Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
БЖБ өткізу нысаны ( бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс,жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7-15 балдан артық емес. 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болу керек.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына 2 реттен артық жүргізілмейді.Қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
БЖБ тоқсанына 3 реттен артық өткізілейді.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11 сыныптарда оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 2- кестеде көрсетілген.
2-кесте. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9 сыныптарда және 10-11 сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді.
Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9 сыныптар мен 10-11 сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында оқылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жиынтық бақылау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 17,18 тармақтар).