Түсіндірме жазба



бет12/39
Дата30.01.2022
өлшемі146,29 Kb.
#116392
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
материал новый

«Коммуникация» білім беру саласы

Бұл жас еліктеу мен дыбыстық еліктеуге, басқалардың сөйлеуін меңгеруге  ұмтылумен; сөздікті қарқынды толықтыру, ересектердің сұрақтарын есту, түсіну және жауап беру қабілетімен ерекшеленеді. Алайда, бала толыққанды қатынасқа, әңгімелесушімен сұхбатқа түсуге әлі дайын емес; өз сөйлеуінің грамматикалық құрылымын меңгеру енді басталады. 

Бұл жастағы балалар көркем сөзге жоғары эмоциялық ықыласпен, баяндалған оқиғаларды уайымдау қабілетімен, сюжет барысын толқумен қадағалаумен ерекшеленеді. Сондай-ақ, 3-4 жаста балада жоғары танымдық белсенділік байқалады, ой-өрісін кеңейтуге тырысады, өзін қоршаған орта аясынан шығуға ұмтылады. Жануарлар, табиғат құбылыстары, балалар туралы шығармалар, ойын және тұрмыстық жағдаяттарды баяндау оған қоршаған әлемді ашып тануға мүмкіндік береді. 

«Таным» білім беру саласы

Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшелігі бақылау арқылы қоршаған орта түсінуі болып табылады. Қоршаған ортамен танысу үдерісі балалардың өз тәжірибесін түсіндіру дағдысын қалыптастыру негізінде құрылу қажет. Себебі, баланың өмір тәжірибесі аз болғандықтан, ол әлемді өзіне таныс объект ретінде өзімен салыстырып таниды. Баланы нақты оны қоршаған қазіргі жағдаймен жалпылама өзара байланысты көрсету керек. 

Бағдарлама балаларда математикалық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға бағытталған және төменгі бағыттардан тұрады:

- сан;


- шама;

- геометриялық пішіндер;

- кеңістікті бағдалау;

- уақытты бағдалау.

Екінші кіші топта  балаларда  табиғат құбылыстарына деген қызығушылыққа тәрбиелеу, өсімдіктер мен жануарларға  сүйіспеншілік және ұқыпты қарау жалғасады, талдау мен қорытынды жасау  білігін қалыптастырады.Бақылау барысында маусымға байланысты табиғатта болатын өзгерістерді байқауға үйретеді.

ҰОҚ балалар өсімдіктер(ағаштар, гүлдеп тұрған шөптер мен бөлме өсімдіктері), жабайы және үй жануарлары        туралы қарапайым  ұғымдарды біледі; балаларда  қоршаған табиғаттың сұлулығын көру мен   байқау, оның байлығын  сақтау білігіне тәрбиелейді.       

ҰОҚ сәбилермен табиғатта  табиғат бұрышын мекендеушілермен, үй жануарларын бақылау  көп орын алады.   Тәрбиеші  балаларға жануарлардың сыртқы түрі мен жануарлар мінез-құлқының ерекшеліктерін, қарапайым өзара байланыс пен  өзара тәуелділікті түсінуге көмектеседі.

Табиғат бұрышында  шағын тікбұрышты аквариум балықтарымен болу керек.Бақылау барысында  балалар  балықтардың сыртқы түрімен ( сопақ кеудесімен, басы, құйрығы, жүзу қанаттарымен) олардың қозғалыстарымен (суда жүзеді) танысады.

Тотықұсты бақылауға болады.Тәрбиеші тоты құстың сыртқы түрімен  мінез-құлық ерекшеліктерімен (ұшады, екі аяғымен секіреді, дәнді шоқып жейді, су ішеді) таныстырады.Тордағы құсты балалар  бақылап, негізгі күту ережелерімен танысу үшін  топқа 1-2 аптаға орналастыруға болады.

Жыл бойы жануарларға  бақылау  жасалады. Жазда және көктемде үй жануарларын бақылау ұйымдастырылады: тауық балапандары, қояндар, үй жануарлары төлдері (бұзау, лақ).

Көктемде балаларды  жерге тұқым және пияз отырғызуға қатыстыру.Сонымен қатар балаларды көктемде  тұқым мен пияз отырғызудың негізгі ережелерімен таныстырып қана қоймай, өсімдіктерді  күту бойынша  негізгі талаптармен таныстырады.Табиғат бұрышына, 8-10 түптен (бегония, қынагүл, фиалка) көп емес күй талғамайтын  өсімдіктерді орналастыру. Жыл бойы  балалар  бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрімен таныстыру қажет.

 «Шығармашылық» білім беру саласы 

Ұйымдастырылған  оқу қызметі балада әсер мен  сезімді қолдану арқылы  көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға бағытталған. Жұмыс тәсілдері мен материалдармен танысу үлгі бойынша жұмысты орындаудан басталады (менің поезыма ұқсас); түрлендіру үлгісі бойынша (жапырақтармен әшекейлеу қажет алма); белгілі шарт үлгісі бойынша (осындай үйге ұқсас, бірақ биік мұнарасымен), өз кезегінде балаларды оймен жұмысқа дайындайды.   

Жұмыс дайындамалармен жүргізіледі (жапсыруда – дайын дөңгелектер, шаршылар, үшбұрыштар), табиғи материалмен жұмыс енгізіледі. Балалар дайын жұмысқа дейін жеткіліксіз элементтерді қосып, табиғи материалдың ерекшеліктерін байқауға үйренеді (саңырауқұлақ: басы – талшын, аяғы – ермексаз; құс: денесі – бүршік немесе талшын, бас, қанаттары, табандары – ермексаз).

Материалдар қасиеттері мен жұмыс техникасымен таныстыру кезеңінде педагог қадаммен көрсетіп және балалармен бірге жұмысты орындайды. Егер бала таныс пішіндерден жұмысты орындаған жағдайда толық көрсету қажет емес (әр түрлі мөлшерлердегі шарлардан домалақ қуыршақты мүсіндеу – шарлар мүсіндеу техникасымен балалар таныс). Бұл жағдайда балалар меңгерген тәсілдерді өз беттерімен қолдануы керек, алайда өз бетінше жұмысқа дейін оның талдауын жүргізу, бөліктердің бекітілу тізбегі мен жолын көрсету қажет. Көрсету жұмыстарын ересек адамдар немесе қажетті техниканы меңгерген балалар жүргізе алады.

Осы жас кезеңінде әлемнің жан-жақтылығы мен оның мазмұнды ерекшелігі туралы түсінік беру үшін педагог балаларды гүл өсіру, композиция, эстетикалық  мәнмәтін негіздерімен таныстырады, бейнелеу қызметінің қажетті технологиялық тәсілдерімен қамтамасыз етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет