Түсінік хат Қазақстан тарихы


) 5-11 сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат



бет2/21
Дата25.08.2022
өлшемі0,55 Mb.
#148234
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2021-2022 ктп

1) 5-11 сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

1) "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;


2) "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
3) "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;
4) "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.
5) "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
6) "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
5- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.
Баспасы: НИШ Астана -2017, Оқулық авторлары: С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағмұмова, А.М. Марқабаева
6- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.
Баспасы Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары: Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова, Қ.Қ.Сүлейменова
7- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.:
Баспасы Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары:З.Е.Қадылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бисенбаева.
8- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.
Баспасы Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары:З.Е.Қадылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бисенбаева.
9-сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды:Алматы Атамұра -2019,Авторлары: З.Е.Қабылдинова,М.Д.Шаймерденова,Е.М.Куркеева
10-сынып Қазақстан тарихы мынандай оқулықтармен оқиды Алматы Мектеп-2019 Авторы З.А.Джандосова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет