Түсінік хат.
«Цифрлық сауаттылық»
3-сынып
2020-2021 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгерді.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету болып табылады. 2020-2021 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» бірінші рет 1-сыныпта 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақтан өткізіледі. 2021-2022 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 1, 3 және 4-сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (188-2к қосымша) сәйкес жүргізілетін болады.
3-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер» компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру.; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнінің бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білімалушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |