Газдардың молекулаларының орналасуы
3-тарау . Кімнің кім екенін білесің бе?
3.1 Аристотельдің өмірбаяны
Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы “Физика” деп аталған. Осыған орай Аристотильді физиканың негізін қалаушы деп те атайды. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (Архимед заңы) ашты , қарапайым механизмдерді зерттеді.Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші үстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми түжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дүрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.
Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.
3.2 Әбу-Насыр Әл-Фараби еңбектері
Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы)Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби(870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
3.3 М.Ломоносовтың зерттеулері
Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.
М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды;
(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;
(1744-1748 ж.) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;
(1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.
Еңбектері мен зерттеулері
Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді.
Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде (1756 ж.) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті.
Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.
Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі.
Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы. Мозайкалық суреттерді жасау үшін қолданған түсті шынылардың әдістемесін және технологиясын әзірледі. Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің негізін қалады.
Табиғаттағы әртүрлі минералдардың және кенсіз денелердің пайда болу мәселелерін қарастырған. Топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азот және күкірт қышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған.
Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және металлургия бойынша кітаптар («Физикалық химия курсы», 1754 ж.; «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі», 1763 ж.) дайындады.
Мәскеу университетін құрудағы (1755 ж.) еңбегі зор, оның оқу бағдарламасын және жобасын өзі жасаған. Оның жобасы бойынша 1748 жылы Петербург ҒА-ның Химия зертханасын салу құрылысы аяқталды. Қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін жасады. Ол ақын және суретші болған. Тарихтан, экономикадан, филологиядан бірқатар еңбектер жазған.
3.4 Роберт Гуктың ашқан жаңалықтары
Гук Роберт (ағылш. Robert Hooke;1635 - 1703) - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы, ағылшын Уайт аралында Фремуотер деген жерде жергiлiктi шiркеудiң аға попы жанұясында дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. Университеттегi мұғалiмдердiң бiрi Р.Бойльге эксперименталды зерттеулерiне ассистент (көмекшi) ретiнде Г. Роберттi ұсынады. Бойль мен Гук ынтымақтастығы нәтижелi болды.
1662 ж. Бойльдың көмегiмен Гук Лондонның Корольдiк қоғамына көрсетушi қызметiне орналасады. Бiрақта Гуктың басты мақсаты ғылыми зерттеулер едi. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кеиiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi.
Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кетедi, бұл ойлары үшiн ол жарықтың толқындық теориясын қалаған ғалымның бiрi болып саналады.
1666 жылдан бастап көп жылдар бойы Лондонның Корольдік қоғамына, әртүрлi жаратылыстану мәселелерiне арналған лекцияларын оқиды. Бұл лекцияларда Гук өзiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн және басқа ғалымдардың еңбектерiне анализдерiн баяндайды. Лекцияларының бiрi серпiмдiлiк мәселерiне арналды. Серпiмдiлiктiң түсiнiктемесiнiң кең түрде түсiнiк беруi (Гук терминi боиынша «қайтарушы күш») оны жалпы заңды орнатуға алып келдi, бұл заң Гук атымен аталады. Гуктың теориялық қорытындысы эксперименттермен дәлелденiлiп келетiндiктен оның серпiмдiлiк заңы ешқашан күдiк тудырмады.
Әйтсе де Гуктың жан-жақты ғылыми қызығушылығының терiс нәтижелерi де болды. Ол өзiнiң зерттеулерiн жиi аяғына дейiн жеткiзбейтiн, мысалға, Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңына негiз салған болатын, Гук 1674 ж. Ньютонның көз қарасына сәйкес көз қарастары жарияланған.
Бiрақта ғылымға деген шынайы берiлгендігi арқасында, өзiнiң қиын мiнезiне қарамастан Гукты Англияда ғана емес, Еуропада да құрметтейтiн.
3.5 Роберт Браун
Броун Роберт (Brown, Robert) (1773 – 1858), ағылшын ботанигi, 1773 жылы 21 желтоқсанда Монтроузда (Шотландия) дүниеге келдi. Абердинск және Эдинбург университеттерiнде (1789 – 1795) медицинадан бiлiм алады. Бес жыл бойы Британ армиясында хирургтың ассистентi болып жұмыс iстедi. 1798 жылы Лондонда Корольдiк қоғамының президентi Дж.Бэнкспен танысып, кейiннен оның ұсынысы бойынша 1801 жылы Австралияға баратын экспедицияға қатысуға шақырылды. 1805 жылы 4000 астам түрлi өсiмдiктер коллекциясымен Англияға оралды. 1810 жылы Австралия флорасына арналған еңбегi жарық көрдi. Сол жылы Бэнкстың жеке кiтапханашысы болды. Ол қайтыс болғаннан кейiн 1820 жылы оның кiтапханасы және барлық коллекциялары мұра етуi бойынша Броунға өмiр бойы иеленуге берiлдi. 1827 жылы ол олардың бәрiн Британ музейiне тапсырып, оның ботаника бөлiмiнiң сақтаушысы болды. 1849 жылдан 1853 жылға дейiн Броун Линнеевск қоғамының президентi болды.
Броунның негiзгi еңбектерi морфология мен өсiмдiктер систематикасына арналған. Ғалым алғаш рет тұқым шоғыры құрылымын жазып шықты, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсiмдiктер арасындағы ерекшелiктi (1825ж.) орнатты, жоғарғы сортты өсiмдiктердегi жыныстық тозаңдану процесiн байқады. Бөлшектердiң табиғатын микроскоппен бақылап, тыныштықтағы суда олардың кез келген жаққа бейберекет қозғалыс жасайтынын (1827ж.) байқады. Сонымен қатар, кез-келген басқа бөлшектердiң де суспензиясы дәл сондай сипатта екенiн көрсеттi. Бұл құбылыс кейiннен броундық қозғалыс деген атқа ие болды. 1831 жылы Броун өсiмдiк клеткасының ядросын зерттеп жазды.
Броун 1858 жылы 10 маусымда Лондонда қайтыс болды.
2.6 Демокриттің атомға көзқарасы
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:
Сезім арқылы танып-білу,
Ақылмен танып-білу.
Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.
Кіріспе
«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
3.7 Ньютон әлемі
1642 жылы дүниеге келеді. Ол туғанда әлжуаз және кіп-кішкентай болған екен. Ол тұйық, биязы, елден ерек болғанымен, өте кемеңгер адам болған. Оның аты – Исаак Ньютон.
1666 жылы Ньютон Англияның біраз жерін жайлаған індеттен сақтанып, анасының фермасына барып тұрақтайды. Бір күні ол үй маңындағы жеміс бағындағы ағаштан алманың құлап түскенін көреді. Алманы жерге тарқан күш Айды да тартып тұрған болар деген ойға кетеді.Ньютонға дейін ешкім де Жерді айнала қозғалып жүретін Айды немесе күнді айнала қозғалып жүретін планеталарды қандай күш тартып тұратынын білмеді. Ерте кезде адамдар қозғалысы құдайдың қолында деп есептеген. Ньютон шындықтың көзін ашып берді. Ньютон планеталар Күннің тартылыс күшінің әсерімен орбитада көлбеу сызықты қозғалыс жасай отырып айналатынына көз жеткізеді. Ол тартылыс күшін есептеп шығарды және Әлемдегі барлық нәрселердің қозғалысын басқаратын үш қозғалыс заңын әзірледі. Бұл ең үлкен ғылыми жаңалық болды.
Исаак Ньютон адамдардан көңілі қалып, көп уақытын жалғыз өткізеді. Мектепте достары да онша көп болмады. Ньютон бос уақытында ойыншықтар құрастырумен шұғылданды. Әсіресе, оның кішкентай жел диірмені балаларды ғана емес, үлкендерді де тандандырды.
3.8 Архимед туралы аңыз.
Гректердің Архимед деген ақылды адамы болған. Ертедегі грек ғалымы, физик және инженер. Архимед соғыс қондырғыларын және сұйық ішіндегі денені кері итеруші күшті анықтады. Бір күні Гиерон патша алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынау үшін тәжді бұзбай, оның ішінде арзан металдардың қоспасы бар-жоғын білуді Архимедке тапсырады. Тәжді таразыға тарту қиын емес, бірақ оның көлемін қалай табу керек? Архимедті қиналтқан осы болды, өйткені тәждің формасы өте күрделі еді. Бұл мәселені шешу үшін Архимед көп әуреленеді. Бір жолы ол толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде оның ойына кенеттен әлгі мәселенің шешуі келеді. Өзінің табысына шаттанып, қуанған Архимед : «Эврика!», яғни «Таптым!»,-деп айқайлап жібереді. Соның нәтижесінде Архимед тәждің көлемін тауып, оның тығыздығын есептеп шығарады. Тығыздығын білген соң патшаның сұрағына жауап береді. Аңыз бойынша , тәж металының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шыққан екен. Сонымен ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғылым қазынасына тамаша табыс қосылды.
Архимед өте тапқыр болған. Ол-математикалық еңбектері өз заманынан озық түскен ұлы ғалым. Архимед рычаг заңын, қорытпа құрамын анықтау тәсілін тапты, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын соғыс қондырғыларын ойлап шығарды. Бұл тәсілдерін машиналар жасауда пайдаланды.
3.9. Б.Франклинді есеңгіреткен найзағай.
Домалақ найзағайың жұмбақтары
Сызықты найзағайдың табиғаты баяғыдан түсінікті болса, домалақ найзағайдың табиғаты әлі де жұмбақ. Домалақ найзағай күн күркіреген кезде (үнемі емес) пайда болып, кейде кәдімгі найзағайдың соққысынан кейін пайда болады.
Найзағайды зерттеу тарихынан
Байырғы адамдарға түсініксіз құбылыс қатты әсер етті. Тынымсыз еңбектің арқасында зерттеушілер найзағайдың табиғаттан тыс құбылыстар екендігін анықтады. Найзағай құбылыстарының электрлік табиғаты XVIII ғасырдың ортасында дәлелденді . Американ ғалымы Вениамин Франклин күн күркілеген сәтте жоғарыға электр ұшқынын анқытау үшін металл өткізгішпен жалған батпырауық жібері. Франклинге ауа қабатындағы электр заряды кәдімгі электр заряды секілді болып көрінді. Найзағайдың электр табиғатын дәлелдеген ғалымдардың қатарында М.В.Ломоносов пен оның досы Г.В.Рихман да болды.
1752 жылдың жазында олар күркіреу кезін бақылайтын машина құрастырды. Ломоносовтың үйінің шатырына жекеленген ұзын темір сырғауыл орнатып, түбі тұрғын үйдің ішіне кіріп тұрды. Сырғауылдың төменгі түбіне темір сызғыш бекітіліп, жоғарғы жағына жібек жіп байлады. Осындай машина Рихманның үйіне де орнатылды. Күркіреу бола бастағанда металлдан жасалған сырғауыл мен жіп байланған сызғыш заряд алды, және жіп , одан тебіле отырып біршама бұрышқа ауытқыды. Күркіреу жақындап , қатайған кезде сызғыштан ұшқын шыға бастады.
Осындай тәжірибелерді зерттеу кезінде 1753 жылы Рихманға домалақ найзағай түсіп қайтыс болды. Осы шатырлаған найзағай ойнаған сәтте Ломоносовта өз үйінде тәжірибе жасаған екен. М.В.Ломоносов : «Кенеттен күн күркіреп , дәл осы мезетте қолыма темір ұстап тұрғанда ұшқын сатырлады. Меннен бәрі аулақ кетті.» Бірнеше минуттан кейін Ломоносов Рихманның жай түсіп қайтыс болғандығын естейді.
Сызықты найзағай
Кәдімгі (сызықты) найзағайдың разряды 0,1-0,2 с дейін созылады және бірнеше серпіліс туғызады. Серпілістер бірінен-бірі бөлек аз уақыт ішінде (50 мс ішінде) , ағын түріндегі найзағайлар ток тасымалдамайды.
Бірінші серпіліс сатылы басшы ретінде –бұлт пен жердің арасындағы (екі бұлт арасындағы) плазмалық каналдың туындауына әкеп соғады. Бұл үрдіс 10-20 мс уақыт аралығында өтеді, әдетте ол бұлттан басталып жерге дейін таралады. Канал құрылып болғаннан кейін , одан ток аға бастайды (соққы қайтып оралады), ток күші 10-20 мың амперге дейін барады. Өте тез уақыт аралығында соққы қайтады, осыдан соң ток тоқтайды ,пайда болған канал ыдырайды. Оның температурасы 20-30 мыңнан бірнеше мың градусқа дейін төмендейді , иондалу дәрежесі де төмендейді. Каналдың жарқырауы бірден төмендейді. Бірақ біз оны байқай бермейміз, өйткені 30-60 мс аралығына жаңа серпіліс пайда болады.
Екінші серпіліс бұрыңғы қалпына келгеннен кейін басталады. Бұл үрдіс , бірінші серпіліске қарағанда аз уақытта (1-2 мс ішінде) өтеді. Қайтадан соққы қайтып орындалады. Бұл үрдіс 3-4 рет қайталанып барып тоқтайды.
Бұлттар мен жердің арасындағы потенциалдар айырымы жүздеген миллион вольт , ал сызықты найзағайдың каналының ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Әрбір серпілісте 3-4 Кл заряд тасымалданады, бір разряд кезіндегі жалпы заряд орта есеппен 10-20 Кл. Найзағайың разрядының әсерінен бірнеше миллиард джоуль энергия болса , ал әрбір серпілісте 5*108 Дж шамасында энергия бөлінеді . Қайтып оралған соққы аз уақытта болғандықтан, оан бөлінген қуат аса үлкен мөлшерде алпауыт мәнге , яғни 1011-1013 кВт қа тең болады.
Жердің үстіңгі қабатындағы электр өрісінің кернеулігі әдеттегі жағдайда шамамен 100 В/м ге тең , ал найзағай кезінде 104В/м –ге дейін жетеді.Бұлттардағы электр өрісінің кернеулігі үлкен болуы мүмкін, бірақ ол артпайды 3*106В/м , бұл шама құрғақ ауадағы атмосфералық қысымда байқалады. Әдетте бөліну бұлттан басталып жерде таралады. Жетекші каналдың көрінетін диаметрі 1м, бірақ тоқтың негізгі бөлігі қайтқан соққы кезінде сүйір канал болып 1 см ағып өтеді.
Шар найзағайды зерттеу тарихы
Дөңгелек найзағай туралы бізге не мәлім екендігін байқайық. Бірақ ойға күдік тудырады. Көбі бұл құбылыстың бар екендігіне күмәнмен қарайды. Дөңгелек найзағай біздің өй өрісімізде із қалдырғандығы туралы болжам бар, пайда болған нысананы көзің ішкі тор қабығы әдеттегі найзағайдың жарқылы ретінде сезінеді. Шынығында дөңгелек найзағай бірсыпыра жағдайларда көрінді және сызықты найзағай жақын емес разряд тудырды және оны біруақытта бірнеше адам бақылап суреттеді. Дөңгелек найзағайдың түсірілген фоталары өте аз , нақты дәлдікпен түсірілмеген.
Біздің дөңгелек найзағай құбылысы туралы басты және әзірге жалғыз деректеме , көзбен көрген бақылаушылар ғана болып отыр. Соңғы жүзжылдық ішінде дөңгелек найзағайды байқаған 1000 нан астам оқиғалар тіркелді. Дегенмен бұл куәгерлердің көпшілігінің нақтылығын бағалау қиын.
Өткен ғасырдың бірінші жартысында француз физигі Араго зерттеу барысында 30-ға жуық шар найзағай туралы мәлімет жинақтады. 60-шы жылдарда АҚШ-та осы найзағайды байқаған адамдардан сауалнамалар алынды. «Наука и жизнь» журналы оқырмандарына шар найзағай туралы сауалнамаға жауап берулерін сұрады. Эксперимент сәтті болды. Шар найзағай туралы мағлұматтар табылды.
Шар найзағайдың қасиеті
Шар найзағай шар тәріздес , диаметрі бірнеше сантиметрден бір метрге дейін жетеді. Жиі кездесетін найзағайдың диаметрі 10 нан 30 см-ге дейін болды. Найзағай бірнеше секундқа дейін жетті.
Шамамен 50% жағайда шар найзағай жарылып, үлкен шығынға ұшыратқан. Кейбір жағдайларда ол ыдырап жан-жаққа тарайды немесе тыныш қана сөнеді. Бірден сөнген кезде еш із қалмай қалады, тек біраз тұман байқалады. Кей жағдайларда ағаш бөренені жарып жібереді. Электр резеткасын жағып жіберу жиі кеpдеседі. Шар найзағай су толы үлкен ыдысқа түсіп , нәтижесіне су қайнап кеткен. 18 л судың 1 л буланып қалғаны қайнаған.
3.10 Совет Исатаев – физика ғылымын әлемге танытқан
жаңашыл физик.
Əр сала мен мамандықтың бетке ұстар білікті мамандары болатыны ақикат. Қазақстан Республикасының ғылымы да бүгіндері əлемдік денгейде
иык тірестіре аларлык дəрежеге жеткені тағы мəлім. Ал мұндай жетістіктер
мен табыстарға біздің кеше де, бүгін де, ертең ле мақтанарлықтай тұлғаға
айналған ғалымдарымыз айрықша үлес қоскандығын қалай айтсақ та қисыны
бар. Қазақстандық физика ғылымын əлемге танытқан сондай ғалымдардың
бірі - Совет Исатаев. Оның есімі еліміздегі ғана емес, дүние жүзіндегі
танымал физик-ғалымдардың қатарында аталатындығын екінің бірі біле
бермес. Өйткені табиғатынан қарапайым Сəкең «мен осындаймын, қазақтың
атын шығарған мынандай физиктерді баулып, тəрбиеледім», . деп
мақтанған адам емес. Сондықтан болар, ол кісінің еңбектері мен ашқан жаңа-
лықтары жəне қазақстандық физика ғылымын дамытудағы қыруар еңбегі
туралы білетіндер, көбінесе, физиктер ғана. Ал басқа мамандық иелері
Сəкеңді тек физик-ғалым ретінде ғана танып, оның осы бір ғылыми атағының
астарында жалпақ жұртқа беймəлім сырлар жаткандығын біле бермейді.
Еліміз егемендік алып, төрткүл дүние танып жатқан шақта жəне Сəкең
жетпістің қырқасына шығып отырған сəтте жылдар бойы айтылмай келген
бар шындықты сыр қылып, жыр қылып айтудың реті келіп-ақ тұр...
Совет Исатайұлы Қарқаралы ауданы «Совет» колхозында 1932 жылы
дүниеге келген. ұлы Отан соғысы жылдарында бұғанасы бекімей жатып
еңбек майданына қызу араласты. 1945 жылы 13 жасында колхозда ұста
болып еңбек етті. 1950 жылы Қарқаралы қаласындағы орта мектепті
бітіргеннен соң Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика
факультетіне түскен болатын. Міне, сол жылдардан бастап Сəкең физика
ғылымының құпиясы мен сырын терең меңгеруге біржола бет бұрған
болатын. Жарты ғасырдан астам өмірін бір ғылымға арнап, оның үстіне
қатардағы жай ғалым ретінде емес, білігі мен білімін мойындататындай еңбек
сіңірген айтулы ғалым болды.
Сəкең ғылыммен біржола айналысқан жылдары одақ қауіпсіздігін сақтау
жəне мемлекеттік құпия белгісімен ерекшеленетін ғылым салалары бойынша
басқа ұлт ғалымдарын қатыстыру, ғылыми жұмысқа тарту мүлдем
болмайтын. Бола қалғанның өзінде өте сирек кездесетін. Оның өзінде сол
ғылым саласына бейімі мен ынтасы айрықша ғалымдар ғана
қатыстырылатын. Бұл, кеше айта алмасақ та бүгін нақты дəлелдермен атап
көрсететін ащы ақиқат. Сəкең, міне, сондай шектеушіліктер мен талаптардың
бəрінен өтіп, отыз жылдай бұрын қазақ физиктері арасынан ракеталық-
космостық техниканың бас конструкторы С.Королев атындағы "П/я - В 8685"
іргелі бас институтының тапсырмасы бойынша ауқымды ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізу құқығына ие болған басқа ұлт өкілдері арасындағы
ғалымдарының бірі болды. Міне, сол уақыттан бері Сəкең тапсырманы
ғылыми негізде ықтияттап орындаумен қатар, осы салада одақтың мүйізі
қарағайдай ғалымдары мойындаған бірқатар жаңалықтар енгізді, жаңа үрдіс
қалыптастырды. Сəкең осы зерттеулерінің негізінде КазМУ-дің физика
факультеті жанынан сұйық азотпен қамтамасыз ететін криогенді лаборатория
ашты. Бұл сол жылдары Қазақстанда тұңғыш еді. Бүгінде осы лаборатория
өнімдерін Алматының барлық дерлік кəсіпорындары пайдалануда.
Сəкеңнің ғылым жолындағы шыққан биігі мен жеңісі оның жан-жақты
білімдарлығы мен өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігінің жемісі. Ол
аспиранттан бастап факультет деканына дейінгі жолдап өтті.
1990 жылы Совет Исатайұлына КСРО Жоғары аттестациялық
комиссиясының шешімімен ұзақ жылғы жемісті ғылыми жəне педагогикалық
еңбегі үшін профессор ғылыми атағы берілген болатын. Ал мұндай құрметті
атақ қазақ ғалымдарына оңай берілмейтіндігі тағы мəлім.
Сəкеңнің жалпы жұртшылық біле бермейтін тағы бір қасиеті бар. Ол 1969-
1972 жылдары физика факультетінің деканы болып жүргенде талантты қазақ
жастарын физика ғылымы саласына бейімдеуге айрықша еңбек сіңірді.
Оларды физика ғылымының беймəлім кыр-сырларына терең үңілуге
баулыған қажырлы еңбегін бүгіндері осы ғылым саласының ғалымдары
болып отырған талай азаматтардан жиі естиміз. Ол өзі тəрбиелеп, оқытқан
білімді шəкірттерін кезіндегі Одактың іргелі жоғары оқу орындарына
мақсатты аспирантураға жіберіп, айрықша қамқорлық, ұстаздық ұлағат
көрсете білді. Сол аспиранттардың басым бөлігі бүгіндері физика ғылымы
саласындағы білікті ғалымдар болып шықты. Кешегі коммунистік
идеологияның күшіне еніп тұрған қатал кезеңінде қазағының келешегін
ойлап, қазақ жастарының болашағына бағыт-бағдар беру екінің бірінің
қолынан келе бермейтін ерлікпен пара-пар. Сол шəкірттері ұстаздың еліне
деген патриоттық сезімін дұрыс ұғына отырып, ол көздеген биіктен көріне
алды. Солардың қатарында Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым
академиясының мүше-корреспонденттері, профессорлар М.Əбділдин,
Ф.Бəйімбетов, Ш.Сəрсембинов, Жоғары Мектептер Халықаралық ғылым
академиясының академигі Т.Қожамқұлов жəне тағы басқалары бар.
Сонымен бірге, С.Исатаев жоғары білікті маман кадрлар даярлауда да өз
əріптестеріне көрсетер үлгі-өнегесі мол ұлағатты ұстаз бола білді, болып та
келеді. Оның шəкірттері арасынан төрт адам ғылым докторы атанды. Олар
бүгінде КарМУ-дің ректоры, техника ғылымдарының докторы, Жоғары
Мектептер Халықаралық ғылым академиясының академигі, профессор
Ж.Ақылбаев, осы университеттің ғалымдары Қ.Құсайынов,
А.Тұрмұхамбетов. Ал алматылық ғалым Зейнолла Жаңабаевтың есімін
ғылыми жаңалығымен дүниежүзін мойындатқан санаулы ғалымдардың бірі.
Оның есімімен бүкіл қазақстандықтар мақтана алады. Сəбең өз шəкірттері
арасынан 23 ғылым кандидатын тəрбиелеп шығарды, олардың арасынан тағы
да қаншама ғылым докторлары шығатындығына ешқандай күмəн жоқ.
С.Исатаев есімі кешегі одақ көлеміне таныс болғандықтан, ол қатыспаған
халықаралық жəне бүкілодақтық симпозиумдар мен конференциялар жоқ
десек те болады. Ол жасаған зерттеу тəжірибелерінің қорытындылары көпте-
ген халықаралық монографиялар мен оқулықтарға енген. Əсіресе
аэродинамика жəне жылумассаалмасу саласындағы еңбектері өзінің тұңғыш
зерттеу нəтижелерімен құнды.
Сəкең тəжірибелік аэродинамика жəне жылу физикасы саласындағы
бірегей ғалымдардың бірі. Ол цилиндрді жəне басқа да денелерді ауа мен
сұйықтың жанап ағып өту физикасының құпиясын анықтаған. Бұл тақырып
бойынша оның көптеген шəкірттері талай жаңалықтар жасады.
Сəкеңнің ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің нəтижесі мынадай: 230-дан
астам ғылыми мақала мен монография, 8 оқу-əдістемелік құрал жазған. Ол
физика мен астрономия бойынша қазақ-орыс жəне орыс-қазақ
терминологиялық сөздігін жасаған авторлар ұжымының жетекшісі болды.
Өзінің студенттік шағында-ақ ғылымға бейім, əрі талапты жас екендігін
аңғартқан Сəкеңнің жасаған ғылыми жаңалықтары Қазақстан тарихында
өзіндік орынын алып отыр. Соның бірі 1953 жылы жасаған ел тарихындағы
тұңғыш аэродинамикалық труба. Ол 1959 жылы үлкен жылдамдыққа дейінгі
аэродинамикалық трубаға ұласты. Оны жерлес ғалымымыз 1978 жылы
Қарағанды мемлекеттік университетіне тарту еткен болатын. Бүгінде сол
труба оқыту жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланылып жүр. Демек,
қарағандылық студенттер арасынан да Сəбең секілді білікті ғалым шығуға
мүмкіндік жасалғаны ғой. Қашанда қазақ жастарының болашағын ойлауды
мұрат тұтатын Сəкеңнің бұл кадамын ерлікпен теңестірсек несі айып. Сəкең
осы жасаған ғылыми жаңалықтары негізінде дыбыстан жоғары
аэродинамикалық труба жасаған болатын.
Совет Исатайұлының тек физика ғылымы саласында ғана емес, қазақтың
мəдени тарихына да қалдырған ізгі мұрасы талай ғасырдар бойы
айтылатындығы ақиқат. Совет Исатайұлы үшін 1979 жылы Қызылорда
жерінде тұрғызылған ғұлама бабамыз Қорқытқа салдырған ғажайып
ескерткішінің орны тіпті бөлек. Бұл жай ғана тұрғызыла салынған ғимарат
емес, оның үнемі желдің əсерімен Қорқыт бабаның күйі сарындас дыбыс
шығарып тұратындығын жақсы білеміз. Бұл оңай жасалына салынған
жаңалық емес. Ол Сəкеңнің үйқысыз өткен түндері мен ғалымдык терең
зерделілік еңбегінің жемісі. Міне, ғасырлардан ғасырларға жетерліктей
осындай тарихи мұра . жел қобыз жасаған Сəкең қандай құрметке
болмасын лайық.
Қазақ физик-ғалымдарының атасы аталып, əрі жол нұсқаушысы құрметіне
бөленген, ұлт жастары арасынан елімізге ғана емес бүкіл əлемге танымал
білікті мамандар даярлаған, əрі қазақстандық физика ғылымы саласын өрге
сүйреп, талай тың жаңалықтар енгізген, елі мен жерінің нағыз патриоты,
бүгінде 70 жасқа толып, мерейтойы ортақ қуанышымызға ұласқан . Совет
Исатайұлы, міне, осындай жан.
Достарыңызбен бөлісу: |