ТҮСІНІК ХАТ
Бағдарламаның мақсаты
– қазақ әдебиеті пәні бойынша білім деңгейін
тексеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынандай
міндеттерді
шешу
кӛзделді:
– қазақ әдебиетінің тарихы бойынша қарастырылуға тиісті тақырыптар,
олардың теориялық және практикалық маңызы, әдеби шығарманы зерттеу
тәсілдері, әдебиет тарихының кезеңдері, әдебиеттанудың салалары жӛнінде
терең білуі;
– әдебиеттанудағы негізгі ұғымдарды, оның қажеттілігін, зерттеу
нысандарын, қарастыратын мәселелерін, қазіргі ӛзекті ғылыми мәселелерді
оқып-үйренудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін
танудың мүмкіндіктерін білуі қажет;
– әдебиеттану салаларына қатысты терминдер мен ұғымдардың мәнін
терең түсіну, әдебиеттің тарихи қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен
байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой-сананы оятудағы міндетін
атнып, білу, әдебиеттің даму сипатын, қазіргі әдеби үдерісті, қазақ
әдебиетінің халықаралық байланыстарын, әдеби аударманың теориялық
мәселелерін жтеік білуі тиіс;
– Әдебиеттегі ірі шығармашыл тұлғалардың ӛзіндік қолтаңбасын
саралай білу, әдеби туындыларды талдау арқылы оның эстетикалық мәнін,
тақырыптық-кӛркемдік сипаттарын таныта білу,
– кӛркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игерту,
әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті білімді меңгерту, әдеби
туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алуға, жан-жақты талдауға
үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |