Түсіндірме жазба



бет27/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Табыс критерийі – бұл мұғалімдер мен оқушыларға олардың оқыту мақсатына қол жеткізгендігін дәлелдейтін нұсқаулар.
Сыртқы жиынтық бағалауға арналған емтихан жұмыстары да бағалау критерийлерін, яғни оқушының емтихан жұмысын қаншалықты жақсы орындағанын талқылауға мүмкіндік беретін бағалау саласын қамтиды.
Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл қою дескрипторлары мен схемасын қамтиды. Дескрипторлар - оқушының тапсырманы орындау кезінде жасайтын іс-әрекеттерінің қысқаша сипаттамасы, балл қою схемасы - әрбір сұрақ үшін берілетін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетілген нұсқаулық болып табылады. Бағалау критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қандай мектепте орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін бағалаудың тәсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл объективті және ашық бағалауға қол жеткізеді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін іске асырады – бұл бірыңғай стандартталған тәсілді жасау мақсатында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау. Модерация пән бойынша бағалау, практикалық жұмыстарды бағалауда және сыртқы жиынтық бағалауда тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады.
Оқушылардың оқыту мақсатында қол жеткізгенінің дәлелі ретінде қалыптастырушы және жиынтық бағалаулардың нәтижелерін жинақталған оқушының портфолиосы пайдаланылады. Оған оқушының жұмысы, оны бағалау критерийлері, өзін-өзі бағалау қорытындылары, мұғалімнің пікірлері мен ұсынымдары жиналады. Портфолио оқушының оқудағы жетістігі туралы ата-аналармен кері байланыс жасау үшін қолданылады.
2. «НЗМ» ДБҰҰ ұсынған оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау Ережесіне сәйкес қалыптастырушы, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырудың тәртібі бар және ол келесіні қамтиды:
− Қалыптастырушы бағалау түзету функциясын атқарады. Тоқсан мен жылдық бағаны қою кезінде қалыптастырушы бағалау ескеріледі.
− Қалыптастырушы бағалау кезінде оқу бағдарламасы мен жоспарға сәйкес табыс критерийі негізінде пән бойынша оқу мақсаттарды бағалау жүзеге асырылады.
− Оқушының оқу мақсатына жету нәтижесі «қол жеткізді», «талпынуда» деп бағаланады.
− Бір тоқсанда жеткен оқу мақсаттары қосылып қалыптастырушы бағалаудың балдарын санау кезінде ескеріледі.
− Тоқсандық бағаны есептеу кезінде қалыптастырушы бағалаудың балдары ескеріледі.
− «Педагогикалық өлшемдер орталығы» филиалы әдістемелік ұйымдардың басшыларымен бірлесіп ішкі жиынтық жұмыстарды және ұсынылатын формат, бағалау критерийлері, барлық параллель сыныптарға бірдей жиынтық жұмыстардың құрылымын қамтитын тестік спецификация негізінде балл қою схемасын әзірлейді.
− Ішкі жиынтық жұмыстар әртүрлі болады (тестер, сынақтар, бақылау жұмыстары және т.б.).
− Ішкі жиынтық жұмыс бойынша баға Кіріктірілген білім беру бағдарламасының талаптарына сай критерийлер бойынша қойылады. Балл қою критерийлері қажет болған жағдайда танысуға болатындай қолжетімді (оқушыларға, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата аналарға және т.б.).
− Ішкі жиынтық жұмыстары көптеген критерийлер қолдану арқылы құрастырылады. Ішкі Жиынтық жұмыстың құрылымы, бағалау критерийі және форматын бейнелетін материалдармен оқушылар таныс болу керек.
− Бір параллель сыныптар үшін ішкі жиынтық жұмыстар бірдей шартта өткізіледі.
− Жиынтық жұмыстарды қайтадан орындау рұқсат етілмейді.
− Егер оқушы дәлелді себеппен өткен ішкі жиынтық жұмысына қатыспаса, онда оқушы сабаққа қосылғаннан кейін бір аптаның ішінде орындау қажет және ішкі жиынтық жұмыстардың қосымша нұсқалары қолданылады.
− Бірінші сыныптың бірінші және екінші тоқсандарында ішкі жиынтық бағалау өткізілмейді.
− «Өнер» пәні бойынша ішкі жиынтық бағалау оқушыға кешенді тапсырма беру арқылы жүзеге асырылады және тапсырманы оқушы тоқсанның соңында тапсырады.
− Бастауыш сыныптарда Дене шынықтыру пәні бойынша ішкі жиынтық бағалау оқушының портфолиосын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі және жоғарғы мектепте ішкі жиынтық бағалау жобаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
«НЗМ» ДБҰҰ ұсынған бағалау жүйесіне сәйкес тоқсандық баға мен жылдық бағаны қою үшін қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері қолданылады.
Критериалды бағалауды қолдану оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыруға, оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуге және сол оқыту үдерісін қамтамасыз етуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, барлық мүдделі тараптарға оқыту нәтижелері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет