Түсіндірме жазба



бет14/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
материал новый

ОРТАҢҒЫ ТОП

(4 жастан 5 жасқа дейін)

 

4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға сипаттама

Өмірінің 4-жылында баланың дене дамуы: бойының орташа өсуі жылына 5 см-ді, дене салмағы — 1,5 кг-ды құрайды. Төрт жастағы ұлдардың бойы — 100,3 см. Бесінші жылға қарай ол шамамен 7,0 см-ге артады. Төрт жастағы қыздардың бойының өсуі — 99,7 см, бесінші жылы — 106,1 см. Топтағы ұлдар мен қыздардың дене салмағы 4 жылға қарай 15,9 және 15,4 кг, ал 5 жаста — 17,8 және 17,5 кг. Аталған жаста баладағы омыртқалардың түрлі бөліктерінің көлемінің арақатысы ересектердегі сияқты қалыптаса бастайды, бірақ омыртқалардың өсуі есейген шаққа дейін жалғасады.

Бұл жаста баланың зейіні тұрақты бола бастайды, өз еркімен есте сақтау қабілеті пайда болады, қабылдау, қиялдау жетіледі,  көркем-бейнелік ойлаудың жоғары түрлері дамиды: талқылай білу, ойша тұжырымдар құру,  жіктеу қабілеті жетіледі. Түрлі ақпараттар, ойлар мен талқылауларды табыстау тәсілі ретінде сөйлеудің маңыздылығы артады. Әңгіме практикалық бақылау мен эксперименттеумен қатар балалардың дүниетанымын кеңейтудің тиімді тәсілі болады. Бұрын соңды болмаған жаңа қабілет пайда болады: ойдан шығарылған кейіпкермен бірге мазасыздану, яғни балаларға басқа адамдардың ішкі өмірі қолжетімді болады.

Балалар ересектерге олармен қарым-қатынасты қолдауға бағытталған көптеген сұрақтар қояды. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға және түсінгенін ересектерге  көрсетуге бағытталады.

Ересектерге деген сенімділік қатынасы және оның эмоциялық жағдайын сезіну қабілетінің  қажеттілігі дамиды.  Ересектермен қарым-қатынастың жаңа түрі - танымдық тақырыптарға қатынас пайда болады және дамиды. Баланың ересектермен қарым-қатынасына қажеттіліктің қанағаттандырылмауы олардың арасындағы эмоционалдық жатырқаушылыққа апарады. Ол түрлі жағдайларда байқалады: біреулері тұйықталып қалады, біреулері мазасызданып, сәл нәрсеге жылауға дайын тұрады; кейбіреулерінде теріс әрекет, агрессия байқатады.

Балаларда құрбыларымен қарым-қатынасқа қажеттілік кенет артатын болады. Бірлескен ойындар негізінде балалар қоғамы пайда болады, бала құрбыларының ортасында өзінің орнын сезіне бастайды. Коммуникативтік біліктіліктер дамиды: ілтипатпен амандасады және қоштасады, басқаны өз есімімен атайды. 

Баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынасы өзінің «Менін» сезінуге  мүмкіндік береді. Қарым-қатынаста ғана «Мен» бейнесі құрылады. Ересектер және құрбылары балаға ізгі тілекпен қарайтын  тәрбиелеудің жағымды жағдайы кезінде оның мақұлдауға, оң бағаға, мойындауға деген қажеттілігі қанағаттандырылады. Қарым-қатынастың теріс тәжірибесі  агрессияға, өзіне-өзі сенімсіздікке, тұйықтыққа әкеледі.

Жасы өскен сайын балада өзінің сөздері мен қылықтарына, сонымен бірге қызметтің әр түріндегі (ойын, бейнелеу, музыкалық, театралдық және  т.б.) жеке мүмкіндіктері мен жетістіктеріне балама бағалау дамиды.

Бес жасқа қарай өзіндік қарым-қатынас жүйесі, топтық ынтымақтастыққа сыни бағалар қалыптасады, балада достар пайда болады.

5 жастағы бала ұзақ әңгімелерді, түсіндірмелерді қабылдайды, себебі бұл балада белгілік-символикалық функция (әріптерге, цифрларға қызығушылық) пайда болады. 



Баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Бағдарламаны іске асыру және игеру бойынша ересектер мен балалар әрекеті білім беру үдерісін ұйымдасырудың екі басты үлгісінде жүзеге асырылады:

-ересектер мен балалардың бірлескен әрекеті;

-балалардың дербес  әрекеті.

Бірінші үлгі аясында білім беру міндеттерін шешу - ересектер мен балалардың бірлескен әрекеті ұйымдастырылған оқу қызметі түрінде де, режимдік сәттер барысында жүзеге асырылатын білім беру іс-әрекеті түрінде де іске асырылады. Ұйымдастырылған оқу қызметі әрекеттердің әртүрлі түрлерін кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

Дамытушы білім беретін жағдаяттардың барлық түрлері ойын түрінде өткізіледі немесе ойындық тәсілдер мен әрекеттерден құрылады. Орта жастағы мектепке дейінгі тәрбиеленушінің көрнекі-бейнелі ойлауының ерекшелігіне қарап, оның көрнекі, ойын және практикалық әдістеріне мән беріледі, педагогтың сөзі көрнекіліктің түрлері және балалардың практикалық қызметімен бірге жүреді.

Балалардың өз бетінше ойын әрекеті тәрбиешінің бақылауында болады, ол балаларды бағыттайды, ал кейде ойындарға тікелей қатысады. Жалығып кетуге жол бермей түрлі қимылдағы ойындарды мақсатты кезектестіріп, тәрбиеленушілерді ойынның бір түрінен екінші түріне уақтылы ауыстырып отыру керек. Тәрбиешінің міндеті-вариативті ойын әрекетіне сәйкес заттық-дамытушы орта: түрлі бейнелі ойыншықтар, алмастырушы- заттық, ойын шығармашылығына материалдар, ойын жабдықтарын тиімді орналастыру арқылы мүмкіндіктер құру.

Кішкентай бала үшін жақын қоршаған заттар қызығушылықтың қайнар көзі және әлемді танудың бірінші сатысы болып табылады, сондықтан баланың сезімдік тәжірибесі белсенді түрде жинақталатын толықтырылған заттық орта құру қажет. Ортаңғы топтағы  ойыншықтар мен заттардың  қасиеттері өте бай және алуан түрлі, қызығушылық пен белсенділікке ынталандырады.

Ойын, бейнелеу, музыкалық, театрлық-орындаушы әрекеттерде шығармашылық қабілеттерді дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Тәрбиешінің балаларға деген мұқият, мейірімді қарым-қатынасы, олардың танымдық белсенділігін қолдай білуі және өзіндігін дамыту, түрлі әрекеттерді ұйымдастыру балабақшаның ортаңғы тобындағы балаларды дұрыс тәрбиелеу мен толыққанды дамытудың негізін құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет