Бақылау сұрақтары:
"Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ұғымын қалай түсінесіз?
Кембридж тәсілі бойынша бағалау қаншалықты маңызды?
Формативті бағалаудың суммативті бағалаудан айырмашылығы
Баға қоюдың синтездік түрін қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.
Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.
9-дәріс
Тақырыбы: Пән бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Мақсаты: бағалаудың теориялық аспектілері, тапсырмалар, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау жолдарын талдау
Кілт сөздер: білім, сапа, рубрикатор, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
Бағалауға арналған тапсырмалардың теориялық аспектілері.
Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
1. Бағалау үдерісін зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Зерттеулер мұғалімдер оқушыларды бағалауда басшылыққа алатын нақты, ғылыми дəлелденген ережелердің жоқтығын көрсетеді. Осылайша оқушыларға баға қоюдың жүйсіздігі байқалады. Бұл оқушылардың қорғансыздығын қалыптастырып, оқушының МЕН-тұжырымының төмендеуіне немесе өзіндік бағасын жоғарылатуына жол берді. Адамның тіршілік əрекеті көптеген факторларға тəуелді: білімділік (қабылдаутын, өңделетін материал көлемі), психологиялық (уəж, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері), педагогикалық (əдіс-тəсілдерді таңдау), эмоциялық (алаңдаушылық деңгейі), адамгершілік (бірмəнді, нақты, анық, қатаң, икемді тəсілдер), т.б. Бағалау үдерісінде барлық факторлар бір-бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырады. Білімділік немесе педагогикалық факторларды ғана жеке бағалауға болмайды, себебі басқа факторлар да оқу нəтижелеріне немесе бағалауға əсер ете алады. Баға оқушылардың білім, білік-дағдыларын əртүрлі критерийлер бойынша бағалау нəтижелерінен құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі, осы материалды түсіну жəне қолдану, материалды пəннің талабына сəйкес рəсімдеу, материал бойынша жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б.
Мұғалімдердің тəжірибесі бағалауға арналған тапсырмаларды саралау, бағалаудың тиімді құралдары мен əдіс-тəсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, өзінің даму бағытын анықтауына оң əсер ететінін көрсетеді.
Пəн бойынша тест спецификациялары белгіленген құрылым бойынша тест сұрақтарын əзірлеуден бастап, ұсынылатын жауаптарды (кілт жəне дистракторлар) құрастыруға дейін барлық талаптарға сəйкес жасалады. Тест спецификациялары зерделенген тақырып немесе бөлім бойынша нақты деректерді көрсетеді жəне оқу мақсатын немесе дағдыларды бағалауға бағытталады. Бағалауға арналған тапсырманы əзірлегенде құрылым мен өлшеуге арналған компоненттерді сақтау маңызды. Бағалауға арналған тапсырманың сəйкес болмау себептерінің бірі оның толық анықталмағандығында/құрастырылмағандығында болады. Тапсырма құрылымының жеткіліксіз берілгендігінің мысалы ретінде əрқайсысы жеке немесе барлығы бірге қарастырылып бағалануы тиіс байланыстырушы ортақ тақырыптардың болмауын айтуға болады.
Бағалауға арналған тапсырманың күрделілік деңгейі тапсырманы əзірлеушінің өзіндік тəжірибесіне байланысты. Санаттарға жіктеу дəлдігін үлгілік тапсырмаларды пайдалау арқылы арттыруға болады. Əрбір деңгейдегі тапсырма үлгісі əзірленген бағалау тапсырмасының деңгейін анықтауға негіз болады.
Бағалауға арналған тапсырманың жарамдылығын тест спецификациясының талаптарына сəйкестігін тексеру арқылы сыртқы сарапшы бағамдайды. Бағамдау барысында ол 80 пайыз көлемінде тапсырманы түзетуге қатысты ұсыныстар бере алады, мысалы: тапсырмада өте қиын сұрақтардың кездесуі; бағалау критерийлеріне сəйкес келмейтін сұрақтардың болуы; тапсырманың оқу мақсаты мен күтілетін нəтижелерге сəйкес келмеуі.
Танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі (Блум таксономиясы) бағалауға арналған тапсырмаларды əзірлеу жəне сараптау үдерісінде кеңінен қолданылады. Бастапқы жəне түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Əрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерген дағдыларға негізделеді.
2. Тапсырма əзірлеу барысында неге назар аудару керек? Білім алушылар үшін жақсы практикалық тапсырма құрастыру – жай ғана техникалық жүзеге асыру емес, ол түсіну мəселесі, себебі олар алған білімін тəжірибеде қолданатын болады. Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды; оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырма әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әр түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып саналады. Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең тараған. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мазмұныны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |