Түсіндірме жазба



бет49/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер және интернет материалдарын пайдалана отырып:
1. Дәстүрлі және критериалды бағалау түрлеріне Венн диаграммасын құрастыру
2. ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізуге хронологиялық сипаттама жасау
3. ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізудің нормативтік қамтамасыз етілу тізбесін құрастыру


Бақылау сұрақтары:

  1. "Оқу сапасы, оқушылардың білімін бағалау ұғымын қалай түсінесіз?

  2. ҚР орта білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізуге не себеп болды?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі негізінде жаңарту. Əдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 43 б.

  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  3. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

2-4 – практикалық сабақ
Тақырыбы: Критериалды бағалауды Блум таксономиясының категорияларына сәйкес ұйымдастыру
Мақсаты: Блум таксономиясына сәйкес тапсырмалар құрастыру әдістемесін меңгеру
Негізгі сұрақтар:
1. Блум таксономиясы категориялары туралы түсінік
2. Блум таксономиясы категорияларына негізделген тапсырмалар құрастыру

Таксономия - (грек. taxis – орналасу, жүйе, тәртіп және nomos- заң) белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді білдіреді. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет