Түсінік хат. Химия. 9-сынып



бет1/2
Дата17.11.2023
өлшемі27 Kb.
#191693
  1   2
Байланысты:
9 cынып бойынша химия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар
№ 3 есеп Ақан Аяжан ИРК211, 215122, 213049, «Физика» п нінен

Түсінік хат. Химия. 9-сынып
9 cынып бойынша химия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы 10 сəуірде № 8424 тіркелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес құрылды.
Оқытудың мақсаты: қоршаған əлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты жəне шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге жəне қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тəрбиелеу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1) əлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту жəне олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
4) заттарды танудың химиялық əдістерін меңгеру;
5) заттардың сандық жəне сапалық құрамын анықтауда жəне олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тəжірибелер жүргізудің əмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мəселелерді шешудегі химияның өскелең мəні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
8) өмірлік жəне экологиялық мəселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
Қазақстан Республикасының МББС сәйкесті химия пəні бойынша аптасына оқу жүктемесінің көлемі: 9-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан. Көрсетілім саны – 4; зертханалық жұмыстар – 10; сарамандық жұмыстар – 3; бақылау жұмысы – 4. Сарамандық жұмыстар, бақылау жұмыстары түгел бағаланады.
Оқулық авторы: 1. Н.Нурахметов, К.Джексембина Алматы «Мектеп»2013
2. М.Усманова, Қ Сақариянова Алматы «Атамұра» 2013

9-сынып. Химия. (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет