Қысқаша мазмұндалуы. Шындықты анықтау сұрақтары тез оқуға болатын бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін.
Шындық/ жалған тапсырмасы әдетте білу мен түсінуді бағалау үшін қолданылады, сондай-ақ, оларды жоғары деңгей дағдыларын бағалау үшін де қолдану мүмкін. Оқушыларға жаңа мәлімет, тың деректер ұсынылуы немесе жұмыстың мазмұнында белгілі бір сипаттамалардың бар/жоғын анықтауға арналған жазбаша жұмыс түрінде берілуі мүмкін.
Шындықты анықтау тапсырмасы жауапты таңдау тапсырмаларының ішінде ең танымал болып табылады. Оларды дайындау оңай, дегенмен қолдану кезінде мұқият болған жөн. Оқушылар мұндай тапсырмалардың осал тұсын тауып, жауабын болжауға көмектесетін сөздерді, грамматикалық құрылымды, т.б. пайдаланып, жоғары балл алуы мүмкін.
Мұндай тапсырмалар қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу үшін тиімді қолданылуы мүмкін. Бұл жетілдіруді қажет ететін проблемалық тұстарын анықтау мақсатында алдыңғы сабақтағы білімді өзектендіру үшін, оқушыларды жаңа тапсырмаларға ынталандыру үшін, күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу
Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар процесс, мерзім, атауларды, т.б. білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады. Сәйкестендіру тапсырмалары көптеп жасалған эксперименттерді, олардың нәтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте сақтауды қажет ететін жаратылыстану ғылымында да қолдануға ыңғайлы.
Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың жауаптары көрсетіледі. Бұл жағдайда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда, бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін, сонымен қатар, егер оқушы бір жауабында қателессе, одан әрі де қателікке ұрынады. Мынандай жағдай болуы да мүмкін: оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді.
Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі – бірінші бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптардың санының көп болуы. Бұл жағдайда оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағанан түратын тапсырма анықталады. Екінші бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар артық болуы қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс.
Нәтижені өңдеу қолайлы болу үшін сол бағандағы позицияларды санмен белгілеу, ал оң бағандағыларды бас әріптермен белгілеу ұсынылады. Тапсырманы қолайлы психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауа беру үшін жазу қарпінің өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен жазылады, бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен аспауы қажет екенін ескерген жөн. Әрине, кейбір жағдайда, бір сұраққа бір жауап келетін сәйкестендіру тапсырмасы ең жақсы тапсырма мысалы болуы мүмкін. Сапалы тапсырма барынша сенімді нәтиже алуға жағдай жасайды, сондықтан сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру кезінде ескерілетін ұсыныстар бар.