Тақырыбы: Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, оқушының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімділігін талдау
Кілт сөздер: рубрикатор, критерий, дескрипторлар, критерийлік бағалау жүйесі және т.б.
Оқу жетістіктерін критерийалды бағалау туралы жалпы түсінік
Критериалды бағалаудың негізгі принциптері
Критериалды бағалаудың функциялары
Критериалды бағалаудың тиімділігі
1. Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерийлік бағалау
Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады ;
Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес ,
эталонмен салыстырылады, ( үздік орындалған жұмыс үлгісімен),
эталон оқушыларға алдын ала белгілі;
Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритмі жасалған;
Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады , сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрінісі;
Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;
Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да сәйкес рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар алдында алады. Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай бағаланатындығын түсінуіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, рубрика оқушыға берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты меңгеру үрдісінде неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, оқушы өз оқуының белсенді бір жағы – субъект болады.
Рубрика – оқушы не үшін оқып жүргендігін, критерий – ол нені үйренуі керек екендігін, ал дескриптор – оқушы оны қалай орындау қажеттігін көрсетеді. Егер рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий – баспалдақ, ал дескриптор – жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа қарай жылжуға болатын жеке басқыштар.
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады .Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.
2. Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы.Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
• Шынайылық, анықтық және валидтілік.Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
• Ашықтық және нақтылық.Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
• Үздіксіздік.Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
• Дамытуға бағыттылық.Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
3. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді. Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін объективті және айқын бағалау жүйесінің қызмет етуі.
2. Халықаралық тәсілдемелер мен стандарттарға сәйкес бірыңғай, сапалы бағалау механизмдерін құру.
3. Бағалау әрекетінде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру.
4. Оқушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру және оларды өз бетінше оқу дағдыларына дағдыландыру үшін жағдай жасау.
5. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру.
6. Оқушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау үдерісін, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) автоматтандыруға және дербестендіруге мүмкіндік беретін тапсырма үлгілері қорын құру.
7. Объективті, үздіксіз, анық ақпараттарды ұсыну: оқушыларға олардың оқу сапасы туралы, мұғалімдерге оқушыларының ілгерілеуі туралы, ата-аналарға оқу нәтижесіне жету деңгейі туралы, басқару органдарына ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы туралы.
8. Жинақтау үдерісін белсендіру және ақпараттар ұсыну үшін электрондық журналды қолдану.
9. Мемлекет, облыс, аудандық барлық мектептер, жеке мектептер, әр оқушы деңгейінде бөлімдер мен тақырыптар аясындағы оқу бағдарламаларын меңгеруге қатысты мониторингті қолдану.
10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру және басқарушылық тиімді шешім қабылдау үшін зерттеу және талдау жүргізу.
Критериалды бағалаудың функциялары: