен тұрады, осы шағын тізбек ғажайып қуатты және икемді бағдарламалық аппаратты құрайды. Пролог тілінің жетістіктері мынаған негізделген, бір жағынан, ондағы логикалық формулаларды қолдану арқылы көптеген практикалық есептерді жазып шығуға болады, ал екінші жағынан қарапайым интерпретациялары формулалардың табылған және логикалық бағдарламалау жұйесін жеткілікті дәрежеде тиімді жүзеге асыру енгізілген, Пролог әсіресе, ішінде обьектері және олардың арасында қатынастары болатын есептерді шешуге жақсы бейімделген.

Бағдарламалауда процедуралық әдістен басқа, оның өкілдері Бейсик, Паскаль, Си сияқты жоғары дәрежелі әмбебап тілдермен қатар, тағы екі бағыт – функционалдық (қызметтік) және логикалық бағдарламалауды білу.

Пәннің постреквизиттері

Бұл курсты үйрену үшін «Алгоритмдік тілдерде программалау», «Есептеу жүйелері мен тораптарының ұйымдастырылуы» пәндері оқытылуы тиіс.

Құзыреттіліктері:

ПҚ2.Шет тілі шеңберіндегі құзіреттілік.

ПҚ3.Математикалық және іргелі жаратылыстану ғылыми және техникалық құзіреттілік.

ПҚ4. Компьютерлік құзіреттілік.


КF 12-06-01


Пәннің құрамы

Кіріспе.


Бағдарламалауда процедуралық әдістен басқа, оның өкілдері Бейсик, Паскаль, Си сияқты жоғары дәрежелі әмбебап тілдермен қатар, тағы екі бағыт - функционалдық (қызметтік) және логикалық бағдарламалау жатады.

Функционалдық бағдарламалау қарапайым идеяға негізделген, бүкіл информацияны өңдеу және соңында алынған нәтиже кейбір қызметтерді орындайтын салымды немесе рекурсивті функцияларды шақыру түрінде көрсетілуі мүмкін, сондықтан бір функцияның мәні екіншісінің аргументі ретінде қолданылады. Функционалдық бағдарламалау тілінің өкіліне Лисп (Lisp proces – sing – тізімдерді өңдеу) тілі жатады.



Логикалық бағдарламалау жүйелер, тілдер, тәсілдер, анықтамалар шеңберінен құралған. Оның негізінде қайсыбір логикалық тілде тапсырманы түжырымдар жиынтығымен шешу идеясы жатыр, және қайсыбір формальды дедуктивті жүйеде логикалық қорытындыны құру жолымен тапсырманың (есептің) шешімін шығару жатыр. Осы түрдегі ең әйгілі жүйелерге Пролог (Program ming in logic – логика жүйесінде бағдарламалау) тілін жүзеге асыру жатады.

Негізгі бөлім

  1. Кіріспе лекция. Пәннің мазмұны мен мақсаттары. Пролог тіліне жалпы шолу.

  2. Бағдарлама мысалы: туыстық қатынастар. Ережелер көмегімен мысал – бағдарлама.

  3. Ереженің рекурсивті анықтамасы. Пролог программалау ортасы.

  4. Пролог бағдарламаның құрылымы. Берілгендерді енгізу, шығару операторлары.

  5. Пролог бағдарламаның декларативті мағынасы. Мысал бағдарламалар.

  6. Айнымалылар. Құрылымдар. Салыстырулар. Сұрақтар мен үйлестіру

  7. Фактілер мен ережелер. Бағдарламаның орындалу алгоритмі.

  8. Есептеулерді басқару.

  9. Рекурсивтік есептеулер.

  10. Арифметикалық өрнектер. Қолданылатын предикаттар

  11. Тізімдер, оларға қолданылатын қарапайым операциялар.

  12. Прологта енгізу мен шығару, файлдардың өзара қарым-қатынасы, қатарларды өңдеу.

  13. Пролог бағдарламалау жүйесінің стандартты предикаттары

  14. Жүйелік операторлар, анықталған предикаттар. Мәліметтер қорын құру жолдары.

  15. Қорытынды дәріс. Пролог тілінің даму жолдары мен деңгейлері


Зертханалық (практикалық, семинарлық) сабақтардың тізімі

  1. Жасанды интеллекттің базалық түсініктері

  2. Туыстық қатынастар

  3. Құрылымдар

  4. Есептеулерді басқару. Рекурсивтік есептеулер.

  5. Арифметикалық өрнектер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет