Түсіндірме жазба



бет24/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқу жетістігін бағалау жүйесі

    1. Оқу жетістігін бағалаудың негізгі принциптері

    2. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау түрлері

    3. Формативті және суммативті бағалау жүйесі



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.

  2. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

  3. Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.

  4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж.

3-дәріс
Тақырыбы: Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде


Мақсаты: оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі, критериалды бағалаудң атқаратын қызметтерін талдау
Кілт сөздер: критериалды бағалау, бағалау жүйесі, бағалаудың қызметті, т.б.


3-дәріс сабақтың жоспары
1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалауды қолдану
2. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар
Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.
Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.
Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:
− педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;
− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;
− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;
− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.
Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы.
Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады.
Критериалды бағалау кезінде:
- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
- оқушы бойындағы үрейленуді басады;
- мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады.
Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие. Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды.
Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-ананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм.
Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі.
2. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар. Бағалау жүйесінің атқаратын қызметіне сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуға жағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық:
- Бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.
- Екіншіден, бағалау жүйесі әр оқушының жалпы дайындық деңгейінің өзгеруін, танымдық қызметтің әр саласында оның жеткен жетістіктерін тіркеп отыруы қажет (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеу, өз ойы мен ойындағы образдарды шығармашылықпен көрсету және т.б.). Бұл білім алу жолындағы жетістіктер мен сәтсіздіктерді анықтауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қоса, аталмыш ақпаратты тіркеу стандартқа сай, мұғалімнен көп уақытты талап етпеуі, яғни вербалды болмауы керек. Оны жүзеге асыруға жұмсалған уақыт жекелеген оқушылармен жасалатын жұмыстарға ғана арналуы мүмкін деген сипатқа ие болуы мүмкін.
- Үшіншіден, бағаларды қою механизмінің өзінде ондағы ақпаратты сәйкес талдау мүмкіндігінің болуы, бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды бағаларды қоюда, сонымен қатар мақсатқа жетудегі бағаларды қою нақты болуы шарт. Әйтпесе, бағалаудың ақпаратты-диагностикалау қызметінен ынталандыру қызметі басымдық алып кетеді.
- Төртіншіден, бағалау жүйесінде оқушылардың өз жетістіктерін бағалау барысында өзін-өзі көтермелеу және дамыту, сонымен қатар оқыту процесі барысында болып жатқан әрекеттерген рефлексия жасау механизмі болуы. Өзін-өзі бағалап отырған оқушы мұғалімнің бағалауымен келген нәтиже мен өзін бағалау барысында жеткен нәтижені салыстыруға мүмкіндігі болуы шарт. Әрине бағалау жүйесінің мінсіздігі өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып отырғаны анық, алайда бұл қойылып отырған міндеттердің бірі ғана.
- Бесіншіден, бағалау жүйесі әрдайым мұғалімнің, оқушының, ата-аналардың, сынып жетекшісінің, сонымен қатар мектептің әкімшілік және педагогикалық ұжымының арасындағы байланыстың орнауын ескеріп отыруы керек. Бұл байланыссыз оқу процесін құрудың жүйелік әдісін, оны толық қамтамасыз ету мүмкін болмайды.
- Алтыншыдан, оқушыға бірыңғай білім беру кеңістігі тақырыбын жалғастыра отырып, бағалау жүйесінің мектептегі нақты бір сынып үшін бірыңғай сәйкес болуын атап кету шарт. Басқаша айтқанда, әртүрлі сабақта әртүрлі қағидаттарға негізделеген бағалау жүйесінің тиімді болуы мүмкін емес. Бағалау жүйесіндегі қағидаттық сипаттардың түрлілігі жас ерекшеліктеріне сай оқушылар тобының арасында ғана мүмкін.
- Жетіншіден, бағалау жүйесі оқушылардың психикасына ұқыптылықпен қарауға, олады жаралайтын жағдайлардан аулақ болуды көздеуі керек. Бұған қол жеткізудің негізгі жолы – оқу процесіне қатысушылардың барлығының санасына бағалау жүйесіне сәтті білім алудың, кері байланыс алуды жүзеге асырудың құралы ретінде қарауды сіңдіру.
Аталған ережелер бағалау жүйесінің сұлбасын құрастыруға, оның қызмет етуінің жалпы аясын анықтауға, және оған қоса жетістік критерийі қызметін атқарып, әр білім беру жүйесінің нақтылы жүзеге асуына жол береді.
Көрсетілген талаптарды кезеңмен жүзеге асыру бағалау жүйесінің қызметтік маңызын, оның ақпараттық-диагностикалық қызметінің маңызын жоғарылатып, нормативтік қызметінің мазмұнын өзгертіп, ынталандыру қызметінің механизмін түбегейлі өзгертуге қол жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет