Түсіндірме жазба



бет45/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

2. Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау – бұл оқушының өзінің күшті мен әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қиындықтары туралы ақпараттарды жинап және талдауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылардың өзін-өзі және сыныптастардың бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды дұрыс меңгергенде ғана бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалауда эмоцияға берілмей, сыни тұрғыдан қарауға машықтандыру керек. Өзін-өзі мен бірін-бірі бағалаудың мәні: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты және түсінікті бағалау критерийлері болғанда ғана өздерін бағалай алады.
Оқушылар үшін өздерінің жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:

  • Алға қойған мақсаты.

  • Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).

  • Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.

  • Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.

Өзін-өзі бағалау тиімді іске асу үшін:

  • Оқушылар өз жұмыстары мен қабілетінің қалай бағаланатыны түсінікті болуы;

  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдысының дамуы;

  • Дәлділікті дамыту; (Обьективті тұрғыдан қарауға үйрету)

  • Оқушылардың назарын алға қойған мақсаттарына аудару қажет.

Оқушының өзін-өзі бағалауы мұғалімнің бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу мынадай екі бағалауды салыстыру арқылы жүзеге асады: олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.

  • Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.

  • Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.

  • Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекті етіп баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.

Төменде топтық жұмыста өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№1 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.

№1 кесте
Аты __________________________ Уақыты_____________________________


Сыныбы______________________ Қызметінің түрі________________________

Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле)



  1. Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз пікірімді білдірдім.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқылауға қатыстыруға тарттым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен мұғалім немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________

  2. Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, бұл________________________________

__________________________________________________________________

  1. Келесі топтық жұмыстағы менің мақсатым____________________________ _________________________________________________________________

Оқушы кестені толтырған соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды.


№1 кестеде оқушының топтық жұмысы мен ондағы қызметі жайлы ортақ әсерлері белгіленеді. №2 кесте әрбір бөлімге сандық (цифрлық) белгі береді. Ұстаз «Болжаулы ұпайлар» бағанындағы ұпайларды өзі таңдайды. (мектептегі 5 ұпайлық бағалаумен шатастырмай, 10 ұпайлық жүйені қолдану тиімді). Егер оқушылар мен мұғалімнің «Қорытынды» жолағында қойған бағалары 10 ұпайдан асса, онда қайшылық тудырмау үшін мұғалім қатысушылармен міндетті түрде әңгімелесіп, нәтижелерін талқылауы қажет.
Кесте №2

Қатысушылар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет