4.3 Инерциялық және от алатын ойыншықтар
Кішкентай кезімізден біз от алатын ойыншықтарды жақсы көретінбіз (от алатын ойыншықтарды көрсету). Бұл ойыншықтар неліктен қозғалады? Олардың біреуінің құрылысын қарастырайық. Бұл ойыншықтардың ішкі жағында серіппе болады. Жиырылған серіппе потенциалдық энергияға ие, сол энергияның әсерінен машина жұмыс істейді.
Тәжірибе. Серіппені тұрғының металл стерженіне орналастырамыз. Оны қысып, жіппен байлаймыз, жіпті сіріңкемен жақсақ, серіппе жоғары ұшып кетеді. Серіппе жылдамдыққа ие болады. Себебі оның потенциалдық энергиясы кинетикалық энергияға айналады (энергия туралы түсінік беру).
Достарыңызбен бөлісу: |