Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
Модерацияға дейін:
білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды.
Модерация кезінде:
білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.
Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.
Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.
Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.