Түсіндірме жазба
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары пәні 6В01517 -Биология, 6В01518- География, 6В01516 -Химия-биология білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дайындаудағы кәсіптік пәндердің бірі болып табылады.
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиясы пәні Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Биология», «География», «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша критериалды бағалауды енгізудің теориясы және практикасын қамтитын, аталған пәндер бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасына негізделген пән.
Пәннің мазмұны «Биология», «География», «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасауды меңгеруге бағытталған. Пәннің мазмұны өара байлансты екі модульден тұрады. Бірінші модульде білім беру сапасы және оқыту нәтижелерін бағалау, екінші модульде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселелері қарастырылған. Пәнді оқу барысында оқушылардың оқыту нəтижелерін бағалау бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын сипаттауды; нормативтік құжаттар мен бағалау объектілерінің талаптарын ескеріп, жоспарланған нəтижелерді бағалаудың тиімді технологиясын таңдауды; оқыту туралы шешім қабылдау үшін критериалды бағалауды пайдалануды; оқушыларды объективті бағалау үшін оқыту нəтижелерін жоспарлауды үйренеді.
Мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында биология пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасауды меңгеру
Міндеттері:
бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету;
бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;
бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.
Курстың құзыреттіліктері (күтілетін нәтижелер):
білім алушылар биология, Биология пәндері бойынша бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін біледі және түсінеді;
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын қолданады;
оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады;
критериалды бағалаудың теориялық негіздері туралы білімін қолданады;
бағалау процедурасын ұйымдастыра алады.
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары пәні 6В01517(5В011300) -Биология, 6В01518(5В011600) География, 6В01516(5В012500) Химия-биология мамандықтары бойынша оқитын 2 курс студенттеріне арналған. Пәннің жалпы сағат саны-90, аудиториялық сағат саны-40, оның ішінде дәріс-15 сағат, практикалық сабақ-15 сағат, БАОӨЖ-10 сағат. Қорытынды бақылау-емтихан.
Достарыңызбен бөлісу: |