Баға
|
Сипаты
|
1-сынып бойынша балдың пайыздық
мазмұны
|
2-11(12)-
сыныптардағы балдың пайыздық
мазмұны
|
«2»
|
Қанағаттанғысыз
|
0% - 20%
|
0- 39%
|
«3»
|
Қанағаттанарлық
|
21% - 50%
|
40% - 64%
|
«4»
|
Жақсы
|
51% - 80%
|
65% - 84%
|
«5»
|
Өте жақсы
|
81% - 100%
|
85% - 100%
|
2. Тоқсандық бағалар бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жинақталады. Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:
тоқсандық бағаның 50% Бөлім бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы белгіленеді;
тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленеді.
Жиынтық бағалау (ЖБ)
|
Үлес салмағы
|
Бөлім бойынша ЖБ
|
50%
|
Тоқсандық ЖБ
|
50%
|
Тоқсандық баға:
|
100%
|
Төменде «Жаратылыстану» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1- тоқсан бағалары есебі мысал түрінде берілген.
3- кесте. «Жаратылыстану» пәнінен 5-сынып білім алушыларының бөлім бойынша және 1-тоқсанның жиынтық бағалау нәтижелері
№
|
Жиынтық бағалау (ЖБ)
|
Білім алушыл ар балы
|
Максимал ды балл
|
Оқу жетістігі деңгейі және тапсырман ы орындау
пайызы
|
5 балдық шәкілге ауысу кезіндегі болжам
|
Арақаты насы,
%
|
Балдың пайыздық мазмұны
|
1
|
1-бөлім бойынша ЖБ
|
4
|
12
|
33%
Төмен
|
2
|
50%
|
29,4%
|
2
|
2-бөлім бойынша ЖБ
|
6
|
10
|
60%
Орта
|
3-4
|
3
|
3-бөлім бойынша ЖБ
|
10
|
12
|
83%
Орта
|
3-4
|
4
|
Тоқсандық ЖБ
|
18
|
20
|
90%
Жоғары
|
|
50%
|
45%
|
Барлығы:
|
74%
|
Тоқсандық бағаның есебі келесі формулада жүргізіледі:
Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.
29% + 45% = 74%
Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.
Баға
|
Негізгі мектептегі балдардың пайыздық
мазмұны
|
«2»
|
0- 39%
|
«3»
|
40% - 64%
|
«4»
|
65% - 84%
|
«5»
|
85% - 100%
|
Аталған шәкіл негізіндегі 74%, «4» деген бағаға сәйкес келеді. Демек, «Жаратылыстану» пәні бойынша білім алушының 1-тоқсандағы бағасы – «4».
3. Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық
төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар). Төменде 5-сыныптың «Жаратылыстану» пәнінен білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.
3-кесте. «Жаратылыстану» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1-4- тоқсандардағы нәтижесі
Жиынтық бағалау (ЖБ)
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
Жалпы балл саны
|
Арақатынасы,
%
|
Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық
мазмұны
|
Бөлім бойынша
ЖБ
|
34-тен 23
|
30-дан 20
|
25-тен 21
|
20-дан 18
|
109-дан 82
|
50%
|
37,6%
|
Тоқсан
дық ЖБ
|
20-дан 18
|
20-дан 15
|
20-дан 19
|
20-дан 16
|
80-нен
68
|
50%
|
42,5%
|
Жылдық баға келесі формула бойынша жүргізіледі:
Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.
37,6% + 42,5% = 80,1%
Дөңгелектелген мәні 80% тең
Баға
|
Негізгі мектептегі балдың
пайыздық мазмұны
|
«2»
|
0- 39%
|
«3»
|
40% - 64%
|
«4»
|
65% - 84%
|
«5»
|
85% - 100%
|
Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %, – «4» деген бағаға тең, яғни Жаратылыстану» пәнінен 5-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.
Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.
Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.
Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.
13-дәріс
Тақырыбы: Топтық жұмысты бағалау әдістемесі
Мақсаты: топтық жұмысты бағалау әдістемесін талдау
Кілт сөздер: білім, сапа, ойлау дағдылары, критериалды бағалау, дескриптор, т.б.
1. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау.
2. Топтық жұмыстың бағалануы.
3. Топтық жұмыс барысында оқушының өзін-өзі бағалауы.
1. Оқытудың белсенді әдістерінің бірі топпен жұмыс екені белгілі. Сабақ барысында осы әдісті жиі қолданғанмен, мұғалімдер мынадай сұрақтарды жиі қояды:
- Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?
- Топтық жұмыс әдісін бағалауда нені формативті бағалауға жатқызуға болады?
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандай да бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлігі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып кері байланыс жасайды. Осы арада мұғалімнің топтық жұмыс кезінде тапсырманы міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.
2. Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар:
- мұғалімнің әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
- мұғалімнің белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
- өзін-өзі бағалау/ өзара бағалау, мұғалім мен оқушылардың топтық жұмысты бірлесе отырып бағалауы;
Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында мұғалім төменде берілген шарттармен оқушыларды алдын-ала таныстырып өтуі керек:
• Топтық жұмыстың мақсатын және оның өтілетін тақырыптың білімділік мақсатымен сәйкестілігін хабарлау;
• Тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін анықтау;
• Кім бағалайтынын хабарлау; (мұғалім; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек оқушылар ғана; арнайы сайланған әділқазылар)
• Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
• Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау
3. Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да мұғалімнің топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.
Топтық жұмыстың бағалануы.
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде мұғалім қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.
• Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?
• Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды?
• Оларды қалай жеңуге болады?
Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.
Ал екінші және үшінші сұрақтар оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.
Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.
• Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;
• Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.
Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiм талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының даму деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
1) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
2) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |