Түсінік хат «Қазақстан тарихы» оқу пәні



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі20,96 Kb.
#161456
  1   2
Байланысты:
Түсінік хат дайын
ref, n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Иррационал өрнектерді түрлендіру, ДӨТ 9 тақырып Өтегенова А. глоссарий, англ флажок, metod gidrataciya, Шабдалы А.Алматов

Түсінік хат
«Қазақстан тарихы» оқу пәні
1.Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11 сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті пән ретінде оқытылады.
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бектілген Үлгілік жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдап алады. Сондықтан Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәніне оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
2022/2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 2019 ж. 26 шілдедегі №334,2019 ж. 7 наурыздағы №105 және 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (жаңартылған мазмұндағы және оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылады.
2022/2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы №496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы;

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім бері деңгейіндегі «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.


Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім бері деңгейіндегі «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі кестеде берілген.
5-11 сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 1-кестеде.

Сынып

Оқу пәнінің атауы



Жалпы жүктеме, сағат



Үлгілік оқу жоспары



Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесі)

Апталық

Апталық

Апталық

Жылдық

5



Қазақстан тарихы

2

72

2

72

6

Қазақстан тарихы

2

72

2

72

7

Қазақстан тарихы

2

72

1

36

8

Қазақстан тарихы

2

72

1

36

9

Қазақстан тарихы

2

72

1

36

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәнінен тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады.
Оқыту келесі түсініктер негізінде құрылуы тиіс:

  1. өзгеріс және сабақстастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)

  2. себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  3. дәйек (белгілі бір тарихи кезеңнің өнері бізгі құндылықтар бере алады.

  4. ұқсастық пен айырмашылық ( мысалы, 13-15 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысы)

  5. маңыздылық ( мысалы, Қазақ хандығының құрылуы)

  6. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды.

«Өлкетану» материалдарын оқыту:
-білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру
-туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары туралы білімдерін кеңейту
-туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәлениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу
Өлкетану материалдары 5,6,7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілген. Оқу бағдарламасына сәйкес тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет