Түсіндірме жазба


Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде



бет22/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Оқушылар білім алуда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі бағалау мынандай болуы керек:
- оқу процесіне қатысушылардың барлығына түсінікті;
- икемді;
- көп жабдықты;
- психологиялық жағынан жағымды;
- көп құрылымды.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушылық), жиынтық.
2. Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін анықтау болып табылады. Бағалау -
- оқушының оқудағы мақсаты мен жетістіктерге жету критериіне көңіл аудару;
- мұғалімнің әрекетін әр оқушыны жеке дамыту технологиясын жетілдіруге бағыттау, атап айтқанда:

  • оқушыға ары қарай білім алуда дұрыс шешім қабылдауға қажетті ақпараттар беру (өз күшін қайда бағыттау, неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, қай жағынан жетілдіру керек);

  • оқушыға өзін өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;

  • оқушылармен үнемі кері байланыста болу;

  • оқушыға ары қарай мақсатты түрде білім алу керек екендігін дәлелдеу;

  • ақпараттарды беру:

  • оқушыға оның жұмысының сапасы туралы;

  • оқушыдағы процестер туралы мұғалімдерге;

  • білім алу нәтижесіндегі жетістіктердің деңгейі туралы ата –аналарға;

  • Мектеп және елді мекен (аудан, қала, облыс, т.с.с)бойынша жалпы есеп беру саясатын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет