"Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты.
Тоқсандық БЖБ, ТЖБ болмайды, тоқсандық баға қойылмайды
Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бөлімшелер күтілетін нәтижелер: дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын әр бөлім бөлімшелерге бөлінген.
Жаратылыстану-математика бағытындағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 5 бөлімді қамтиды:
1) Бағдарламалау (ортақ тақырыптары: "Жабайы табиғат", "Жақсы деген немене, жаман деген немене?")
2) Ойын құру (ортақ тақырыптары: "Уақыт", "Сәулет");
3) Робототехника. Жоба (ортақ тақырыптары: "Өнер", "Көрнекті тұлғалар");
4) Презентациялар (ортақ тақырыбы: "Су – өмірдің қайнар көзі");
5) Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы: "Демалыс мәдениеті. Мерекелер").;
Достарыңызбен бөлісу: |