Пән атауы:
|
Педагогика
|
Топ:
|
22 б
|
Оқытушы:
|
Байтөреева Ж.Ш.
|
Күні:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ақыл-ой тәрбиесі.
|
Сабақ мақсаты:
| |
Білімалушыларға ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттерін түсіндіру, негізгі ұғымдардың мәнін ашу.
| |
Жаңа тақырыпты өту барысында білімалушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, жұбының ойын тыңдап, оны сыйлауға,өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу.
| |
Білім алушылардың ақыл-ойын дамыту, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, интеллектуалдық белсенділігін дамыту
|
Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиясы:
|
СТО тірек-сызба, баяндау әдісі, ой қозғау, ақпарат беру, еркін жазу
|
Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:
|
Ноутбук, интерактивті тақта, Таратпа материалдар, педагогикалық жағдаяттар
|
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
1.Ш.Құрманалина «Педагогика»
2. Ж.Б.Қоянбаев «Педагогика»
3. С.Ш.Әбенбаев «Педагогика»
|
Қосымша әдебиеттер:
Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиясы»
І.Сманов,А.Оңғарбай «Педагогика» Шымкент-2005ж
|
Сабақ барысы
|
Сабақ барысындағы оқытушы іс-әрекеті
|
Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті
|
Қажетті оқу-ресурстық құралдар
|
1
|
3
|
4
|
5
|
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
|
Сәлемдесу
Оқушылардың қажетті оқулықтар және оқу-құралдарымен қамтамасыз етілуін, сабаққа дайындығын тексереді;
«Поэзиялық бөлініс» топқа бөлу әдісі
Білімалушыларға ақыл- ой тәрбиесі туралы мақал - мәтелдер жазылған қимақағаздар беріледі. Білімалушылар берілген мақал - мәтелдерді құрастырып топтасады.
I – топ. Ойға қонған ой өлмейді
Ой да тұтқындалады.
II – топ. Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
III - топ. Ақыл — гауһар бағасыз,
Ақымақ — ауру дауасыз.
|
Сәлемдесу
Оқу әдебиеттері, сөздіктерді және оқу құралдарын дайындайды;
Кезекші есебін береді;
«5 Т» ережесін сақтау
-тәртіп;
-татулық;
-тазалық;
-талап;
-тыныштық.
Білім алушылар қимақағаздардағы сөздерді құрастырып 3- топқа топтасады.
|
«Ақыл - ой тәрбиесі »
тақырыбындағы
слайд
Сөздер тізбесі
|
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс)
|
«Жуан, жіңішке сұрақтар» стратегиясы
Тәрбие дегеніміз не ?
Тәрбиенің міндеттерін атаңыз?
Тәрбиенің мақсаты дегеніміз не ?
Болашақтағы біз тәрбиелеген ұрпақ қандай?
Жеке тұлға дегеніміз не?
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері?
Этикалық әңгіме дегеніміз не ?
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру дегеніміз не ?
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі формасы?
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар?
Педагогикалық талап дегеніміз не ?
|
Білімалушылар «Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары» тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р. Ильясова «Педагогика», Астана -2012
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев «Педагогика», Алматы, 2002 жыл.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |