Түсінік хат 5 және 6- сыныптар Апталық сағат саны – әр сыныпта



бет1/12
Дата26.06.2018
өлшемі1,27 Mb.
#44545
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ОМ-тің физика курсы бойынша

5-6 сыныптарға арналған элективті курстың бағдарламасы.



Түсінік хат

5 және 6- сыныптар

Апталық сағат саны – әр сыныпта: аптасына 1 сағат, барлығы

34 сағат. Жалпы 68 сағат



Білім беру аймағы: «Физика».

Профиль: жаратылыстану-математика бағыты

Табиғат құбылыстарынан терең сыр тартатын «Физика және астрономия» оқулығын, оны жеке тақырыптарын жеңіл-желпі оқып шығу жеткіліксіз. Бұл пәндерді меңгеру «инемен құдық қазғандай» тер төгуді, ой сарабына салып, әр түрлі әрекет етуді қажет етеді. Сондықтан да 5-6 сыныптарда алғашқы білімдерді қалыптастырып алған жөн. Физика курстарында толық тоқталмайтын кейбір элементтерге түсінік бере кеткен дұрыс.



Курстың мақсаты:

  • «Танымдық физика» және «Физика әлемінде» курстары оқушыларға физика пәні бойынша алғашқы ұғымдарды береді;

  • оқушылардың жасына қарай түсінікті мазмұнда жазылған оқу материалдары қазіргі заманға сай ғылыми білімнің іргелі негіздерін қамтып, сонымен қатар белгілі бір логикалық жүйеде толық аяқталуы тиіс;

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады;

  • оқу бағдарламасында қамтылмаған физикаға қатысты кейбір жайттарды түсіндіреді;

Курстың міндеттері:

  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, ғылым мен техникаға құштарлықтарын арттыру;

  • оқушылардың санасында қарапайым ғылыми ұғымдарды қалыптастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, жаратылыстану ғылымының жетістіктері мен идеялары туралы жақынырақ білу және адамның табиғатта, техникада, технологияда жетістіктерінде алатын орны туралы білімдерді игерту;

  • қоршаған табиғи ортадағы болып жатқан құбылыстарды түсіндіруде, жаратылыс ғылымдарының мәліметтерін пайдалануды, қоғамдық және ғылыми проблемаларын осы заманғы ғылыми деректер бойынша оқып, үйрену;

  • оқушыларға туған елдің табиғат жағдайы,топырағы, өсімдік, жануарлар дүниесі жайлы мәлімет беріп қоймай, олардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, болашақ өмірдегі материалистік көзқарастарын қалыптастыру, түйсіну әрекеттерін жетілдіру;

  • коммуникативтік біліктілігі дамыған тұлға даярлауға септігін тигізу, алған білімдерін қолдана алу, таным белсенділігін күшейту;

  • оқушының рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

  • Оқушының зейіні, ойлау қабілеті өз деңгейінде болу үшін оқытудың әңгімелік, көрнекілік және практикалық әдістерін үнемі өзгертіп отыру керек;

  • оқушылар өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру керек;

  • адамның тұрмыстағы және өндірістегі практикалық әрекетіне қажетті қолданбалы физика материалдарын қамти отырып, қазіргі технология жөнінде де кейбір мәліметтерді меңгерту.

Пәнаралық байланыс:

  • дүниетану;

  • тарих;

  • бейнелеу өнері;

  • математика;

  • жаратылыстану.


ОМ-тің физика курсы бойынша 5-6 сыныптарға арналған элективті курстың бағдарламасы.

5- сынып (Аптасына 1c, жалпы 34сағат)

Танымдық физика (1c)




Сабақтың тақырыбы


Сағат саны

Практикум

1

Кіріспе

Танымдық физикаға түсінік



1







1-тарау

Физика – табиғат туралы ғылым



6




1

Физика мен табиғаттағы заттар арасындағы байланыс.

1




2

Физикалық денелер мен заттар.

1




3

Физикалық құбылыстар.

2




4

Тәжірибе тірегі – физикалық аспаптар.

1




5

Физикалық ұғымдар мен шамалар.

1







2-тарау

Заттың күйлері



6




1

Молекулалар мен атомдар.

1




2

Судың құрылысы.Жаңбыр тамшысы.

1




3

Қатты денелер.

1




4

Газдар.Ауаның қасиеттері.

1




5

Диффузия.

1




6

Заттың күйлерінде диффузия құбылысының байқалуы.

1

№1




3-тарау.

Кімнің кім екенін білесің бе?



10




1

Аристотельдің өмірбаяны.

1




2

Әбу-Насыр Әл-Фараби еңбектері.

1




3

М.Ломоносовтың зерттеулері.

1




4

Р.Гуктың ашқан жаңалықтары.

1




5

Роберт Браун.

1




6

Демокриттің атомға көзқарасы.

1




7

Ньютон әлемі.

1




8

Архимед туралы аңыз.

1




9

Б.Франклинді есеңгіреткен найзағай.

1




10

С.Исатаев – физика ғылымын әлемге танытқан жаңашыл физик.

1







4-тарау.

Балалар ойыншықтарының физикасы.


6





1

Архимед күші мен атмосфералық қысымға негізделген ойыншықтар.

1




2

Атмосфералық қысымның ойыншықтарда байқалуы.

1

№2

3

Инерциялық және от алатын ойыншықтар

1





4

Дыбыстық ойыншықтар.

1




5

Электрлік және магниттік ойыншықтар.

1




6

Оптика заңдарына негізделген ойыншықтар.

1







5-тарау.

Ойланайық, балалар!



5





1

Абай және Шәкәрім шығармаларындағы физикалық құбылыстар.

1




2

Мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашайық!

1




3

Шар қалай жарылады?

1




4

Таңғаларлық тәжірибелер.

1

№3

5

Қорытынды сабақ.

1











6- сынып (Аптасына 1c, жалпы 34сағат)

Физика әлемінде (1c)



Сабақтың тақырыбы


Сағат саны

Практикум

1

Кіріспе

Физиканың негізгі бөлімдері.



1







1-тарау

Қозғалатын денелер әлемінде.



6




1

Механикалық қозғалыс.

1




2

Инерция.

1




3

Реактивті қозғалыс.

1




4

Тербелістер мен толқындар.

2




5

Механикалық энергия.

1







2-тарау

Дыбыстар әлемінде.



6




1

Дыбыс және оның сипаттамасы.

1




2

Дыбыс көздері.

1




3

Көлеңке және бейне.

1




4

Оптикалық сағымдар.

1




5

Жаңғырық.

1




6

Математкиалық маятникпен танысу

1

№1




3-тарау.

Жылу әлемінде.



6




1

Жылулық қозғалыс.

1




2

Температура.

1




3

Отынның түрлері.

1




4

Жылу машиналары.

1




5

Тоңазытқыш.

1




6

Термометрдің пайдаланылуы.

1

№2




4-тарау.

Электр әлемінде



6




1

Ғажайып янтарь.

1




2

Электр тогы.

1




3

Найзағай.

1




4

Электрлік аспаптармен танысу.

1

№3

5

Аспаптардың бөлік құнын анықтау.

1

№4

6

Қарапайым электр тізбегін құрастыру.

1

№5




5-тарау.

Магниттер әлемінде.



4




1

Магнит қалай әрекет етеді?

1




2

Тұсбағдар құрастыру.

1

№6

3

Жер неге магнитті?

1




4

Аспан денелерінің магниттік қасиеттері.

1







6-тарау.

Тұрақтылар әлемі.



5




1

Жарық жылдамдығы.

1




2

Электр тұрақтылары.

1




3

Еркін түсу үдеуі.

1




4

Гравитациялық тұрақты.

1




5

Қорытынды сабақ.

1




Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Я познаю мир. Физика энциклопедия/ автор: А.Леонтьев, - МАСТ Люкс, 2005 ж.

  2. Забавная физика для детей / автор: Ф.В.Рабиза, - Москва, 2000 ж.

  3. Забавная физика / автор: Л.Гальперштейн,- Москва 1993ж.

  4. Сто задач по физике и одна главная / автор: В.В.Альминдеров,- Москва 2009 ж.

  5. Физика / автор: А.Ж.Қалығұлов ,- Алматы «Рауан» 1994 ж.

  6. Фердинанд Розенбергер "История физики" часть 1

  7. П.С. Кудрявцев, И.Я. Конфедератов "История физики и техники (учебное пособие для учащихся педагогических вузов)" 1960 г.

  8. Қызықты физика «Күштің сыры неде?» Ричард Хаммонд «Алматыкітап» 2008ж.


ОМ-тің физика курсы бойынша 5-6 сыныптарға арналған элективті курстың сабақ жоспарлары.

5- сынып (Аптасына 1c, жалпы 34сағат)

Танымдық физика (1c)
Кіріспе

Танымдық физикаға түсінік

Физиканың танымдық курсы оқушылар бойында табиғат, адам және техника туралы біртұтас түсінік қалыптастыруда өзінің маңызды міндеттерін атқарады.Алайда оның жеке пән ретінде мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін білеміз. Оқытудың белгілі бір кезеңінде табиғат құбылыстарын, техниканы тереңірек, пәнаралық негізінде, жалпы теориялық тұрғыда зерттеп қарастырудың қажеттігі туады. Көптеген елдерде білім реформаларын жүргізу барысында физика курсының маңызы мен құрылымын жетілдіру жолдары қалыптасты. Негізгі мектепте бұл курсты өту барысында оқушылар білім мен біліктің белгілі мөлшерін меңгеріп шығуы тиіс. Бұған негізгі құбылыстар, ұғымдар жүйесі, физикалық шамалар, заңдар мен принциптер, теориялар туралы білім түрлері енеді. Мұның бәрі оқушыға жаратылыстану ғылымының әлемдік деңгейін меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл курс – интеграцияланған курс; ол физиканың негізгі ұғымдарын, астрономияның негізгі мәлеметтерін, тарихи материалдарды, ғалымдардың өмірбаяндарын, физикалық ойын технологияларын қамтиды.

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі- сабақта ойындарды қолдану. Ойын сабақтың басында- өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында- көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында- тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, бала үшін ойынның нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Физика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың физикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.



Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушы-ларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы,, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.


Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»
Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.Дегенмен физика пәніне ең жақсы ойынды ойлап табуды, класта немесе мектепте окушылар арасында конкурс жүргізуге болады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.
Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр кластың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқьіту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.

I-тарау

Физика-табиғат құбылыстары туралы ғылым

1.1 Физика мен табиғаттағы заттар арасындағы байланыс

Физика атауы гректің «фузике» , «фюзис»- «табиғат» деген сөзінен алынған . Өзінің аты айтып тұрғандай , физика табиғат , табиғатты зерттеу жөніндегі ғылым болып табылды. Дәлірек айтқанда ,ол табиғи дүниенің жалпы қасиеттері ,болмыстағы барлық заттардың өмір сүру жолдары , түрлері және бүкіл заттардың құрылымы туралы ғылым . Болмыстағы барлық заттар , дүниедегі денелер , жанды жаратылымдар , аспан шырақтары (Күн мен Ай,сансыз көп жұлдыздар ), біз өмір сүретін жер шарының өзі , өзімізді қоршаған ауа,су,тау-тас,және т.с.с. бәрі-табиғаттағы құрылымы бөліктері. Әрі осы болмыстағы барлық заттар , денелер ,жан-жануарлар ,жәндіктер,өсімдіктер,су ауа,және т.б болмыстағы нақты заттар болып есептеледі. Шынында да , кәдімгі топырақ ,құм,су,темір,көмір және т.т-бәрі дүниедегі нақты заттар ғой .

Жалпы алғанда ,дүниедегі барлық зат атаулының түп негізі бір деп есептеледі.Сондықтан дүниедегі зат атаулының бәрін жалпы түрде бір ортақ атпен «материя» деп атау қабылданған .Сонымен , болмыстағы барлық нақты заттарды жалпы түрде «материя» деп атайтын болдық. Олай болса,біздің бүкіл болмысымыздағы барлық заттар тегінде материя болып шықты. Қорыта айтқанда ,материя деп біздің санамыздан тәуелсіз өмір сүретін барлық «нәрселерді» айтамыз.

Әріне,материя қолмен «ұстап»,көзбен «көретін» шын мәнісіндегі кәдімгі заттардың ғана жинақталған жалпы ұғымы емес,ол біз бақылай алмайтын,болмыста бар,бірақ біздің санамыздан тыс (тәуелсіз) өмір сүретін заттардың да жиынтығы болады. Осы жиынтықтың өкілдері қатарына әр түрлі өрістер де жатады. Осындай өрістердің бір түрі -өзіміз күнде көретін ,тұрмысымызға «сіңіп» кеткен , теледидардағы барлық кескін-кейіпті жеткізіп беретін электромагниттік өріс.Сол сияқты,аспандағы Айды Жердің маңында белгілі орбитада ұстап тұрған «керемет» те осындай өрістердің бір түрі -гравитациялық өріс болып табылады.



1.2 Физикалық денелер мен заттар

Сонымен,материя тек зат күйінде байқалатын,бақыланатын заттар күйінде ғана емес , ол «көзге көрінбейтін», «қолға ұсталмайтын» басқа күйде де болуы мүмкін екен . Осындай күйдегі материя түрін өріс деп атайды. Қысқасы,материя зат түрінде де және өріс түрінде де кездеседі.Әрине,нақты зат түрінде кездесетін материя оқушыларға көбірек танымал , өйткені олар кәдімгі заттар ғой" (мысалы,жоғарыда айтылған су мен бу , темір мен көмір,тұз бен мұз және т.б.).

Енді заттардан жасалатын,алынатын нәрселерге -физикалық денелерге тоқталайык.

Физикалық дене деп сырт пішіні,көлемі,салмағы және т.б. сипаттамалары бар затты айтады. Мысалы ,темір-зат болсы,темір балға-физикалық дене,мыс-зат болса,мыс өткізгіш-физикалық дене. Ал бұл заттардың жай ғана дене емес , физикалық дене деп айтылуының себебі олар физика зерттейтін объект бола алады.

1.3.ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

Табиғатта өтіп жатқан құбылыстардың бәрін физикалық құбылыстар деп атаймыз.Мысалы:жел де,боран да,су да, бу да,найзағай да,жаңғырық та,толқын да,баиап Күннің қызаруы да, суық ауаның ішке енуі де,кемперқосақтың түрлі түске боялуы да және т.с.с. бәрі де физикалық құбылыстар болып есептеледі.Ал физика табиғатта кездесетін осы алуан түрлі құбылыстарды зерттей отырып,бұл құбылыстардағы нақты заңдылықтар мен түрленулерді алып,анықтап,олардың өзара байланыстарын көрсете отырып,оларға ғылыми нанымды түсініктер береді.

Әрине,бұл айталғандап-өздігінен табиғатта өтіп жатқан құбылыстар.Бұдан басқа белгілі бір ықпалдың нәтижесінде пайда болатын физикалық құбылыстардың толып жатқан мысаларын келтіруге болады. Мәселен , тау суының тасқынынан туған механикалық энергияның электр энергиясына айналуы- физикалық құбылыс , сол сияқты, Күннің ішінде өтіп жатқан жұғуы , шықтың түсуі, сағымның пайа болуы, тұманның түсуі, міне, осылардың бәрі-физикалық құбылыс. Осы толып жатқан физикалық құбылыстардың ішінара кейбіреулерін қарастырайық.

Тартылыс құбылысы. Кез келген затты, мысалы, тасты, допты, ағаш кесіндісін, жебені және т.б. жер бетіне горизонталь бағытта, немесе көкжиекке белгілі бұрышпен жоғары лақтырсақ, осы заттардың қайсысы болмасын . сол бағытында қозғалып кете бермей, қисық сызықты траектория жасап (траектория-латынның trajektus – қозғалу , жылу, ауысу деген мағына беретін сөзі) , қайтып жерге түседі.Осы заттарды тік жоғары лақтырсақ, олар біраз жоғары көтеріліп . сол ізімен жерге құлап түседі. Үй шатырында салбырап ілулі тұрған сүңгі мұздар еріп кетсе, қолымызда тұрған зат немесе шегеде ілулі тұрған денелер «босатып» жіберсек, жерге түседі. Жер бетінен ұшырылған Жердің жасанды серіктері бастапқы түзу сызықты бағытында ұшпайды, қисық сызықты траектория жасап, жерге оралады. Жердің айналасындағы барлық заттар, денелер, Жердің жасанды серіктері, Ай, бұлт және оның үстіндегі барлық заттар да Жерге тартылады.

Сонымен, мынаай қорытындыны жадымызда сақтауымыз керек: Жердің бетіндегі және оның айналасы мен төңірегіндегі денелер мен заттардың бәрі ерге тартылады. Бұл қорытынды тек Жерге ғана қатысты емес, Жер сияқты, басқа да аспан денелері өздерінің төңірегіндегі денелер мен заттарды өздеріне қарай тартады екен. Мысалы, Күн өзінің айналасындағы планеталарды (планета- латынның «planeta»- ушы , жылжымалы деген мағына беретін сөзі) өзіне қарай тартылып тұратындықтан , ол планеталар сол Күнді шыр айналып, өз орбиталарында қозғалып жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет