4.4 Дыбыстық ойыншықтар.
Біз дыбыстар әлемінде өмір сүреміз. Біз қай жерде болсақ та әртүрлі дыбыстар естиміз. Мысалы, кішкентай кезінде балалар сылдырмақпен ойнайды. Бұл олардың ең алғашқы ойыншығы. Мына ойыншыққа қараңдаршы! Егер тесікті бір саусақпен жауып, ойыншықты үрлесек дыбыс естілмейді. Саусағымызды алып ойыншықты үрлесек , әртүрлі дыбыстар естиміз. Бұның себебі не екенін білгілерің келе ме?
Тәжірибе: Камертонды балғамен ұрсақ дыбыс шығарады. Дыбыс шығарып тұрған камертонға кішкентай жіпке ілінген шарды жақындатайық. Камертонның тармақтары оны өзінен итереді. Бұл камертон тармақтарының тербеліп тұрғанын көрсетеді. Камертон тербелісін тоқтатқанда дыбыс жоғалады. Тербеліп тұрған дене дыбыстың көзі болып табылады. Біз қарастырған ойыншықта дыбыстың көзі тербеліп тұрған ауа. (интернеттен видиороликтерді көрсету)
Достарыңызбен бөлісу: |