Түсіндірме жазба


Оқушының жетестігін бағалау принциптері



бет23/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

3. Оқушының жетестігін бағалау принциптері. Мұғалімге өз қызметінде мынандай принциптерді басшылыққа алуға тура келеді:
Маңыздылық.Оқушының білім алудағы және іс – әрекетіндегі неғұрлым маңызды жетістіктерді бағалауға көңіл аудару.
Теңбе-теңдік.Оқушының білімінің, іскерлігінің, дағдысының, құндылықтарының, мақсаттағы құзіреттілігінің және оқудағы жетістіктерінің бағаларының сәйкес болуын қадағалау.
Шындық және әділдік.Нақты бағалау критериін жасап жүзеге асыру. Критерий бағалауды және белгі қоюды оқушыға қысым жасау қаупінен арашалайды.
Интеграциаланған.Бағалауды жүзеге асыру жоспарлы және жан-жақты ойластырылған оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ашықтық.Бағалаудың критериі мен әдістерін тапсырманы орындамас бұрын хабарлау. Оқушылар бағалау критериін жасауға да қатыса алады.
Қолжетімділік.Барлық білім алу процесіне қатысушылар үшін бағалау процесінің қарапайым және оның түрлері мен әдістерінің айқын болуына ұмтылу.
Жүйелілік.Бағалау процедурасын тізбектей және жүйелі орындау.
Мейірімділік.Оқушы мен мұғалімнің арасында жетістіктерді арттыруда серіктестік қатынаста болуға жағдай жасау.
4.Оқушының жетістігін бағалау түрлері.
Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жиынтық, қорытынды).
Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады. 
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін (репродуктивті, продуктивті, шығармашылық)
ескереді:

  • Ағымдық 

  • Кезеңдік 

  • Межелік 

Ағымдық - 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау
( тақырыптық, сабақ сайын); 
Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай – ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау);
Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2,4,6,8,10,12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі. 
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет