Түсіндірме жазба


Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы



бет35/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы


«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; осындай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады.
Тапсырма әзірлеушіге (мұғалімге) мұндай тапсырмаларды құрастыру оңай және тез болады. Сондай-ақ, тексеру мұғалімнің пайымдауына байланысты болатын тапсырмаларға (ашық тапсырма) қарағанда, мұндай тапсырма барынша объективті, қойылған балл көбіне сенімді болады.
Көп мұғалімдер шындықты анықтауға қатысты тапсырмалар қажетті білімді жеткілікті бағаламайды деп есептейді, себебі бұл тапсырмада оқушы тапсырманың дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Сонымен қатар көптеген педагогтер оқушыларды сөзбе-сөз есте сақтауға бағыттайтын таптаурын (тривиалды) сұрақтар құрастыру үрдісіне алып келеді деп атап көрсетеді.
Шындық/жалған тапсырмалары нақтылауға берілген болуы мүмкін. Шындық-жалған тапсырмасының бұл түрі оқушы жалған тұжырымның ішінен берілген шындыққа қатысты ақпаратты қаншалықты білетінін анықтайды.
«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері:
Жан-жақтылық. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу үшін бейімдеуге болады.
Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің нақтылығы жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде есептеуге болады.
Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді нәтижелерін беруі мүмкін.
Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы жетілдіруге болады.
Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі тапсырмалар құрастыруға болады.
Түсінгенін тексеру. Шындықты анықтау сұрақтары зерделеген материалды түсінуін бағалауға пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет