Түсіндірме жазба


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет21/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

2-дәріс
Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі


Мақсаты: оқу жетістіктерін бағалау туралы түсінігін игеру, оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты мен принциптері және түрлерін талдау
Кілт сөздер: баға, бағалау, белгі, бағалау жүйесі, жетістіктері және т.б.


2-дәріс сабақтың жоспары

  1. Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі.

  2. Оқушының оқу жетістіктерін бағалау мақсаты.

  3. Оқушының оқу жетістігін бағалау принциптері.

  4. Оқушының оқу жетістігін бағалау түрлері.



1. Жеке бағдарлы оқытуда бағалаудың әр түрі мен әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын көтеруге және алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керек екендігін анықтауға мүмкіндік туса, мұғалім оқушының оқу мазмұнын терең түсінуіне және оқып-үйренуде тәуелсіз болуына қажетті ақпараттарды алады.
Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен техникасын оқушылардың өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын қалыптастыру дәрежесін анықтау мақсатында мәліметтер жинау үшін ұтымды қолдану мұғалімге оқытуды жүйелеуге мүмкіндік береді, яғни әр оқушының талабы мен мүмкіндігі ескеріледі, ал оқушы білім алуына және алдағы өміріне қажетті өзінің білімін, жоғары құзіреттілігін қалыптастыруын бақылайды.
Бағалау – оқыту мәселерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу процесіне қатысушыларды (сыныптағы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет) білім берудің жағдайымен, мәселелерімен, және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет