Түсіндірме жазба



бет20/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Қосымша әдебиеттер:

  1. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы

  1. Кусаинов Г.М. Педагогическая технология современной школы (Заманауи мектептегі педагогикалық технология). – Астана: РНПЦ «Учебник», 2012. – 355 с.

ДЕДЛАЙН:
Білім алушының лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Пән бойынша теориялық материалды меңгеруі

50

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Сабақтағы белсенділік

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Сыни ойлау

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100














































Білім алушының практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Белсенділік

40

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Тапсырма орындау

40

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100
















































Білім алушының БОӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Сабақтағы белсенділік

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Өз жауабын дәлелдеуге қабілеттілік

25














































4

Жауаптың логикалық қисындылығы

25

















































Барлығы

100














































Білім алушының БӨЖ бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




1

Глоссарий

25

+







+










+
















+







2

Топтық жоба қорғау

75


































100















I. ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Барлық жұмыс түрлерін көрсетілген мерзімде орындау және қорғау қажет. Тапсырмаған студенттер кезекті тапсырманы немесе оны орындауда 50%- дан кем балл алған болса, берілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Студенттер, зертханалық жұмыстарды себептермен өткізіп алса, оларды оқытушының рұқсатынан кейін, лаборант қатысуымен қосымша уақытта келіп жасайды. Сонымен қатар, бағалау барысында студенттердің сабақтағы активтілігі мен сабаққа қатысуы есепке алынады.
Басқаның пікірін құрметтеп, толерантты болыңыз. Қарсылықты сыпайы түрде көрсетіңіз. Плагиат пен басқа әділсіз жұмыстарға жол берілмейді. СӨЖ тапсыру уақытында, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде, көмектесуге,басқа тұлғалардың шығарған есептерін көшіруге және басқа білім алушы үшін емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген



Дәрістердің қысқаша мазмұны
1-дәріс
Тақырыбы: Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиясы пәніне кіріспе
Мақсаты: білім беру сапасы туралы түсінікті, оқыту сапасын бақылауды ұйымдастырудың әдіснамасын талдау
Кілт сөздер: білім, сапа, бақылау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, т.б.


1-дәріс сабақтың жоспары
1. Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиясы пәнінің мақсат міндеттері

  1. Еліміздегі білім сапасын бағалау мәселелері

1. Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.


Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиясы пәні Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша критериалды бағалауды енгізудің теориясы және практикасын қамтитын, аталған пәндер бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасына негізделген пән.
Пәннің мақсаты: «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасауды меңгеру. Пәннің мазмұны өара байлансты екі модульден тұрады. Бірінші модульде білім беру сапасы және оқыту нәтижелерін бағалау, екінші модульде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселелері қарастырылған. Пәнді оқу барысында оқушылардың оқыту нəтижелерін бағалау бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын сипаттауды; нормативтік құжаттар мен бағалау объектілерінің талаптарын ескеріп, жоспарланған нəтижелерді бағалаудың тиімді технологиясын таңдауды; оқыту туралы шешім қабылдау үшін критериалды бағалауды пайдалануды; оқушыларды объективті бағалау үшін оқыту нəтижелерін жоспарлауды үйренеді.
2. Бағалау жүйесі оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпараттарды алуға және қолдануға бағытталған саясаттың, түрлі құрылымдар мен құралдардың, тәжірибелердің байланысы болып саналады [Кларк, 2011]. Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесінің қазақстандық әдістемесі педагогикалық өлшеулер аясындағы білім беру саясатын дамытудың толыққанды тәсілдерін көрсетіп, бағалаудың барлық элементтерін қамтиды (ережелер, түрлер, механизмдер, рәсімдер, құралдары, есеп беру және т.б.). Әдіснаманы жасау дәстүрлі бағалау жүйесін талдауды және сыртқы сарапшылардың ұсыныстарын есепке ала отырып (Дүниежүзілік банктің елдік есебі SABER, 2012; ЭЫДҰ Қазақстандағы орта білім беру саласындағы ұлттық білім беру саясаты, 2014), жетекші халықаралық тәжірибелерді, идеяларды шоғырландыру және дұрыс шешім қабылдау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде жүргізілді.
Халықаралық тұрғыдан оқу маңыздылығының және оның нәтижелерін өлшеудің қажеттілігінің мойындалғанына қарамастан тиімді бағалау жүйесі бар мемлекеттер көп емес [Кларк, 2011]. Бұл елдердің (Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия, Канада және т.б.) бағалау механизмдерінде елеулі айырмашылықтар бар, дегенмен олардың жетістіктіктерін қамтамасыз ететін ортақ тұжырымдамалық тәсілдемелер қатары анықталады: бағалау критерийлерге негізделеді; бағалау оқу барысындағы үздіксіз мәліметтерді жинауды қарастырады; бағалау нәтижелері оқытуды түзету, оқушыларды ынталандыру, баға қою, есеп беруге дайындалу, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады. Көптеген ірі көлемдегі жетістігі бар бағалау жүйелерінің (SAT, PISA, GRE, GMAT, TIMMS және т.б.) бірыңғай жалпы сипаттамасы бар – олар үкімет, ЖОО немесе жұмыс берушілер және т.б. үшін жасалған, тек емтихан тапсырушылар үшін емес [Pellegrino, 2004]. Бүгінде тек балды тіркейтін емес, оқушының қаншалықты ілгерілеуі бар екенін көрсететін, білім беруді қамтамасыз ететін бағалау жүйесі қажет. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, үнемі мониторинг жүргізуге және оқушылардың оқу үдерісіне қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін жүйені құру мәселесі шешілмейінше, мемлекет өз дамуында білім беру әлеуетін тиімді қолдана алмайды.
Халықаралық және отандық аналитикалық зерттеулер (ААО, Назарбаев Университеті, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банк) бағалау жүйесінің айқындығын, объективтілігін, валидтілігін және нақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді жүйені құрастырып, енгізу үшін алдымен, дифференциалды критерийлер мен стандарттардың қажеттілігін көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанда жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, соған сәйкес мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыру, білім берудің әр кезеңінің аяғында ұлттық стандартталған тестілеуді өткізу және мәліметтерді тиімді әрі сенімді жинақтау жүйесін құру қажеттілігін атап өтті. Жаңа жүйені құрастыру кезінде біз төмендегідей негізгі басымдықтарды бағдарға алдық:
Біріншіден, оқушылар үшін оқу үдерісінің құндылығына қол жеткізетіндей, яғни, оқу сандық баға алу үшін емес, білім мен дағдыны меңгеруге бағыттауға жағдай жасалады.
Екіншіден, нашар бағалардың «салмағы» жойылады: оқушылардың бұрын алған нәтижелеріне қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндіктері болады. Олай болса, оқушы бір қанағаттанарлықсыз баға алғандықтан жақсы тоқсандық бағаға үміттене алмайтын жағдайлар туындамайды.
Үшіншіден, объективтілікке қол жеткізу – бұл бірыңғай талаптары, бағалау критерийлері және сапалы бағалау құралдары бар жүйе. Баға балаларға оқуды дамытуға және жоғары көрсеткіштерге жетуге көмектесуі қажет. Ол үшін оқушылар баға қалай және не үшін қойылатынын, қандай критерийлер қолданылатынын түсінуі керек. Сыныптағы тиімді бағалау балаларға еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, жауапкершілік, өзін-өзі реттеу және т.б. сияқты дұрыс қасиеттерді дарытады.
Төртіншіден, баға мемлекеттік органдарды дер кезінде білім беру қызметі сапасының жағдайы туралы, білім беру бағдарламаларын қалай дамыту, педагогтерді кәсіби тұрғыда қалай және неге дайындау керектігі туралы ақпараттандырып отыруы қажет.
Осылайша, оқушыларды бағалау жүйесін реформалаудың негізгі элементтері – миссияның жаңартылуы және бағалау мақсаттарының анықтығы, бағалау критерийлері мен сапалы бағалау құралдарын құрастыруы, мұғалімдерге жүйелі қолдау көрсетілуі, стандартталған есеп беру механизмі және білім беру сапасының мониторингі болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет