Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Оқушылар білім алуда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі бағалау мынандай болуы керек:
- оқу процесіне қатысушылардың барлығына түсінікті;
- икемді;
- көп жабдықты;
- психологиялық жағынан жағымды;
- көп құрылымды.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушылық), жиынтық.
2. Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін анықтау болып табылады. Бағалау -
- оқушының оқудағы мақсаты мен жетістіктерге жету критериіне көңіл аудару;
- мұғалімнің әрекетін әр оқушыны жеке дамыту технологиясын жетілдіруге бағыттау, атап айтқанда:
оқушыға ары қарай білім алуда дұрыс шешім қабылдауға қажетті ақпараттар беру (өз күшін қайда бағыттау, неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, қай жағынан жетілдіру керек);
оқушыға өзін өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
оқушылармен үнемі кері байланыста болу;
оқушыға ары қарай мақсатты түрде білім алу керек екендігін дәлелдеу;
ақпараттарды беру:
оқушыға оның жұмысының сапасы туралы;
оқушыдағы процестер туралы мұғалімдерге;
білім алу нәтижесіндегі жетістіктердің деңгейі туралы ата –аналарға;
Мектеп және елді мекен (аудан, қала, облыс, т.с.с)бойынша жалпы есеп беру саясатын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |