ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Пәннің мазмұны «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасауды меңгеруге бағытталған. Пәннің мазмұны өара байлансты екі модульден тұрады. Бірінші модульде білім беру сапасы және оқыту нәтижелерін бағалау, екінші модульде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мәселелері қарастырылған. Пәнді оқу барысында оқушылардың оқыту нəтижелерін бағалау бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын сипаттауды; нормативтік құжаттар мен бағалау объектілерінің талаптарын ескеріп, жоспарланған нəтижелерді бағалаудың тиімді технологиясын таңдауды; оқыту туралы шешім қабылдау үшін критериалды бағалауды пайдалануды; оқушыларды объективті бағалау үшін оқыту нəтижелерін жоспарлауды үйренеді.
Негізгі бөлім
Еліміздегі білім сапасын бағалау мәселелері. Критериалды бағалаудың әдіснамалық негізі. ҚР орта орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу: Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ): қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ), сыртқы жиынтық бағалау. Қоғамның жəне оқушы тұлғасының сұранысымен дəлелденген бағалаудың мақсаты. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар (критериалды жəне дескриптивтік, қалыптастырушы жəне анықтаушы бағалаудың бірлігі, жете түсіну, критериалды бағалаудың диагностикалық негізі).
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі. Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі. Оқушының оқу жетістіктерін бағалау мақсаты. Оқушының оқу жетістігін бағалау принциптері. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрлері.
Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау туралы жалпы түсінік. Критериалды бағалаудың негізгі принциптері. Критериалды бағалаудың функциялары. Критериалды бағалаудың тиімділігі. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі. Критериалды бағалау жүйесінің қағидалары. Критериалды бағалау жүйесінің функциялары.
Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру. Блум таксономиясын бағалау процесінде пайдалану. Блум таксономиясының негізгі категориялары. Блум таксономисының қағидалары. Блум таксономиясын критериалды бағалау үдерісінде қолдану.
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Оқыту және оқу үшін бағалау. Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйесі. Суммативті (жиынтық) бағалау жүйесі. Пән бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау. Бағалауға арналған тапсырмалардың теориялық аспектілері. Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырма əзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар. Дескриптор құрастыру. Балл қою кестесі.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты. Күтілетін нәтиже. Ойлау дағдыларының деңгейі. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері. Модерация және балл қою. Бағалауға арналған тапсырма әзірлеудің жалпы ерекшеліктері. Бағалау кезеңдері жəне инструменттері. Критериалды кестелер (рубрикаторлар). Рубрикатор туралы түсінік. Рубриканың маңызы.
Топтық жұмысты бағалау әдістемесі. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. Топтық жұмыстың бағалануы. Топтық жұмыс барысында оқушының өзін-өзі бағалауы.
Керi байланыс. Оқушыны ынталандыру (мотивация)
Достарыңызбен бөлісу: |